Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал


-кесте - Жылдар бойынша жоспарланған сату бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет158/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   164
2-кесте - Жылдар бойынша жоспарланған сату бағдарламасы 
 
Барлығы 2012 
2013 
2014 
2015 
2016 
2017 
2018 
Жылдық сату %
100%
100% 100% 100% 100% 100% 100% 
100% 
Томат, тн. 
1 439 
125 
219 
219 
219 
219 
219 
219 
Қияр, тн. 
2 188 
190 
333 
333 
333 
333 
333 
333 
Алматы қаласына тәулігіне 375 тонна картоп, 60 тонна пияз, 53 тонна сәбіз, 45 тонна қызылша, 75 
тонна қызанақ, 45 тонна қияр және 30 тонна алма тұтынылады. Осы кӛкӛністердің жергілікті жерде 
ӛндірілетіні: 23%- картоп, 36%- пияз, 35%- сәбіз, 34%-қызанақ және 51%- қияр ӛнімдері. Сондықтан қыс 
және кӛктемгі уақытта жеміс-жидектің қалғаны бӛлігі Қытай мен Ӛзбекстан мемлекетінен алынады.
Қазақстанда ашық жердің 70% -шӛл-дала болғандықтан, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу 
күрт ӛзгермелі ауа-райында кӛкӛніс пен бау-бақша ӛнімдерін ӛсіріп ӛнім алу қолайсыз. Сондықтан 
ӛсімдіктерді жабық жерде ӛсіру әдісіне кӛшу ең қолайлы әдіс болып саналады. [2-7] 
Оңтүстік Қазақстанда жылыжайдың кӛлемі 2009 жылы 124 гектар болса, 2012 жылы бұл кӛрсеткіш 
үш есеге артып жалпы кӛлемі 371 гектарға жетті. Бұл Республикалық кӛрсеткіштің 75 пайызын құрайды. 
Бүгінгі таңда жылыжайлар есебінен 1-ші айналымнан 50 тоннаға жуық ӛнім ӛндіріп, қыс және кӛктем 
мерзімдерінде сапалы кӛкеніс ӛнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Халқы кӛп Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің түзген бағдарламасы бойынша 2015 жылы 
барлық салынатын жылыжайлар кӛлемі 2011 жылмен салыстырғанда 441 гектарға артып, 782 гектарға 
жететін болады. Ал 2012 жылы ОҚ-да жылыжайдың кӛлемі 170 гектарға ұлғайып, 541 гектарға 
жеткен.Сонымен қатар облыс тұрғындарын қысқы және ерте кӛктемгі мезгілде арзан бағада жеміс-кӛкӛніс 
ӛнімдерімен қамтамасыз ету үшін 2011 жылы сиымдылығы 100 мың тонна қоймаларды жӛндеуден ӛткізу 
және жаңадан салу жоспары қойылған болатын. Соның нәтижесінде қоймалардың жалпы сиымдылығы 
117 мың тоннаға жетті, ал 2015 жылы барлық қоймалардың сиымдылығы 200 мың тоннаға жететін 
болады.
Қазір Қазақстанда ғана емес әлемде су тапшылығы айқын байқалып келеді, сондықтан суды 
үнемдеп ысырап етпей, тамшылатып суару технологиясын пайдаланудың болашағы үлкен. Оңтүстік 
Қазақстан облысында тамшылтып суару технологиясы 2011 жылы 10,5 мың алқапқа қосымша ендіріліп,
25,3 мың гектарға кӛбейді. Соған қарамастан жылыжайларда ӛндірілген қызанақ, қиярдың бағасы қымбат, 
әр килограммы 350-400 теңге. 
Жаз айларында кӛкӛніс дақылдары артығымен ӛндірілсе сезон аралықта жаңа кӛкӛністер жетіспей 
нормадан 23 есе кем болады. Қазақстан жылыжай Ассоциацияның ақпараттары бойынша ересек адамға 
шаққанда, Республикада кӛкӛністі пайдалану жӛнінен жылдық ұлттық норма қызанақтан 8,9 кг, қиярдан 7 
кг. Кӛкӛніс пен жемістерден жылдық қолдану 110 кг болып белгіленген. Бұл нормалық цифр денсаулық 
минстрлігінің 2002 жылы бұйрығымен бекітілген. 
Отандық кӛкӛністі пайдаланушыларға жылыжайда ӛсірілген кӛкӛніс Израиль, неміс немесе
Голландия тұтынушыларына қарағанда қымбатқа түседі, себебі ӛнімнің ӛзіндік құнының жоғары болуы 
мен ескі технологияны пайдалану және жылыжай комплектерінің шектен тыс ескіруі мен білікті 
кадрлардың жоқтығы. 
Республика халқын жылыжайда ӛсірілген жаңа кӛкӛністермен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 40 
гектар ӛнеркәсіптік жылыжай салынуы қажет. Мұндай жобаның құны 18 млрд, тенге. Сонымен ҚР-ның 
2010-2014 жылдары агроӛнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес 2015 жылы кӛкӛністермен 
100% Қазақстан халқын қамтамасыз ету жоспарланған. [1,6]
Соңғы кездері кӛкӛніс дақылдарын топырақсыз ортада ӛсіріп ӛнім алу кең тарауда Астана қаласында 
жер аумағы 3 гектар жылыжай құрылысын ―Астана ЭКО Стандарт„ ЖШС салуда, жылыжай жобасын 
―КазАгроҚаржы, АҚ қаржыландыруда. Мұнда тәулігіне 5 тонна ӛнім шығарылады деп күтілуде және бұл 
жылыжайда кӛкеніс ӛсіру компьютерлендірілген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Жылыжай толығымен 
―Yako Yadpaz Industries LTD„ Израиль компаниясының жабдықтарымен, израильдік технологияға 
негізделіп салынуда. Жылыжай жобасының жалпы құны 1777,24 млн.теңге, бұл қаржыны 6 пайыздық 
ӛлшеммен 10 жылға ―Каз Агро Қаржы„ кәсіпорыны несиеге берген. Жылыжайдың жылу, су, электр 
желілерін мемлекет ―Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасына сәйкес 450млн.теңге жұмсап, дайындап 
берген. 
Бұл жылыжайдың биіктігі 7 метр, поликарбонаттық жабыны және жылыжай шатыры бар күрделі 
құрылым болып табылады. Жылыжайда қызанақтар, қияр сорттары гидропоника әдісімен ӛсіру 
жоспарланған. Мұнда топырақтың орнына органикалық субстрат, ал құнарлы ерітінді ӛсімдіктерге 
тамшылатқыш түтікшелер бойынша беріледі. Ӛсімдік тамыры субстрат қабаты арқылы ӛтеді, ерітіндіден 
барлық қажетті құнарлы затты қажетті мӛлшер де және нақты пропорцияда алады. Ашық топырақта 
ӛсімдік ӛсірудің классикалық әдісімен салыстырғанда гидропоника әдісі экологиялық таза ӛнімді 


215 
қамтамасыз етіп, ӛнімділікті біршама арттырады. Ӛйткені гидропондық жылыжай жағдайында 
физиологиялық процестер жылдам ӛтеді. Бұл технологияда жасанды субстратпен қатар жасанды жарық 
қолданылады, сондықтан кӛкӛністі ӛндіру ауа райы жағдайына тәуелді болмайды. Бұл технологияны 
кӛкӛніс фабрикасы деп атайды.
Мұндай фабрикада топырақты, күнді және адам факторын алмастыратын қондырғылармен қатар 
қоректік ортамен оларды басқаратын компьютер қолданады. Кӛкӛніс фабрикасында компьютер барлық 
ӛндіріс процестерін басқарады, яғни микроклиматты, қоректік ерітіндінің концентрациясын, жарықтың 
интенсивтілігімен оның ұзақтылығын т.б. автоматты түрде реттеп отырады. Осындай фабрикада 
ӛндірілген кӛкӛніс ӛнімдері, ӛзінің жоғары сапасымен және нитраттардың тӛменгі құрамымен 
ерекшеленеді. Бұл технологияны қолдану жоғары экономикалық эффект беріп, жоғары технологиялық 
жылыжай комплексін одан әрі дамытып, алынған ӛнімнің рентабельділігін арттырып, жыл бойы халықты 
кӛкӛніс ӛнімдерімен қамтамасыз етуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет