66
жабдықтарды сақтау мен есепке алу. Спортшылар мен жаттықтырушыларды спорттық
киіммен, арнайы аяқ-киіммен және спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. Спорттық
мүлікті беру мен қайтару тәртібі.
Спорттық мүлікті жоғалту немесе оған залал келтіргені үшін материалдық
жауапкершілік. Спорттық құрал-жабдықтарды есептен шығару.
3.7 Дене шынықтыру және спорт менеджментінің қағидаттары
Дене шынықтыру және спорт менеджментінің түсінігі, мәні және қағидаттар жүйесі.
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы басқару қағидаттарының мәселесі.
Қағидаттардың сипаттамасы - басқарудың алғашқы негізі ретінде. Дене шынықтыру және
спорт менеджменті қағидаттарының құрылу критерийлері.
Басқарудың жалпы қағидаттарының, олардың сипаттамасы.
Дене шынықтыру мен спортты басқарудың арнайы қағидаттары, олардың сипаттамасы.
Дене шынықтыру және спорт дамуының заңдылықтары және олардың арнайы басқару
қағидаттарының құрылуына ықпал етуі. Дене шынықтыру мен спортты басқару үдерісіндегі
қағидаттардың өзара қарым-қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: