МОДУЛЬ 3. ОЙЫНДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ СИПАТТАМАСЫ
3.1 Спорт түрі ретінде хоккей ойынының сипаттамасы. Хоккейдегі спорттық
терминология. Спорттық ойындар ретінде хоккейге тиесілді белгілер мен міндеттер. Үйрету
кезіндегі жалпы түсініктемелер мен негіздердің жүзеге асырылуы: дайындық түрлеріне
(теориялық, дене дайындығы, функционалды, техника-тактикалық, психологиялық, аралық,
және т.б.). Жоспарлау, оқу жаттықтыру үдерісін бақылау, оқу жаттықтыру топтарына іріктеу.
3.2 Техникалық,тактикалық дайындық түрлерін меңгеруде дене қасиеттерін
дамытудың теориялық және әдістемелік негіздері.
Жарыстар
мен
оқу-жаттықтыру
жиындарын өткізу.
3.3 Жас хоккейшілердің бастапқы дайындық кезеңіндегі негізгі дене қасиеттерінің
сипаттамасы (шапшаңдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік). Спорттық дайындықтың
бастапқы кезеңіндегі дене қасиеттерін тәрбиелеудегі әдістер мен құралдар. Спорттық
мамандану кезеңіндегі дене қасиеттерінің даму ерекшеліктері және спорттық шеберлікті
жетілдіру.
Арнайы дене қасиеттерін тәрбиелеуде қолданылатын дайындық және жиынтықтау
жаттығуларының тәжірибелік таныстырылуы.
3.4 Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу. Спортшылардың техника,
тактика әдістемелерін тиімді пайдалануын анықтаудағы зерттеу әдістерінің қолданылуы.
МОДУЛЬ
4.
ШАЙБАЛЫ
ХОККЕЙДЕГІ
ТЕХНИКА-ТАКТИКАЛЫҚ
ДАЯРЛЫҚТЫРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
4.1 Шайбалы хоккей техникасының сипаттамасы, бастапқы дайындық кезеңінде
хоккейшілерге қажетті ойын техникасы. Конькимен жүгірудегі негізгі әдістер: қысқа
адымдап жүгіру, ұзын адымдап жүгіру, бір аяқпен итеріліп жүгіру, арқамен алдыға жүгіру.
Хоккей таяқшасы және шайбаны келесі ойын әдістерімен игеру: шайбаны алып жүру,
шайбаны қапбылдау және лақтырулар, шайбаны тартып алу және алдау қимылдары.
Қақпашының ойын техникасы (шайбаны ұстау, шайбаны қайтару, шайбаның бағытын
ауыстыру).
4.2 Бастапқы дайындық кезеңіндегі жасөспірім хоккейшілердің тактикалық
дайындығы. Қорғаныста және шабуылда жеке дара, топтық және командалық тактикалық іс-
әрекеттер. Командалық ойынды ұйымдастырудың қарапайым түрлері.
Жеке дара тактикалық іс әрекеттер. Спорттық дайындықтың бастапқы кезеңіндегі
шабуыл мен қорғаныстағы топтық өзара іс әрекеттер.
4.3 Ойынның тактикалық сызбасы. Спорттық дайындықтың бастапқы кезеңіндегі
шабуыл мен қорғаныстағы өзара іс әрекеттер мен командалық техника-тактикалық іс-
әрекеттерге үйретуді талдау және сипаттау.
4.4 Жасөспірім хоккейшілердің арнайы дене және техникалық даярлықтар
анықтайтын, педагогикалық бақылау құралдарымен іс жүзінде таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |