Математикаға алғашқы қадамдар.
Бұл ойын баланы мектепке дайындауға көмектеседі.
Баланың алдына бес бірдей шыны аяқ қойып,
тӛрт қуыршақ отырғызыңыз. Одан барлық қуыршақтарға шай құю үшін шыны аяқ жете ме деп сұраңыз.
Егер бала әлі санай алмайтын болса, әр қуыршаққа бір шыны аяқ беріп қойыңыз. Қалған шыны аяқ
балаға қуыршаққа қарағанда шыны аяқ артық екенін түсінуге мүмкіндік береді. Балаға немес осылай
болып шыққанын түсіндіруге кӛмектесіңіз (қуыршақтың саны шыны аяққа қарағанда кем).Бұл ойында
әртүрлі заттарды қолдануға болады (қуыршақтар мен орындықтардың, қасықтардың, шанышқылардың,
тәрелкелердің санын салыстыру). Алдымен саны бесеуден аспайтын заттар тобын ұсынып, содан кейін
оларды 10 – ға дейін кӛбейтуге болады.
Алдымен бала затты қолына алып екіншісіне түйістіріп салыстыруға болатындай, содан кейін
заттарды кӛзбен сәйкестендіріп салыстыра алатындай тапсырма беріңіз (мысалы, бӛлмедегі жиһаздың
нақты заттарын салыстыру). Егер бала қиналса, бір заттан екіншісіне жіп тартып немесе сызықтарды
бормен сызып қоюды ұсынамыз.
Тҥйме сатып алайық.
Кешенді тапсырмаларды шешуге бағытталған ойын. Ойыншықтардың бірі – сатып алушы, екеншісі
– сатушы. Біріншісі дүкеннен қуыршақтың жаңа пәлтесіндегі ілгектер қанша болса, сонша түйме сатып
алу керек.
Фишкалар салынған қораптан «сатушы бала» фишкаларды шығарып, оларды пәлтеге орналастырады
(қалған фишкалары бар қорапты баланың кӛңілін бӛлмеу үшін қақпағын жауып қойған жӛн). Содан кейін
оларды жинап алады да, «дүкенге барады». Ол сатушыға қолындағы фишкаларды кӛрсетіп былай дейді:
«Маған осынша түйме керек». Сатушы жаймадан қажетті кӛлемде түймелерді алып, оларды
орналастырылған түйме – фишкаларға қойып шығады. Сосын сатып алушы түймелерді пәлтенің
ілгектеріне қойып шығып олардың санын тексереді. Осыған ұқсас ойындарды басқа материалда ӛткізуге
болады. Мысалы, келген балалар санына сәйкес келетін кітаптар санын іріктеп, кітапхана ойынын ойнауға
болады. Алдымен, заттарға (пішіні, т.с.с.) ұқсайтын фишкаларды қолданған жӛн.
Достарыңызбен бөлісу: |