Жоғары педагогикалық білім


МОДУЛЬ. ОЙЫНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ



Pdf көрінісі
бет244/451
Дата24.11.2022
өлшемі6,57 Mb.
#159716
түріБағдарламасы
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   451
Байланысты:
Готовый-ТУП-в-типографию-с-испр.-08.12.-для-Бауржана-новый

 
3 МОДУЛЬ. ОЙЫНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ 
3.1. Гандбол ойынының сипаттамасы. Гандболдағы спорттық терминология. Спорттық
ойындар ретінде гандболға қатысты қызметтер мен белгілер, физиологиялық
психологиялық және педагогикалық сипаттамалары. Дайындық түрлеріне (теориялық, 
денелік, техника-тактикалық, психологиялық, аралық, ағзаның физиологиялық жүйе 
деңгейіндегі функционалдық және т.б.), жоспарлауға, іріктеуге үйрету кезіндегі іске асыру 
негіздері және жалпы түсініктер.
3.2 Денелік, техникалық, тактикалық даярлықты дамыту және меңгерудің тәжірибелік, 
әдістемелік және теориялық негіздері. Жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізу.
3.3 Жас гандболшылардың алғашқы дайындық кезеңіндегі негізгі дене қасиеттерінің 
(күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік) сипаттамасы. Спорттық даярлықтың 
алғашқы кезеңінде дене қасиеттерін тәрбиелеу әдісі мен құралы. Спорттық шеберлікті 
жетілдіру және спорттық мамандандыру кезеңінде дене қасиеттерін жетілдіру ерекшеліктері. 
Арнайы дене қасиеттерін тәрбиелеуге арналған кіріспе және бағыттаушы жаттығулармен 
тәжірибе жүзінде таныстыру.
3.4 Спортшыларды, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына баулу.
Дайындықты жан-жақты түзетуге пайдалану және дайындық үлгісін түзу, 
спортшыларды жаттықтыру әдістемесі, тактиканы және тиімді техниканы анықтауға зерттеу 
әдістерін қолдану. 
 
4 МОДУЛЬ. ГАНДБОЛДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ-ТАКТИКАЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ 
НЕГІЗІНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
4.1 Спорттық даярлықтың бастапқы кезеңінде гандболшылардың оны иелік етуіне 
қажетті техникалық көлем сипаттамасы: төмен және жоғары ұшқан допты ұстау (бір және екі 
қолмен), допты беру және әртүрлілігі (арт жақтан, бастан асыра, төменнен, бүйірден, 
жоғарыдан), допты жүргізу әдісі, қақпаға допты лақтыру (бір қолмен орнында және 
қозғалыста, тірек қалпында, секіре), допты алып жүру, алдамшы әрекет әдістемесі.
4.2 Қорғаныста және шабуылда ойын техникасының жіктелуі сипаттамасы (қорғаныс 
тұрысы, қорғаныс тұрысымен жылжу, тосқауыл, допты қағып алу, қақпашы ойыны). 
4.3 Спорттық даярлықтың бастапқы кезеңіндегі гандболдың тактика көлемі.
Қорғаныста және шабуылдағы жекелей, топтық және командалық тактикалық әрекет. 
Командалық ұйымдастырудың қарапайым амалдары. Қақпаға допты лақтыру және допты 
беру кезіндегі жеке тактикалық әрекет. Спорттық даярлықтың бастапқы кезеңіндегі қорғаныс 
және шабылдағы топтық бірлесімді әрекеттер.
4.4 Спорттық даярлықтың бастапқы кезеңінде шабуылдағы бірлесімді әрекеттер және 
командалық техникалық-тактикалық әрекеттерге үйрету сараптамасы мен сипаттамасы.
Жас гандболшылардың арнайы дене және техникалық даярлығын педагогикалық 
бақылау (тест) құралдарымен тәжірибелік таныстыру. Бақылау әдістемесімен таныстыру.
4.5 Жаттығу сабақтарын өткізу әдістемесінің ерекшеліктері. Құрама командалардың 
жаттығу ерекшеліктері. Құрама командалармен жұмысты жоспарлау.
Жаттығу жиындарының түрлері және міндеттері. Жаттықтырушылар құрамы және 
басшылық ұйымдарының жиынға дайындығы. Жаттығу жиынының жалпы күнтізбелік 
жоспары. Апталық тәртіптегі жаттығу сабақтарының саны. Жиынға қатысушыларға арналған 
күн тәртібі.
Оқу-жаттығу 
жиындарын 
жоспарлау 
құжаттары. 
Жаттығу 
жиындарына 


252 
қатысушылармен сабақ өту ерекшеліктері. Бақылау ойындары және жарыс. Жиын 
қорытындысын жасау.
Халықаралық жарыстар алдында жиын өткізу ерекшеліктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   451




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет