12
прокуратура органдары да өздерінің бағытында қызмет жасайтын мамандарды
өздері дайындау үстінде.
Келешекте адвокаттарды да арнайы мамандандырылған оқу орындарында
оқытылуы, кәсіби білімін көтеру үшін адвокаттарда соттар сияқты яғни Сот
Академиясында даярланатындай Адвокатура Академиясында оқытылу керек
деп ойлаймын. Өйткені қазіргі кезеңде Адвокаттардың мәртебесін сот және
прокурордың мәртебесімен теңестіру алда кезек күттірмейтін істердің бірі.
Сондықтан «Адвокатура және адвокаттық қызмет» туралы оқу-әдістемелік
оқулық осы курсты оқып үйрену үшін таптырмайтын оқу құралы деп
ойлаймын.
«Адвокатура және адвокаттық қызмет» оқу курсының пәні болып,
Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызметтің және
жеке адвокаттың кәсіби маңызды қасиеттері, Адвокатура тарихы,адвокаттық
қызметтің құқықтық, ұйымдық және әтикалық негіздері, адвокаттың сотта
сөйлеу,шешендік өнері, сондай-ақ адвокаттар көрсететін әртүрлі кәсіби заң
көмектерінің түрлеріне жалпы сипаттама бере отырып, осы мәселелерді
зерттеуді айтамыз.
«Адвокаттық қызмет» курсының мазмұны мен жүйесін Жалпы және
Ерекше бөлімде көрсетілген тақырыптар бойынша оқу-практикалық
материалдар құрайды.
Оқу курсының Жалпы бөлімі 9 - тақырыптан тұрады.
ЖАЛПЫ БӨЛІМ.
1. Адвокатураның дамуы мен құрылуы.
2. Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметінің негізгі қағидалары.
3. Адвокатураның құрылу сатылары.
4. Адвокаттық қызметтің ұйымдық және құқықтық негізі.
5. Адвокаттардың құқықтық жағдайы.
6. Адвокаттар еңбегіне ақы төлеу .
7. Кәсіби адвокаттық қызмет стандарттары.
8. Адвокаттың сөйлеу шешендік өнерінің негіздері.
9. Адвокаттық қызметтің этикалық негіздері.
Ал ЕРЕКШЕ БӨЛІМ мына тақырыптарды қамтиды.
10.Адвокаттың қылмыстық іске қатысуы.
11. Адвокаттың азаматтық іске қатысуы
12.Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша адвокаттың қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: