Қазақ Әдебие­ТІ



Pdf көрінісі
бет83/90
Дата29.11.2022
өлшемі2,89 Mb.
#160370
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90
Байланысты:
811-002-002к-20 КазЛитра 11 каз УЧЕБНИК ЕМН

2. Негізгі бөлім.
Бұл бөлім кемінде үш азат жолдан тұрып, үш пікірмен 
ашылғаны дұрыс. Әр пікір кіріспеде көрсетілген мақсатты ашуға жұмыс 
жа сауы керек. Әр азат жол бес-алты сөйлемнен тұрса да болады. Бірінші, 
екін ші сөйлемде негізгі мәселе туралы ақпарат беріледі. Ал үшінші, 
төртінші сөйлемде осы мәліметке қатысты ой орын алады. Одан кейінгі 
сөйлемдерде жалпы ойды қорытындылау керек. 
3. Қорытынды. 
Басты ескеретін мәселе – жаңа ой жазудан аулақ болу. Мұнда 
бастапқы көзқарасыңа қайта оралып, оны басқа сөйлеммен жеткізуге 


106
тырысу керек. Сонымен қатар негізгі бөлімнің әр азат жолының түйінін 
топтап жазып барып, жалпы қорытынды сөйлеммен аяқтаған дұрыс.
Эссені топпен жазу. 
Топқа бөлінгеннен кейін, 1-бала тақырып бойынша 
тақырыптық сөйлем жазады, 2-бала не талқылайтынын жазады, 3-бала дәлел 
келтіреді, 4-бала қорытып, барлығын байланыстырады немесе мұғалім ұсынған 
қиылған эссені дұрыс ретпен құрастыру керек. Сондай-ақ топқа бөлініп, 1-топ 
кіріспе бөлімін, 2-топ негізгі бөлімін, 3-топ қо ры тынды бөлімін жазып, сынып 
алдында қорғап, талқылауға болады. 
Эссе жазу кезеңдері: 
Проблеманы анықтау – ойлану – жоспарлау – жазу – тек серу.
Эссе жазу барысында сақталуы тиіс талаптар:
• жеке көзқарастың көрінісі;
• фактілі дәлелдер (аргументтер);
• теориялық негіздеме;
• терминдерді қолдану;
• дәйексөздерді келтіру;
• әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
• логикалық заңдылықтың сақталуы;
• салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
• сауаттылық (пункт., орфогр.);
• юмор, сарказм;
• қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссе жазу барысында жиі кездесетін қателіктер:
• тақырыптың ашылмауы;
• автордың жеке позициясының көрінбеуі;
• теориялық негіздемесінің болмауы;
• терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
• тым қарапайым өмір мысалдарының көптігі;
• ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздердің орын алуы;
• келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы келуі;
• қорытындылау, түйін шығарудың жоқтығы;
• логиканың болмауы.


107


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет