Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет159/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   164
 
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.ҚР статистика агентігінің ақпараты 2012-2013ж. 
2. Құлжанов А. Қазіргі уақытта жылыжайлардың маңыздылығы. //Жаршы, 2002/8 
3. Тайжан Б. Суармалы жерлер түгенделуде. Егемен Қазақстан-18.05.2012ж., 11б. 
4. Каплина Г.Т., Сиривля А.Г., Синенко Л.Н.. Рекомендации по выращиванию рассады и ранних овощей 
под пленкой в Южном Казахстане. Алматы.Кайнар», 1970г. 
5. Гольдаде Э.А. Пленочные теплицы. Алматы. 1999г.
6. Жұмабайқызы Г. Кӛкӛніспен қамтудың тӛте жолы – жылыжай /Айқын газ..21.02.2012ж.
7. Ӛкемқызы Г. Астанада 

жаңа жылыжай. Астана ақшамы газет.2011ж 
Аннотация.
В статье приведены данные о построенных теплиц в Казахстане и особености применяемых
в них технологий. 
Annotation.
In article the data on built greenhouses in Kazakhstan and features of used technologies. 
 
ӘОЖ 595.7 
Ш 62 
ЖАЙРАЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Шинышерова Ғ.Б., Чохыева Г. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Жер жүзінде жайралар кең тараған. ТМД елдерінің барлық территорияларында мекендейді
сонымен қатар әртүрлі аймақтарда, биіктік белдеулері мен ландшафттарда кездеседі. Кӛптеген 
кеміргіштер – жер бетінде, кейбіреулері тіршілігінің бар кезеңдерін топырақ арасында ӛткізеді. 
Кеміргіштер арасында жартылай суда тіршілік ететін, жақсы жүзетін және сүңгитін формалары да бар. 
Кейбір ағаш сүлбесінде тіршілік ететіндердің денесінің екі жағында жазылатын қатпарлары болады, 
осының кӛмегімен олар ағаштан-ағашқа 100 метрге дейін қалықтап ұша алады. Кӛпшілігі тәулік бойы 
белсенді. Әртүрлі баспаналарды - ін, қуыс, жарықшақ және т.б пайдаланады. Суық қыс жағдайында ұзақ 
ұйқыға кетуі мүмкін.
Бұлар бағалы терісі үшін ауланатын аңдар және жыртқыш аңдар мен құстардың қоректену 
нысандары болып табылады. 
Бұлар негізінен Еуразия мен Африканың субтропиктік және тропиктік аймағында тіршілік етеді. 
Оңтүстік Азияда және Жерорта теңізі елдерінде 13 түрді біріктіреді.
Арқасын, бүйірін және құйрығын ұзын инелер жапқан, денесінің басқа бӛлімдері - қатты 
қылшықты. Кӛздері мен құлағы кішкентай. Алдыңғы аяқтары 3 не 4, артқылары - 5 саусақты. Табандары 
тегіс, түксіз. Азу тістерінің саны 4-тен. Негізінен жайралар ұйқыға жатпайды. Жылына 1-3 мәрте кӛбейіп, 
әрқайсысынды 2-ден ұрпақ әкеледі. Қазақстанда Маңғышлақтың оңтүстігінде, Талас, Қырғыз, Іле 
Алатауларында, Қаратау және Шу-Іле тауларында кездеседі. Маңғышлақтың оңтүстігінде Кендірлі - 
Қайсан үстіртінде, Елшібек құдығы, Жабайұшқан бӛлігінде, Талас Алатауында, Сайрам-Ақсу ӛзендерінің 
аралығындағы тау қойнауында, Іле Алатауының батыс бӛлігіндегі Жетіжол, Қастек тау етектерінде, 
Қырғыз Алатауының Аспара, Мерке, Қаракыстақ, Қарақат, Сарыбұлақ, Шұңқыр қойнауларында,
Қаратаудың Сырдария бӛлігінің оңтүстік - шығысында және Кіші Қаратауда кең таралған.
Маңғыстау түбегіндегі тау жоталары мен бӛктерлеріндегі ормандар мен тоғайларда, ӛзен 
аңғарларында мекендейді. 6 түрі бар, оның бір түрі – 
үнді жайрасы немесе аққұйрықты
(H. іndіca), ол 


216 
Қазақстандағы ең ірі кеміруші. Тұрқы 60 – 90 см, құйрығының ұзындығы 12 – 15 см, салмағы 15 – 27 кг. 
Оның дене бітімі ерекше – арқасы мен бүйірінде қаптаған ине 
шамамен 30 – 35 мыңдай
болады.
Жайралар інін тастың қуысына, ӛзен бойындағы биік жарға салады. Бұл іннің тереңдігі шамамен 4 
м-ге дейін барады. Ол кӛбіне шӛппен, ӛсімдік, тамыр жеміс, жеміспен қоректенеді. Сонымен қатар бұл 
жайралар қоректенуге түнде шығады. Жайраларға күздігүні мәдени ӛсімдіктің жетіспеуінен азықтан 
кӛбінесе оның игіліктерінің - қарбызды, қауынды, қиярларды, асқабақтарды, жүзімді, жоңышқаны жейді. 
Қыста сүректі шоғырмақты жейді, тал-шыбықтың тӛменгі бӛліктерін кеміреді. Анда-санда құрт-
құмырсқаларды және сонымен қатар олардың дернәсілдерін жейді.
Жылына бір рет яғни 2–5-ке дейін балалайды. Буаздық мерзімі 60 – 90 күн. Жаңа туған жайралар 
ӛте әлсіз, денесіндегі инелері алғашқы тәуліктерде жұмсақ болады. Қолда ұстағанда үнді жайрасы 20 
жылдай тіршілік етеді. Үнді жайрасының жылдан - жылға саны азаюда. Мысалы, Алматы мен 
Шымкенттегі хайуанаттар саябақтарында 5 жұбы, Қарағандыда 2 жұбы бар. Сондықтан қорғауға 
алынып, Қазақстанның 
«Қызыл кітабына» 
1996 жылдан бастап енгізілген. Қазіргі таңда жайралар 
Қаратау қорығында қорғалады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет