Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры имани гүЛ ҚАйрат жолдыбайҰлы алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет53/237
Дата25.11.2022
өлшемі3,36 Mb.
#159747
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   237
Байланысты:
Имани гүл

Балаға құлақ асу 
Баланы әуелі тыңдай білу керек. Сөйлеген бала өзінің 
ішкі дүниесін ашып береді. Әр нәрсені дұрыс түсінуге 
бала ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не
ойлап тұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке 


96
ИМАНИ ГҮЛ
ұрындырған себептерді іздемейміз. Дереу өзіне ұрса 
жөнелеміз. Жоғарыдағы Рафиғ ибн Амр оқиғасында 
пайғамбарымыз оған дереу дүрсе қоя берген жоқ
«Әй, 
оңбаған! Біреудің бақшасында нең бар?! Енді тас 
лақтырады екенсің көресеңді көрсетем, қолыңды тура 
шағам!»
деп ұрысқан жоқ. 
«Неліктен тас лақтырдың?»
деп, онымен тілдесті. Бала себебін айтты. Қарны ашқаны, 
құрма жегісі келгендігі анықталды. Аш баланың мұндай 
әрекетке баруы табиғи жағдай екені сөзсіз. Не істесе де 
дереу жазалауға жүгірмей, алдымен баланы сөйлетіп
тыңдай білу қажет. 
Балалар балалықпен қате жасайды. Ал үлкендер 
болса, олардан үлкен кісінің істейтін ісін күтеді. Қате 
жасаса дереу ұрсып, жазғыра жөнеледі. Көбіне балала-
рын тыңдауды қажеттілік деп те ойламайды. Бала бол-
са, өз ісінің қателігін түсінбегендіктен ата-анасының 
яки үлкендердің не үшін ұрысқанын, яки жазалағанын 
түсінбей дал болады. Сөйтіп, үлкендер маған жамандық 
жасады яки ата-анам мені жақсы көрмейді деген ойға 
қалады. Міне, сондықтан баланың ішкі дүниесімен сыр-
ласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс 
еместігін түсіндірместен оған ұрысу, жазалау дұрыс 
емес.
Балама нәрсе көрсету
Ата-аналардағы қателіктердің бірі – баланы не бол-
са содан тыйып, іс-әрекетін шектей беруі. Баланың қате 
қылығын тыйған кезде, орнына басқа бір дұрыс нәрсені 
көрсету керек. Олай болмағанда бала баяғы істеген 
қателіктеріне қайта басуы я болмаса қырсық мінезділікке 
бейімдеуі мүмкін. Мысалы, бала ыдыс-аяқпен ойнағысы 
келгенде, дереу қолынан ыдысты жұлып алғаннан гөрі 
«ойнасаң, мә, мына сынбайтын ыдыспен ойна»
деп оған 


97
ИМАНИ ГҮЛ
басқа ыдыс беру керек. Үйдің керегелерін сызғыштап 
ойнаған баланың қолына дереу басқа бір дәптер яки қағаз 
ұстатып немесе арнайы тақта мен қалам сатып алып бе-
ріп: 
«сызсаң мынаған сыз», «жүгірсең, мұнда емес ана 
жерде жүгір», «көрсең, бұл фильмді емес ана фильмді 
көр»
деген секілді баламаларды көрсетуіміз қажет. 
Жоғарыдағы оқиғада пайғамбарымыз 
«Құрмаларға тас 
лақтырма! Жесең, жерге түскендерін же!»
деп, тыйым-
мен қоса балаға басқа балама іс ұсынды. 
Қазіргі кездегі қалада балалар баратын ойын зал-
дары мен кино театрларда көрсетілетін фильмдер бала 
тәрбиесіне, мінез-құлқына залалды болуы мүмкін. 
Сондықтан балаларға ана жерге - мына жерге барма де-
геннен гөрі, оларға басқа жағдай жасау керек. Үйге ком-
пьютер алып, зияны жоқ ойындар мен фильмдердің СD-
лерін дайындап, ойын ойнап, кино көретін уақыттарын 
белгілеген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   237




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет