14-лекция. Тақырыбы: Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі заттардың
символдық мәні
Лекция жоспары:
1.
Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі заттардың символдық мәні
2.
Киімдер заттар символы
Лекция мақсаты :
Ясауи іліміндегі заттардың символдық мәні туралы
баяндау
Лекцияның мәтіні:
Барлық діндерде сопылар, дәуріштер киген киімдер, ұстаған заттардың
өзіндік сипаты мен мәні бары белгілі. Исламдағы дәуріштердің киімдері
сопылықтың алғашқы кезеңдерінде (VIII—IX ғғ.) дөрекі, жүн матадан
жасалса, кейінгі кезеңдерінде қатты тығыз, түксіз кілем сипатты матадан,
қойдың жүнді терісінен тігілген.
XIX ғ. дуаналар жыртылған жамаулы киімдеріне сай каландарлар,
жандапуш, хиркапуш деп аталған екен. Дәуріштердің басына киген бас
киімі «кұлақ», белбеулері «қамар» деп аталған.
1866 жылы Түркістанда болған суретші В.В.Верещагин өзінің
Жазбасында Түркістан қаласының өміріне, әлеуметтік-экономикалық
жағдайына тоқталып, сипаттама беріп, зерттеуінде «шошақ бас киім киген
дәуріштердің жыртық киімдері, арқаларына асынған түйіншегі, бір қолында
таяғы, ал екінші қолында асқабақтан жасалған ұзын ыдысы бар» деп
жазады.
Дәуріштің киім киюі, ол киімдері мен заттарының мәні туралы
мәселені қарастыра отырып сол заманда дуананың жиегі қойдың
жүнді терісімен жиектелген, жүн жіптермен кестеленген қызыл бас
киім киіп, кең белбеумен белін буып,ыдыс байлағаны туралы
хабардар боламыз.
Ортағасырлық миниатюралардағы дәуріштер киімдерін зерттеген
З.Рахимова дәуріштер киімдерінің түстік мәні әлі де өз зерттеулерін талап
ететінің айтады. Әрбір түс Жаратушыны танудағы сопының жеткен
баспалдағын бейнелеген. Аспан көк, сары, қызыл, ақ түстер Жаратушыны
тану жолындағы шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат жолдарын көрсеткен.
Дәуріштің белбеуі - оның алдындағы міндеттерін орындауға дайын екенінің
белгісі ретінде болды. Бас киім Жаратушының берген игілігін сипаттайды,
сондықтан ұстаздың шәкіртіне бас киім сыйлауы шәкірттің жеткен
жетістігін мойындау, бата беруді көрсетеді. Зерттеушілер дәуріштің киімі
мен оның бөлшектері оның сопылық жолды игерудегі белгілік бір
көрсеткіші болған, оның әрбір қадамы киіміндегі бір бөлшекпен
белгіленген дейді.
Дәуріштер бұрыннан келе жатқан ортағасырлық мұсылман халқының
киімдерін шапан, тайласан, белбеу, бас киім - кұлақшын, шалма киді.
Сопылар оларды жаңа бір мазмұнмен толықтырды. Бұл киімдердің кейбір
бөлшектері сопылардың жолдарының кезеңдерін бейнелеген деуге болады.
Әр түрлі тариқаттарда бас киім әр түрлі көлемде, түсте болды. Сопылық
ордендердің басым бөлігінде бас киім толық матадан немесе үш, төрт
жыртыстың бөлігінен біріктіріп жасалған.
Түркістан каландарлары туралы П.Поздевтің зерттеуінде бас киімнің
бәрінде әліп, кәлима шахадат жазылғаны айтылады. Бас киімнің төменгі
жиектері қойдың жүнді терісімен көмкерілген.
Бұл бас киімді киген дәуріш жан-жағынан, алыстан ештеңені көрмей, тек
Жаратушыны ойлау керек деген сенімге негізделген.Сенім бойынша
Мұхаммед Пайғамбарға (с.а.а) Жебрейл періште арқылы көктен берілген бас
киім, шапанды төрт бөлікке бөліп, Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әлиге, төрт
халифасына берген дейді.Бас киімнің бірнеше бөліктегі матадан құралуының
бір белгісін осымен бейнеленсе керек.
Дәуріштер рухани үстемдік белгісі ретінде хирка киген. Түркістан
дәуріштері кемер белдік байлаған. Ол белдікті байлаудың өзіндік бір мәні
бар. Риазат белбеуі –құлшылық ету, тақуалық, Құдай жолына біржола түсуді
бейнеледі. Белдік мүридтікке бел буғанда құрбандыққа шалынған қойдың
жүнінен жасалған. П.Поздев өз зерттеуінде Түркістан каландарларының
белбеулерінің ені 25 см. болғанын, оған қанағат тасы бекітілгенін айтады.
Зерттеулерде «Ахмет басында тәж болатын, бұл тәж, күпі, шырақ, дастархан
(софра),байрақ және жайнамаз аманат ретінде Тәңір тарапынан Хз.
Мұхаммед пайғамбарға берілген. Күпі-кебенек иығына жабылады деп
айтылады.
Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» шығармасында дәуріштердің
киімі, заттарының рухани мәні туралы келесі хикметтерінде баяндалады :
«Жол үстінде елпілдер тілдескенде дәуріштер,
Желбегейі желпілдеп күн кешкенді дәуріштер.
Асатаяқ-жасқары, бел дорбада ас-дәмі,
Алла деуден басқаны білмеген пенде дәуріштер.
Кір шекпені иінде, жүз мың арман ділінде,
Екі әлемді біліңдер ілмес көзге дәуріштер...» (43-хикмет) .
«Махаббаттың асасын қолға алып,
Бақыт тонын иыққа киіп алып,
«Иухиббуhум шарабын ішпейінше,
Иухиббуиаhу –шапанын кимейінше,
Шариғаттың шапанын кимейінше,
Құлшылықтың белбеуін бумайынша,
Хақ дидарын қалауынша көріп болмас... » (66-хикме2т).
«Аллатағала да пенделерін сүйеді, пенделері Алласын сүйеді. Аллаға деген
махаббатың белгісі –шапан кию» деген тұжырымға негізделген.
Қожа Ахмет Ясауи баба шығармасында дәуріштердің шапаны, мәні туралы
келесі хикметте :
«Балх мүлкін тастап түксіз кілем киді Әдhам,
Түксіз кілем киіп тура жолға ұрды қадам,
Тура жолға солай қадам ұрғым келер,
Тақыр кілем киген ол әзіздер Хаққа жағар.
Себебі сырлары дүкен ішінде Хақты табар.
«Уh» терінен Ұлы таулар сезіп ағар,
Жақсы болып, ол тақыр кілемді кигім келер... » (73-хикмет.) .
Сопылардың алғашқы кезеңде (VIII—IX ғғ.) киген киімі дөрекі, жүн
матадан жасалған киім, кейінгі кезеңдерінде Х— XI ғғ. қатты тығыз, түксіз
кілем сипатты матадан, қойдың жүнді терісінен жасалған, жалаңаш денеге
киген киімдермен алмастырылған. Ертеден шапан жабу, тулаққа отыру
рәсімдері елдің өмірінде болды, ол кейінгі замандарға дейін өзінің рухани
мәнін сақтап ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келді. Дәуріштер, мүршидтер текке,
завия, таққия, кесене т.б. сопылылар қоныстанған жерлерде дәуріштікке бет
бұрған мүридтер, олардың ұстаздары отыратын жерлерге төсеніш ретінде
тулақтарды қолданылғаны белгілі.
Исламдағы сопылықты, тариқаттарды зерттеген зерттеулерде қырка киюдің,
шапан киюдің сопыларда екі мағынасы бар деп талдайды.
Олар:
1.
Ирада хиркасы (қырқа)
2.
Теберік хиркасы
Ұстаздың шәкіртіне берген қырқасы, нағыз мүридке арналған ирада
хиркасы болса, теберік хиркасы сопыларға еліктегендерге жабылған.
Елде теберік деген сөз бар Ол рухани күш, мейрімділік жақсылық, қасиеттің
ұрпақтан-ұрпаққа берілуі. Жақсы қасиеттің болу деген сенімге негізделген.
Мұнда хирканың мәні - шәкірт ашық жүрекпен ұстаздың басшылығымен
сұхбатқа кіріп, Жаратушының берген ілімін игеруі. Қазақтардағы шапан
жабу, көйлек кигізу рәсімдерін осы тұрғыдан еске түсіруге болады.
Хирка-қырқа сөзінің мағынасына келсек харака етістігі - жырту, жалпы
айтқанда қырқу, жыртық, жамалған киім деген мағына береді. Жыртыстарды
қырқу, құрап тігу арқылы ел өз тұрмысына қажетті құрақ көрпе-жастықтар
т.б. жасағаны белгілі. Елде қайтыс болған адамға жыртыс беру және сол
жыртыстардан құрақ құрау дәстүрі бар. Бұл да исламдағы сопылыққа
қатысты рәсімдер болар деген пікір туындатады.
Деректеге сүйенгенде сопылық жолға түскен мүрид үш жыл рухани тәртіпке
мойынсұну керек. Егер ол барлық талаптарды орындаса тариқат жолын
тануға жіберіледі. Хирка-қырқа кию рәсімінен өтеді.
XIX ғ. екінші жартысында С.М.Дудин Түркістан өлкесіне экспедицияға
шықты. С.П.Дудиннің коллекциясында Орта Азия халықтарына,қазақ
халқына қатысты үш коллекция болды. Онда елдің заттай мәдениетін
кзрсететін заттар ішінде киімдер де бар.
Жанда, хирка (қырқа) аттары каландарлардың жарғыларында, киім атын
атағанда қолданылған. Хирка бұл - шүберек, жыртық немесе жамалған
жамылғы. Ол сопылық тариқаттардағы шәкірттің өзін арнауына арналған
рәсімде кигізіледі. Жанда- қолдан тоқылған кең және тар торлы сипаттағы
мата.
Дәуріштің қолданған заттары саралаған зерттеулерде олар келесі
түрде көрсетіледі. Қырқа, белбеу, бас киім, аса, аяқ киім, ыдыстар т.б.
Бас киім конус сипатындағы құлақшынды Орта Азиядағы дәуріштер
әр кезеңде қолданған және өте қарапайым болған.Олардың жыртық жамалған
киімдеріне сәйкес жандапуш, хиркапуш деп аталған.
Дәуріштің
киімдерін А.Л.Троицкая каландарлар жарғыларында
көрсетілген киімдері мен заттарының құрамының негізінде,Орта Азиядағы
діни қызметкерлер, сопылар мен дәуріштер киімдеріне, құралдарына қатысты
Р.Я.Рассудова
тарихи-этнографиялық
тұғыдан
Антропология
және
этнография мұражайының Орта Азия және Қазақстан коллекциясы бойынша
каталогының, З.Рахимова гераттық миниатюраларға сүйеніп талдаған.
Дәуріштің жамалған киімдеріне қатысты бірнеше пікірлер бар. Сопылық
ілім жоғары рухани деңгейге жеткен ұстаздың басшылығымен игеріліп,
олар «шейх», «пір», «ишан» деп атады. Дәуріш киіміндегі жамау оның
өткен мектебі мен алған ілімі туралы белгі деген тұжырымдар кездеседі.
Бас киім-құлақ, қамар-белбеу, дәуріштер киімдерінің ажырамас бөлігі
болған.
XIX ғғ. В.В.Верещагиннің суреттерінде «дуана» деп атаған
дәуріштер бастарына кестелеген құлақшын, бас киім киген, қамар
белдікпен бел буған, жыртық, жамаулы сырт киім киген сипатта бейнелеген
[137]. Дуана, каландарлардың аса, қауақ ыдыстарды ұстағанын осы
деректерден кзруге болады. Шошақ бөрікті кию, оның шығу негізі ерте
кезеңнен бастау алады. Киізден жасалған шошақ бөрік сақтар кезеңіндегі
б.д.д. I – мың жылдықтағы сақ тайпаларының киген бас киімі, ол тайпаның
атын бейнелесе, Есік қорғанынан табылған Алтын адамның бас киімін де
зерттеушілер көсем-жауынгер, абыз-бақсы киімі деп атаған.
Киім дүниетанымда тән, микрокосмос және Әлемнің арасындағы
шекара ретінде бейнеленді. Ежелгі түркілік кезеңнен бас киім сиынудың
міндетті атрибуты болған. Түркілік наным-сенімде белбеу адамдар әлемімен
байланыстың белгісі,оның нақты бір әлеуметтік ортаға тән екендігін
бейнелеген. Түркі халықтарында белбеу алған адам (бала) рудың қорғауына
ие болды деген сенім болды. Белбеу көшпелі ортада әскер, жауынгер
қатарына алынудың атрибуты, түркі әлемінде ол әлеуметтік деңгейді
көрсететін белгі болды.
XIX ғ.ортасында Түркістанда болған орыс зерттеушілері дәуріштер,
каландарлар туралы жазбаларында, суреттерінде келесі деректер келтіреді.
Олардың басында шошақ бас киім, үстерінде жамау шапан, қолдарында
таяқ, су құятын ыдысы, аяқтарында кебісі болған. Су құятын ыдыстарды
зерттеулерде кокос, асқабақтан жасаған деген тұжырым келтіреді. Жергілікті
жерде өсетін өсімдік түрлеріне назар салғанда көбіне асқабақ түрлерінің
ыдыстар жасауда қолданғаны байқалады. Асқабақтың қатты сырты өңделіп,
су құятын ыдысқа айналдырылған. Мойын тұсына жібі ілініп, дәуріштің
сапарында су құйып алып жүретін заты болды. Мұндай заттар ел арасынан
алынып, мұражай қорларында сақтаулы. Дәуріштің киімдерінің негізгі
материалы жүн шекпен, қарапайым маталар болған. Негізгі киімдер туралы
айтқанда әрбір сопылық бағыттың өз ерекшелігі және ортақ белгілері болды.
Дәуріштер киген киімдер, ұстанған заттары әр жердің даму, жергілікті заттай
мәдениетті игеру ерекшеліктеріне қарай өрбіді. Елдің ертеден келе жатқан
рухани, заттай құндылықтары жаңа сипатта өріс алып дамыды
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі, XIVғ. екінші жартысымен
мерзімделген
шырағдандардың
формаларының,
атқарған
қызметтері,шығуына
байланысты
зерттеулерде
қамтылған.Мұндай
шырағдандар орта ғасырлық ислам өнерінің өз заманына сай керемет
туындылары ретінде танылып, өмір сүру ортасында кең қолданылды. Бұл
шырағдандар тек жарық көзі ретінде қолданылып қойған жоқ, олардың
қойылуының да ертеден келе жатқан көне дәстүрлермен тығыз байланысы
бар. Зерттеулерде шырағдандардың резервуарларында сұйықтық жанатын
жаңа түрлері шыққаны айтылады.
Шырағдандардағы жазуларда Әмір Темірдің есімі, тарихи мазмұндағы,
сәттілік тілеген жазулар, Сағдидің «Гүлістанынан» үзінді келтірілген. Қожа
Ахмет Ясауи кесенесіндегі кейбір шырағдандардың Әмір Темір кесенеге
зиарат етіп келгенге дейін болғанын да жоққа шығаруға болмайды.
Мемлекеттік Эрмитаж музейінде сақтаулы 4-ші номерлі шырағданның сырты
он жеті белдеуге бөлінген, сыртына жазу және өсімдік тектес өрнектер
түсірілген. Сол белдеулердің он үшіншісі бес медальон, бес картушке
бөлінген. Бес төрт бұрышты бөліктерге сульс қолтаңбасымен жазулар
әшекейленіп түсірілген.Оның аудармасына назар аударсақ Әмір Темірге
деген мадақ, «Өмір кептер құрылдауымен жалғаса берсін...» деген сөздер
түсірілген. Шырағданның сыртына түсірілген «кептер құрылдауымен өмір
жалғаса берсін» деген сөйлемнің мәнін авторы белгісіз «Рисале–и Зикири–и
Хазрети Султануи-арифин» атты шағатай тілінде жазылған шығармада
Ясауи тарихатының зікірінің алты түрі берілгені туралы, осы алты зікір
тәсілі «зікір кәбутер» (көгершін /кептер зікірі) «ху, ху» деп аталады деген
тұжырымдармен ұштастырып қарауға болады. Әмір Темірдің аманатында
«машайықтар, сопылар, тәңірмен тіл табысқан данагөйлер.Олармен ылғи
байланысымды үзбей етене жақын сырластым, сұхбаттастым. Ақыл-кеңес,
ақыреттік пайдаларын алдым. Олардың ділінен тәңірдің тілін танып,
ғажайып кереметтерін бойыма сіңірдім, бейілдерінен рахат тауып,
әңгімелеріне ұйыдым...» дейді. Кезінде осы әулиелер мен діни
қызметкерлерінің мазарларына ата мұрадан қаржы бөліп, ол жерлер кілем,
тағам және шырақпен қамтамасыз еткен.
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің орталық бөлмесінде үлкен
көлемді қола қазанды ел «Тайқазан» деп атайды. Тайқазанды 14 ғ. екінші
жартысында Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне
арнап, Қарнақ мекенінде құйдырған. Қазанның жасалу уақыты 1393-1399
жылдарды қамтиды, құйылып аяқталған мерзімі сыртында кзрсетілгендей
1399 жылмен мерзімделген. XІV ғасырда Қарнақ мекенінде құйылған
қазанның даму тарихы бастауын көнеден алып, ғасырлар өте толысып,
көркею сатысынан өткен. Қазан қою, қазанды қастерлеу дәстүрінің ежелден
қанат жайғанын, тамырының тереңде екенін байқауға болады. Кең даланы
мекендеген елдердің әдет-ғұрпында, салт-дәстүрінде мыңдаған жылдар
көлемінде көркейе дамып, толысқан. Қазан қою дәстүрінің сақ, үйсін,
ғұндарда зркендеп, орта ғасырлық көшпенділерге дейін ұласуы әрбір
кезеңнің өзгерістерін бойына жинақтай жүрді. Қазанның сыртын
әшекейлеуде қолданылған жазу түріндегі “арабески”, “ислими”, “модехил”
үлгісіндегі көркем әшекейлеу үлгілерін ислам знерінің дамуындағы белгілер.
Ислам сәулет өнерінің бір бөлшегі есіктерді өрнектеу белгілі бір ережелерге
сай
дамығаны
белгілі.
Осыған
орай
өрнектік
сарынды
геометрияланған,эпиграфикалық, өсімдік тектес өрнектердің үйлесуінің
керемет үлгілерін шеберлер дамыта білген. Оның бір үлгісі ретінде Қожа
Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық және көрхана бөлмелерінің ағаш есіктерін
айтуға болады. Қоладан соғылып, алтын, күміс жалатылған есік тұтқалары
халық өнерінің інжу-маржандарына жатады. Ағашқа ою-өрнек салу өнерінің
Қазақстан мен Орта Азияда өте ерте заманнан дамып келе жатқаны белгілі.
XIV ғ. екінші жартысымен, 1397 жылмен мерзімделген Қожа Ахмет
Ясауи кесенесінің ағаш есіктерінің әрленуі осының куәсі деуге болады.
Кезінде көрхана есігінің ою-өрнектері сүйекпен ерекше нақышталған. Есік
жұқа темірмен қапталып, оған алтынмен жазулар түсіріліп, үстіндегі тас
тақтайға көрхана Әмір Темірдің бұйрығымен тұрғызылғандығы жайында
жазылған.
Шеберлер мешіттерді, ол өнер туындыларын, діни рәсімдік заттарды
әрлеуде ою-өрнектердің ең көне түрлерін, ислам ережелерінің талаптарына
сай үйлестіріп өрбітті. Оны ағаш есіктерде түсірілген өрнектер сарынынан
кзреміз. Эпиграфикалық әрлеуде гүлденген куфи, насх, сулс жазу түрлері
қолданылған. Исламдық сәулет өнеріне тән белгі, әрлеу бзліктері ретінде
Құранның мәтіндерінен үзінділерді қолдану болды.Бұл мәтіндер ағашты ою,
металлдарға шекімелеп т.б. әдістермен түсіріліп отырды. Мұсылман сәулет
өнерінде ою-өрнектердің маңызы зор болды. Өрнектер исламдағы тірі
жанды бейнелеуді алмастырып, көркем мәнді құралға айналды. Сәулет
знерінде өсімдік сипатындағы өрнектер, геометрияланған, эпиграфиялық
зрнектер сарыны кең өрбіді. Эпиграфиялық өрнектер сарыны ислам
знеріндегі басым сипатқа ие болған өнер түрі болды. Ислам сәулет знерінде
әр түрлі бөліктерін әрлеуде аталған өрнектер түрлі нұсқаларда дамытылып
қолданылғаны белгілі.Ғимараттың іші, сырты, михраб, күмбездер, терезелер,
ойықтар, мінбер, есіктерді, діни ғимаратқа тән басқа да қолданбалы өнер
туындыларын әрлеуде қолданылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі көрхана
және қазандық бөлмелерінің есіктеріндегі әрлеу түрлері исламдық сәулет
өнерінің талаптарына сай.
Исламда есіктің қасиетті мәні, өрнектердің мазмұны мен сипаты тек
діни ғимараттардағы есіктер т.б. бөліктерді әрлеуде ғана емес, барлық тұрғын
үйлерді әрлеуде де қолданылды.Қолданбалы өнер шеберлері исламдағы
белгілі
бір
исламдық
ережеге
сай
қалыптасқан
эпиграфикалық
құрылымдарды көркем бейнелеу аумағынан шықпай жетілдіріп, түрі,
құрылымы бойынша байыта түскені белгілі. Есіктерге жазулар сулс,
гүлденген куфи үлгілерінде түсірілген.Жамағатхана және қабірхана
есіктерінің тұтқасында Алланың есімдері, Құран аяттары, хадистерден үзінді
жазулар сулс, гүлденген куфи үлгілерінде түсірілген.
Есік халықтың дүниетанымында киелі болып қабылданады. Ол бір
әлемнен екінші әлемге өту нүктесі деп есептеледі. Ислам діні арқылы
санада берік орныққан, дін аша келген рухани тұлғалардың есімдеріне де
«баб» сөзі қосылып аталуының да өзіндік осындай бір тұжырымы бар.
Қабірхана есігінің сақталған, күміспен апталған пластиналарында сулс
қолтаңбаларымен Жаратушы Алланың есімдері жазылған.
XIV ғасырда жасалған құнды жәдігердің кейінгі тағдыры, заттың қайда, қай
жерде екені туралы деректер жоқ. Мүмкін болашақта ол туралы тың
деректер, мәліметтер табылып қалар. Ғалымдар қабірхана есігінің
тұтқалары,олардағы жазулар туралы зерттеулерін 1905 жылы кесененің
жоспарын, өлшемін алып, зерттеуге келген экспедицияның архитекторы
А.Гуржиенконың салған суреті арқылы жүргізді. Есік тұтқаларында насх
үлгісінде Сағдидің «Гүлстанынан» үзінді жазылған.
Онда:
«Мақсат өзіңнен кейін із қалдыру, тіршілік мәңгілік емес.
Мүмкін бір сопы бір күні мүсіркеп, бейшараның жағдайы үшін дұға етер»,-
деген есіктегі жазу мәтіні бұл змірдің өткінші, жалғандығы, өзінен кейін
қалдырар жақсы іс, адам баласына мейіріммен қараудың рухани мәні мен
маңызы туралы баяндайды.
Зерттеулерде тұтқалардың сипаттамалары Мемлекеттік Эрмитажда, Шығыс
бзлімінде сақтаулы архитектор А.Гуржиенконың суреті бойынша
берілгендігі жоғарыда айтылды. Олардың формасы қазандық бзлмесінің
есігінің алқаларына ұқсайды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зерттеген еңбектерде қабірхана, қазандық
бзлмелерінің
есіктеріне
қатысты
деректер
кездеседі.Ә.Диваевтың
А.Н.Ахмеровке жіберген Лутфулла қожа қарының жазбасын зерттеп,
аударған А.Н.Ахмеровтың зерттеуінде есіктерге қатысты деректер бар.
XIX ғасырдың 1896 жылы жарияланған зерттеуде қабырхана есігінің
тұтқасындағы екі шеңберде күміспен апталып жазумен «О кіршіксіз», «О
айқын», «О қайырымды», «О әділ», «О рахымды» деп Жаратушының есімдері
түсірілгені,шебердің есімін «Изз ад-дин Тадж ад дин Исфахани хижраның 799
жылы» деп келтіреді. Сол кездегі шеберлер ағаш есікті жасауда қараағаш, терек,
жаңғақ,арша, тұт т.б. ағаш түрлерін қолданды. Ағаш есіктерді ойып әрлеу өте
жоғары жетілген деңгейде дамыды. Оларды өңдеуде, әрлеуде әртүрлі
ағаштардың жиынтығы үйлестіре отырылып пайдаланылды.
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі ағаш есіктер кезінде алтын,күміспен
әшекейленіп, сүйекпен әрленген. Ағашты ойып әрлеу ғасырлар бойы
дамыған өнер түрі. Діни ғимараттардағы, тұрғын үйлердегі есіктерді,
тұрмысқа қажетті заттарды т.б. жасауда ағаш өнері өркендегені белгілі.
Ағашты зңдеу дамыған және кейбір бағытта маманданған қолөнер түрі
болды.Орта Азия халықтарында сүйекті ұқсату, ою кең тараған.
Қазақтардағы сүйек ұқсату өнерін «өзіндік сипаты бар, жоғары дамыған
знер» дейді зерттеушілер.
Сүйекшілік өнері әлем халықтарында кең тараған. Әр халықта сүйекті
әр түрлі ұқсату әдістері дами түскен. Сүйек өрнегі көптеген бөлшектерден
тұрып, зрнектелген сүйекке күміс жапсыру, сәнді тастар орнату дәстүрлері
болған және ғасырлар бойы кесенелер, діни ғимараттар т.б. салғанда кең
қолданылып
келді.
Ахмет
Ясауи
кесенесінің
қабірхана,қазандық
бзлмелерінің есіктерініңде кезінде сүйекпен безендірілуі ертеден келе жатқан
знердің жүйелі қолданылуы деуге болады.
Ислам өнері әртүрлі ұлттың өнер ерекшеліктерімен бірге, ислам
знеріне ортақ ережелерге ие болды. Ислам өнеріндегі екі бағыт- сәулет знері
мен көркем- қолөнер ерекше дамығаны белгілі. Қожа Ахмет Ясауи
кесенесінің қабірхана, қазандық бөлмелерінің есіктерінің әрленуінде де осы
екі бағыттың дамуының жетістіктері толық көрінеді. Өрнектерді жасауда
ұсталар керемет шеберлік көрсетіп, жазулар мен әр түрлі өсімдік тектес,
геометрияланған өрнектерді үйлестіре білген ол «арабеска» деп аталды. Орта
ғасырлық діни ғимараттардағы жазулардың мәні, өрнектердің мазмұны
Жаратушының шексіз сұлулығын бейнелеп, терең мәнге ие болды.
XIV ғ. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қазандық, қабірхана
бзлмелерінің есіктерін әрлеу, жазу сипаттары Орта Азиядағы кесене,
медреселердің есіктерінде қолданылған ислам өнерінің жалпы ережелеріне
сай орындалған. Мұны кесененің қазандық бөлмесінің күмбезінен табылған
ағаш бекіткіштердегі өрнектер, XIV-XY ғғ. салынған Түркістандағы
мешіттердегі ұстындардағы ою-өрнектер нақтылай түседі. Олар исламның
эстетикалық-көркем принциптеріне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |