11
құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары
мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.
Адвокаттық қызметті реттейтін нормативтік актілердің қайнар көзіне
жатпаса да адвокатураны ұйымдастыру мен қызметін реттеуде тиісті заңдар
негізінде жасалған адвокаттар алқасының Жарғысы мен оның Жалпы
Жиналысының шешімдері үлкен маңызға ие болады.
Адвокаттардың барлығы осы заң талаптарымен басқа да құқықтық
нормативтер, заң актілеріне сүйенеді.
Жақсы адвокат болу оңай емес. Ол үшін білімді, білікті, жоғары
мәдениетті болумен бірге ҚР заңдарын терең білу қажет. Сонда ғана оның
беделі өсіп, мәртебесі биіктей түседі, азаматтар құқығының нағыз қорғаушысы,
тағдырымыздың арашашысы бола алады. Сонда ғана адвокатқа деген
адамдардың сенімі артады
Достарыңызбен бөлісу: