Қазақ Әдебие­ТІ



Pdf көрінісі
бет84/90
Дата29.11.2022
өлшемі2,89 Mb.
#160370
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90
Байланысты:
811-002-002к-20 КазЛитра 11 каз УЧЕБНИК ЕМН

Әдеби әссе жазу үлгісі:
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абайдың азаматтығы 
елге танылу ма, елді таныту ма, жоқ әлде есейгендік пе?
Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясында Абай 
туысы Бөжейдің асын өткізуге тікелей атсалысып, азаматтық танытты. Себебі 
кезінде әкесі Құнанбай мен Бөжей араз болғандықтан, қайтыс болғанына 
қа тыса алмай, олар оқшау қалған еді. Енді туыстар арасындағы сол сызатты 
қал пына келтірудің бір жолы – соңғы асына көмектесіп, кісілік таныту.
Бөжей – тобықтының жігітек атасынан шыққан беделді кісісі. Құнанбай 
қам қорлығында болған, алайда жер дауына байланысты екеуінің арасы 
ажыраған. 
Асы келген уақытта Абай әкесіне өзі қолқа салды. Бұл ас жалғыз жігітекке 
ғана сын еместігін айтып, әкесінен рұқсат сұрады. Бұл әрекетті мен оның есей-
ген дігі деп түсінемін. Себебі, ең алдымен, үлкендерден бата алды, аналарымен 
ақылдасты. Сонымен бірге досы Ерболдың ризашылық білдіруі де тегін емес: 
«Абай, бөтен сөзім жоқ. Тек бағана әкеңмен сөйлескен сөзіңді есіткелі өзіңе дән 
ырза боп, достығыма сүйсініп ем…». Бұл жерде «Кісіні досынан таны» деген 
қағиданың өміршеңдігі байқалады. Ерболдың ризашылық білдіруі тегін емес 
еді. Әкесі келіспегендік сыңай танытқанымен, баласының алған бетінен қайт-
пай тынын түсініп, кейін шегінді. Баласының «атаның баласы емес, адамның 
баласы екенін» іштей ұққандай болды. 
Аста Абай ер-азаматтық, мәрттік танытты. Он үлкен үй тікті. Оған отыздан 
үш жүз кісіні күтті. Аста болатын бәйгелер жоралғысын да ұмыт қалдырмады. 
Абай ел ақсақалдарынан жиынға келетін ең қадірлі, ең сыйлы деген елдің 
қонағының бірін беруін өтінді, соларды абыроймен атқарды.
Абай Сүйіндік, Байсал, Байдалылардың ыстық ықыласына бөленді. 
Байсал: «Балам, мен осы шаққа шейін сенімен тіл қатысып, жылы ұшырап 
көріскен жоқ ем. Ана бір жылы Қарқаралыда мейірі түсіп кетіп, Бөжікең бата 
беріп еді-ау! Мен онда жақтырмап ем. Бүгін Бөжікеңе адал іні боп, бетіңді 
аштың. Жақсы ағаның әмісе зор дәмесін өстіп ақтағайсың! Ақтарсың деп 
білемін!». Осы жолдардан Абайдың «кісі болар», «алысқа қарар» тұлға екенін
байқаймыз. 
Қорыта айтқанда, Абай ерте есейді. Өмірдегі қарыз бен парызды тү сі-
ну – есею дің белгісі. Оған, әрине, әкесі Құнанбай ықпал етті. Досы Ербол да 
дос таңдауда қателеспегенін түсінді. Міндетін жақсы атқаруға барын салды. 
Ел ағалары оны мойындады. Абай тек әке жолымен жүрсе, мына дүниенің 
өзгеріс сіз қалатынын түсінді. Осылайша, өзі салған сүрең жолмен әке даңқын 
аспанға шығарды.


108


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет