Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет197/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

«Дұға – ғибадаттың мәйегі»
деген
182
. Енде-
ше, дұға жеке басына құлшылық саналғандықтан, оның 
негізгі жемісі мен қарымы ақыретте берілмек. 
Дұғаның қабыл болуы үшін мына дүниенің өзіндік 
заңдары мен себептерін ешбір ақаусыз атқаруымыз қажет. 
Дұғаның өзі екіге бөлінеді. Біріншісі 
«фиғли дұға».
Яғни, 
өзіміздің ісіміз арқылы Ұлы Жаратушыдан тілеу. Мысалы, 
жер жыртып, дән сеуіп, оны жаз бойы суғарып, оның өсіп-
жетілуі үшін керекті барлық іс-шараларды атқару. Мұндай 
дұға Алла Тағаланың қойған заңдары мен себептерін 
орындау арқылы жүзеге асатындықтан көбіне қабыл бо-
лады. Ал екінші дұға 
«қаули дұға»
– сөзбен не жүрекпен 
тілеу арқылы болатын дұға. Қаули дұға мен қатар фиғли 
дұға жасалуы керек. Іс істемей жатып жасаған барлық 
дұғаларды Алла Тағала қабыл ала беретін болса, елдің
бәрі жатып-ішер жалқауға айналар еді. Ал Алла Тағала 
құлдарының жалқау болуын, әлбетте, қаламайды. 
Сондай-ақ, жасаған әрбір дұғамызды Алла Тағала 
қабыл ала беретін болса, дүниедегі тепе-теңдік бұзылар 
еді. Мысалы, жұрттың көпшілігі бай болуды, бастық бо-
лып, мөр басуды қалағандықтан, олардың осы тілектерінің 
бәрі қабыл болар болса, жұмысты кім істеп, кім-кімге бас-
шы болмақ?
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде былай дейді: 
«Алла Тағала өзінен тілек тілеген барлық адамның 
дұғасына жауап береді. Оның құлдарының дұғаларына 
182
Сунән әт-Тирмизи.


319
ИМАНИ ГҮЛ
жауап беруі – дұға жасаған адамға сұрағанын беруі 
арқылы, яки дұғасының сауабын ақыретке жинауы 
немесе тілеген тілегінің көлемінде күнәсінің кешіруі 
арқылы жүзеге асады
183
. Бірақ кісі күнә нәрсені тілемесе 
немесе туысқандық қатынастың бұзылуын сұрамаса әрі 
жасаған дұғам қабыл болмады деп асығыстық жасамаса 
болғаны
184

Дұғалардың қабыл болуының басқа да шарттары бар. 
Мысалы, дұғаны ықыласпен жасау, ешбір харам аспен 
қоректенбеу сияқты. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет