166
5. Спортқа дене шынықтырудың құрамдас бөлігі ретінде сипаттама беру,
спорттық
жаттығулардың мәнін, оның мақсатын, міндеттерін, өзіне тән қағидаттарын, мазмұнын,
құрылымын және жоспарлау мен басқару технологиясын ашу.
6. Мамандарды даярлаудағы
пәннің рөлі мен маңыздылығы, оны оқу үдерісіне
енгізудің объективті қажеттілігі негізінде дене шынықтыру туралы ғылыми-практикалық
білімдерді меңгеру арқылы қоғамдық құбылыс ретінде тани отырып, адам өмірі мен
қызметіндегі білім, тәрбие, өндіріс, күнделікті тұрмыс, демалыс және қалпына келу,
спорт
пен мәдениет құндылықтарын арттыруға арналған өзіндік мәдениетін тереңдету арқылы
оны кеңейте түсуде.
«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» оқу пәні жоғарғы кәсіби білімнің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дене мәдениеті теориясының қазіргі
тұжырымдамалары негізіндегі білімнің, біліктілік пен дағдының ең аз көлемін ұсынады.
Бұл бағдарламаның құрылымы үш бөлімнен тұрады:
1.
«Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері».
Бұл жерде оқу
пәнінің элементтері қарастырылады, яғни, пән, оның негізгі ұғымдары, дене шынықтыру
білімі мен тәрбиесінің әдістері мен құралдары. Спорт пен дене шынықтырудың қоғамдағы
негізгі түрлері мен қызметтері қарастырылады.
2.
Дене шынықтырудың жасерекшелік негіздері. Мұнда ерте жастағы, мектепке дейінгі
және
мектеп жасындағы балалар, студент жастар мен ересек тұрғындардың дене
тәрбиесінің негіздері жан-жақты талқыланады.
Курсты меңгеру барысында студенттерде келесі құзыреттіліктер қалыптасуы тиіс:
Достарыңызбен бөлісу: