65
спорттық ұйымдардағы мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру.
Дене шынықтыру ұйымдарының қызметіндегі статистиканың рөлі. Статистика мен
есептің өзара байланысы. Дене шынықтыру мен спорт бойынша жұмысты есепке алу жүйесі.
Есептің негізгі түрлері.
Мемлекеттік статистикалық есепке алу жолдары, есеп жасау бойынша негізгі талаптар.
Дене шынықтыру және спорттық ұйымдардың қызметінде есептерді және есептік
мәліметтерді талдау мен жалпылау.
Дене шынықтыру және спорттық ұйымдарында іс-қағаздарды жүргізуді ұйымдастыру.
Іс-қағаздарды жүргізуді ұйымдастыру мен оны жүргізу тәртібі. Айналымның негізгі
құжаттары және оларды құру тәртібі.
Құжаттардың құрылымына, баяндау стиліне және формасына қойылатын негізгі
талаптар. Архивтерді жүргізу. Спорттық біліктіліктерді, атақтарды, т.б. беру кезіндегі
құжаттарды рәсімдеу тәртібі.
3.5 Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру
Дене шынықтыру мен спортты қаржыландырудың мазмұны мен рөлі.
Бұқаралық дене шынықтыру және спорттық жұмыстардың қаржыландырылу жүйесі.
Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көзі. Мемлекеттік бюджеттің түсінігі
мен құрылымы. Бюджеттік реттеу. Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік бюджеті.
Бюджеттік жіктеме. Дене шынықтыру мен спорттың дамуына тікелей және жанама
салымдар.
Кәсіподақтардың, басқа қоғамдық ұйымдардың бюджеті, олардың жіктемесі.
Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың ақша аударымдары. Дене шынықтырушы-
спорттық ұйымдардың коммерциялық қызметі. Дене шынықтыру мен спортты
қаржыландырудың жаңа жолдары. Спорттық құрал-саймандар мен құрал-жабдықтарды
жүзеге асырудан түсетін қаржылар. Демеушілердің қаражаттарын қолдану тәртібі.
Азаматтардың жеке қаражаттары.
Дене шынықтыру ұйымдарының қаржылық жоспарлары. Шығыстар сметасы -
қаржыны бөлудің негізгі жоспарлық құжаты. Спорттық жарыстарды өткізуге арналған
қаражаттарды шығындау нормативтері. Аванстық есеп және оны құрудың тәртібі.
Спорттық ұйымдардың қаржылық қызметін қадағалау. Еңбек етуші тұрғындардың
арасында сауықтыру, дене шынықтыру және спорттық жұмыстарды жүргізу үшін
кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға спорттық ғимараттарды ұсыну тәртібі.
Дене шынықтыру қызметкерлері еңбектерінің ерекшеліктері. Дене шынықтыру
қызметкерлері еңбегінің бірқалыптылығы, дене шынықтырушы қызметкерлердің еңбегін
төлеу.
Достарыңызбен бөлісу: