224
Алматы
БАСКЕТБОЛДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
1 МОДУЛЬ. БАСКЕТБОЛ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Баскетболдың дене тәрбиесі жүйесіндегі, сауықтыру шараларындағы және
спорттағы алатын орны.
Баскетбол мамандануы. Біліктілікті талаптар мен бақылау
нормативтерінің ғылыми-
әдістемелік негіздемесі.
1.2 Спорттық біліктіліктер мен атақтар беру бойынша баскетболшылардың дене,
техникалық-тактикалық даярлығына қойылатын талаптар.
Дене тәрбиесі саласы бойынша жоғары оқу орындарында (дене тәрбиесі
факультеттерінде) білікті мамандарды (оқытушылар мен жаттықтырушыларды)
даярлау -
баскетболды дамытудағы бірден-бір жағдай. Баскетбол жаттықтырушысына қажетті білім
мен ілімнің, дағдылардың мөлшері. Баскетбол ойынындағы техника қауіпсіздігі.
Баскетболшы гигиенасы. Жарақат алу себептері.
Курсты өту барысындағы оқу жұмысының бағдарламасы, оның ұйымдастырылуы мен
мазмұнына қойылатын емтихандық талаптар.
2 МОДУЛЬ. БАСКЕТБОЛДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
2.1 Баскетболдың спорттық ойын түрі ретінде пайда болуы және оның даму
кезеңдері.
Ресейдегі баскетболдың революция алдыңғы дамуы. Баскетболдың танымал бола
бастауы. Командалардың жарысы және спорттық деңгейі.
Кеңес Үкіметінің алғашқы жылдары КССРО-дағы баскетбол. Соғысқа дейінгі және
одан кейінгі жарыстарды талдау.
Қазақстандық баскетболшылардың КССРО біріншілігіне,
КССРО халықтарының
спартакиадасына, Орта Азия және Қазақстан Спартакиадасына қатысуы.
Қазақстандағы баскетболдың пайда болуы және дамуы.
Баскетбол кешенді республикалық спорттық шаралар бағдарламасында. Баскетбол
бойынша алғашқы қазақстандық
КССРО спорт шеберлері, КССРО еңбек сіңірген
жаттықтырушылары.
Қазақстан баскетболшылары –
Азия ойындары, Орта Азия чемпионаттары,
Олимпиадалық ойындар, Әлем, Еуропа, Халықаралық
студенттер ойындарының
жеңімпаздары.
Достарыңызбен бөлісу: