Бақылау сұрақтары:
1. Құқық қорғау органдар жүйесінде адвокатураның алатын орны
және атқаратын қызметі.
2. Адвокатураның маңызы мен мақсаты қандай?
3.Адвокаттық қызметті реттейтін заң актілерінің негізгілері?
4.Адвокатураға қандай анықтама беруге болады және адвокаттық
қызметтің міндеттері қандай?
13
ТАҚЫРЫП № 2. АДВОКАТУРАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН
ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ.
Азаматтар құқығын қорғауда адвокаттық қызметтi жетiлдiрудiң маңызы
өте зор. Зайырлы мемлекет құруға қадам басқан Қазақстанда оның алар орны
жөнiнде айтып жатудың өзi артық.
Азаматтардың адвокаттық қызметке қол жеткiзудегi тағы бiр мәселе заң
көмегiнiң сапасына байланысты болуда. Бұл бiрiншi кезекте адвокаттардың
кәсiби мiндеттерiн орындаудағы жауапкершiлiктi нығайтуды көздейдi.
Қазақстанда адвокатураның қызметінің негізгі ұйымдық мәртебесі болып
өзінің аумақтық белгісі бойынша айқындалған адвокаттар алқасы танылады.
Адвокаттар алқасын құруға мемлекеттік органдардың арнайы рұқсаты
талап етілмейді. Адвокаттар алқасын адвокаттық қызметпен айналысуға
құқығы бар, лицензиясы бар адвокаттар құрай алады. Адвокаттар алқасы жеке
және заңды тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету үшін адвокаттардың
құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғауүшін құрылатын
адвокаттардың коммерциялық емес кәсіби өзін-өзі қаржыландыратын ұйым
болып табылады.
5
Адвокаттар алқасы облыстық және республикадағы үлкен басқа
қалаларында бір ғана өзі жұмыс жасайды. Облыстық, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың аумағында адвокаттар алқасы болмаған жағдайда заң
талаптарына сәйкес келетін кемінде 10 құрылтайшының бастамшылығы
құрылады. Заң талаптарына сәйкес келетін адвокат деп адвокаттық
лицензиясымен заң шеңберінде адвокаттық қызмет көрсететін адвокаттар
алқасының мүшесі болып табылатын және жоғары заң білімі бар заңгер
мамандығы бойынша кемінде екі жыл стажы бар адвокат бола алатынын бiлдiк.
Жеке және заңды тұлғалардың істері бойынша қорғау мен өкілдік етуді
жүзеге асырған кездегі адвокаттардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
Қазақстан республикасының заң актілерінде белгіленеді.
Адвокатураның ұйымдастырылуы мен қызметі:
1) Адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігі;
2) Адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістермен және
құралдармен жүзеге асыру;
3) Заң актілерінде тікелей көрсетілген жағдайларды қоспағанда,
прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, мемлекеттік
органдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу;
4) Кәсіби мінез-құлық нормаларын ұстау және адвокаттық құпияны сақтау
қағидаларына негізделеді.
Осы қағидаттарға жеке – жеке тоқталатын болсақ,
1.
Адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігі:
а) адвокатура ұйымдастырылуы мен құрылуында мемлекеттік және басқа
органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына тәуелді емес.Оның ішінде
адвокаттар алқасының санды құрамы, оған мүшелікке қабылдау,шығару және
5
ҚР «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы 20 бап
14
әрбір адвокаттар алқасының әрбір мүшесіне тәртіптік жауапкершілік қолдану
туралы мәселелерді де адвокаттар алқасы өздері шешеді.
6
б)
Мемлекеттік
органдардың,
саяси
партиялардың,
қоғамдық
бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарының адвокаттық
қызметті жүзеге асыруға тікелей немесе жанама түрде кедергі жасауға құқығы
жоқ.
Адвокатты ол заң көмегін көрсетіп отырған адам мен теңдестіруге тыйым
салынады.
Адвокаттан өз кәсіби міндеттерін жүзеге асыруға байланысты оған мәлім
болған мән-жайлар туралы куәгер ретінде жауап алуға тыйым салынады
2) Адвокаттық қызметті заңдарда тыйым салынбаған әдістермен және
құралдармен жүзеге асыру;
Адвокаттарлан,
адвокаттар
алқасы
төралқасының
заң
консультацияларының,
адвокаттық
кеңселердің
басшылары
мен
қызметкерлерінен, заңмен белгіленген жағдайларды қоспағанда, белгілі бір
адамға заң көмегін көрсетуге байланысты қандай да болмасын мәліметтер
беруді талап етуге тыйым салынады.
Адвокаттық іс жүргізу және адвокаттың соған байланысты өзге де
материалдары мен құжатттары, заң актілерінде тікелей көзделгеннен басқа
жағдайларда, тексеруге қарауға, алуға, алып қоюға және тексеріске жатпайды.
Адвокатқа өзі қорғайтын адаммен оңаша жолығуға рұқсат беруден бас
тартуға тыйым салынады.
3) Заң актілерінде тікелей көрсетілген жағдайларды қоспағанда,
прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, мемлекеттік
органдар тарапынан адвокаттардың қызметіне араласуға жол бермеу
Анықтау, алдын ала тергеу органдары мен соттар адвокатты іске қатысуға
жіберген сәттен бастап оған өзі қорғайтын адам қамауда болатын бүкіл кезеңге
іске қатысуға жіберілгені туралы дереу жазбаша растау беруге міндетті.
Анықтау және алдын ала тергеу органдары, іс жүргізу заңында көзделген
жағдайларда, адвокатпен келісілген мерзімде тергеу және өзге іс жүргізу
әрекеттеріне оның қатысуы қажеттігі туралы адвокатқа хабарлауға міндетті.
Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік емес ұйымдардың басшылары
адвокаттың нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге байланысты өтінішіне
заңда белгіленген мерзімнен кешіктірмей жазбаша жауап беруге міндетті.
Адвокаттардың заңсыз араласуға жол берген немесе осындай қызметті
жүзеге асыруға кедергі келтіретін адамдар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
4) Кәсіби мінез-құлық нормаларын ұстау және адвокаттық құпияны сақтау
қағидаларына негізделеді яғни «Адвокат құпиясы».
Адвокат құпиясын адвокатқа жүгіну фактісі, көмек сұрап өтініш жасаған
адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша келіссөздердің мазмұны
туралы, көмек сұрап өтініш жасаған адамның мүдделерінде жасалатын
әрекеттердің сипаты мен нәтижелері туралы мәліметтер, сондай-ақ заң көмегін
көрсетуге өзге ақпарат құрайды.
6
Тыныбеков.С. Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан. Алматы. Данекер,2001
15
Адвокаттардың, адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы,
адвокат кеңсесі қызметкерлерінің заң көмегін көрсетуге байланысты алынған
мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ өз мүдделері немесе үшінші бір
адамдардың мүдделері үшін пайдалануға құқығы жоқ.
Заңға сәйкес жауапты болады!
Кейбір жағдайларда адвокаттық қызметті жүзеге асыратын адвокатура
белгілі бір нақты дәрежеде мемлекеттің бақылауында болады. Яғни,
-
адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсат беретін лицензия беру,не
одан бас тарту және күшін жою,
-
адвокаттар еңбекақысынан салық алыну.
-
Алдын ала тергеу органдары мен сот органдарының тағайындауымен
тұлғалардың жеке бір категорияларына тегін заң көмегін көрсету (ҚР
Адвокаттық қызмет туралы Заңның 5-6 баптары)
«Әділет органдары туралы» ҚР Заңының 19-бабының тармағының 1,3,6
пункттері бойынша Адвокатураның бұндай қызметтеріне бақылауды ҚР Әділет
Министрлігі және оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
7
Дегенмен ондай бақылауды адвокатураның ұйымдастырылуы мен
қызметіне араласпай жасау керек. Басқа да органдардың адвокатураның қандай
болмасын адвокаттық қызметіне араласуына жол берілмейді.
Сонымен адвокатура – қылмыстық, азаматтық экономикалық іс жүргізу,
әкімшілік жағынан болсын жеке бір сала ретінде өз қызметін жүзеге асыратын
тәуелсіз ұйым.
8
Бақылау сұрақтары.
1.
.Адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігі қандай
қағидаттарға негізделеді?
2.
Адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезінде тәуелсіздігінің
кепілдіктерін атаңыз?
3.
3.Адвокаттардың өз қызметін жүзеге асыру кезінде қандай тәсілдер мен
құралдарды қолданады?
4.
Адвокатураның қандай болмасын адвокаттық қызметіне араласуына жол
берілмейтіндігі жайлы қандай заңдармен реттеледі?.
5.
Кәсіби адвокаттар құпиясын сақтау дегеніміз нені білдіреді?
7
«Әділет органдары туралы» ҚР Заңы.18 наурыз 2002 жыл. № 234-ІІ -// Казахстанская правда 2002 22 наурыз.
8
Г.Ж.Сүлейменова. Л.В. Воронина. Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан.
Алматы//2002.
|