Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет73/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   164
Литературы
1.
Дармодехин С.В. Беспризорность детей// Педагогика, 2001. №5,с.3 
2.
Джаманбалаева Ш. Беспризорность детей и подростков в Казахстане// Саясат-Policy, №11, 2002, с..53 
3.
Иванов В.Н., Патрушев В.И. Социальные технологии. М.: ТЦ Сфера, 1999. 
4.
Мельникова Э.Б. Профилактика беспризорности детей и подростков// Правозащитник, 1999, №2, с.21 
5.
Нечаева A.M. Детская беспризорность — опасное социальное явление // Государство и право. 2001, N 
6. С. 58. 
6.
Нуркенов К. Беспризорность как проблема воспитания// Голос Экибастуза, №17, от 26.04.2002 
7.
Ярошенко О.Ю. Дети и улица// Алматинский вестник, №15 от 03.03.2004 
Аннотация. 
Мақалада Қазақстанда ата-ананың қарауынсыз қалған балалар мәселелерін шешу жолдары 
қарастырылған.
Annotation.
On paper considers the problem of street children. Given statistics in Kazakhstan.
 
ӘОЖ 371.42.
К 37 
КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ЖҤЙЕСІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ
ӚЗІНДІК ЖҦМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Кенжебаева З.К. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдаған «Болашақтың іргесін 
бірге қалаймыз» атты Жолдауында ұлттық білім беру жүйесі дүние жүзілік стандартқа сай қазіргі кездегі 
талаптарды қанағаттандыратындай болу қажеттігі ең маңызды мәселе ретінде қаралды. «Біз білім беруді 
жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Ӛмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына 
айналуы тиіс» -деді Елбасымыз.
Қазіргі жоғарғы оқу орындарында білім беру жүйесі білім алушының танымдық ой-ӛрісін 
белсендіре, шығармашылықпен ӛзіндік дамыта оқыту жаһандану жағдайында кредиттік оқыту жүйесі 
арқылы жүріп жатыр.
Кредиттік оқыту жүйесі әлемдік жаһандану талаптарына сай келетін дәстүрлі білім беру жүйесіне 
ӛзгеріс енгізуді мақсат етеді.Кредиттік оқыту жүйесі білімгерлердің білім кӛлемін тек баллдық жүйе 
түрінде бағалауды ғана емес, білімгерлердің ізденгеніне қарай бағалау, білімгерлердің ӛзін-ӛзі дамытуға 
жағдай жасау мақсаттарын кӛздейді. 
Кредиттік оқыту жүйесінде білімгерлердің ӛзіндік жұмысы оқу бағдарламасының барлық кӛлемінің 
үштен екі бӛлігін құрайды.Демек жоғарғы оқу орындарындағы білімгерлердің ӛзіндік жұмыстарын 
жаңаша талаппен, тиімді ұйымдастыру, әдістемелерін жаңалау оқу үрдісін жетілдіру болып табылмақ. 
Ана тілі – бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің 
негізгі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың интеллектісі мен шығармашылығын 
дамытудың арнасы. Оқушылардың мектептегі ана тілін оқып-үйрену әрекеті жасампаздық сипатқа ие. 
«Қазақ тілі» пәні арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды 
сезіне бастайды, сӛйлеу машығында оқушылардың ӛзіндік ерекшелігі айқындала түседі. 
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды оқуға, сауатты жазуға және 
тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін (тыңдау, оқу, сӛйлеу, жазу) меңгеруге 
үйрету, ойлау қабілетін дамыту, ӛз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын етіп тәрбиелеу.Сондықтан да ана 
тілінде оқу-жазуға дағдылану арқылы басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы пәнінің басты мақсаты – 
мұғалімдерге қазақ тілін (әліппені, әдебиеттік оқуды, грамматиканы) оқыту әдістемесінің теориясынан 
жүйелі білім беру, сабақ жүргізу әдіс-тәсілдерін меңгерту. 


115 
Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы лекция, семинар, зертханалық 
сабақтар, білімгерлердің ӛзіндік жұмыстары және педагогикалық практика арқылы іске асырылады.
Ӛзіндік жұмыс іс-әрекеті ӛзінің мәні жағынан оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы ретінде ұғынылып, 
оқудың күрделі түрі болып саналады. Студенттердің ӛзіндік жұмысы- студенттердің танымдық 
қызығушылығын, белсенділігі мен дербестігін қамтитын ӛз бетімен ізденіп, игерілген білімді тереңдетіп, 
бекітіп, дағдыға айналдырып, ӛзін-ӛзі ұйымдастыруға тәрбиелейтін, кәсіби біліктерімен дағдыларының 
қалыптасуына мүмкіндік беріп, шығармашылық әрекеттің қалыптасуына жағдай жасайтын оқу жұмысы 
болып табылады. 
Студенттердің ӛзіндік жұмысын белсенді жүргізу болашақ кәсіби маман дайындауда, білім деңгейін 
кӛтеруге бағытталған мемлекеттің стратегиясын іске асыруда аса маңыздылыққа ие болуда. 
Ӛзіндік жұмыс оқу процесінің бір түрі болып табылады. Оны тиімді ұйымдастыру мен орындау үшін 
оқытушы тарапынан жоспарлау мен бақылауды қажет етеді. 
Бүгінгі білімгер — болашақ маман, сондықтан ӛзіндік жұмыс болашақта ӛз білімін жетілдіріп отыру 
үшін аса қажет. Себебі ғылым мен техниканың дамуы, ақпараттық жүйенің тез ӛзгеріске ұшырауы, 
маманнан әртүрлі дерек кӛздерін, ӛз бетімен оқып-үйренуді қажет етеді. Студент тек ӛз бетімен еңбектену 
арқасында ғана жақсы маман бола алады. 
Қазір ӛзіндік жұмыстың екі түрі қолданылады: 
а) ӛзі қалаған уақытында орындайтын білімгерлердің ӛзіндік жұмыстары; 
ә) аудиторияда оқытушының бақылауымен орындалатын жұмыстар. 
Әрбір маман ӛзінің кәсіби білімі мен шеберлігін ӛмір бойы толықтырып отырады. Біздің ойымызша 
ӛзіндік жұмыс – тек жекелеген пәнді меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, 
ӛзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да ӛзіндік жұмыс білікті 
маман дайындаудың тиімді жолы болып табылады. 
Студенттердің ӛз бетінше жұмысының педагогикалық тиімділігі – оқытушының жұмысқа жасаған 
басшылығының сапасына байланысты болса да, ӛзіндік жұмыстың негізгі ерекшелігі – студенттердің 
берілген тапсырманы оқытушының кӛмегінсіз орындауы.
Жоғары оқу орындарына кредиттік технология жүйесін енгізу білімгерлер алдына жаңа міндеттер 
қояды.Олардан тек ӛз бетінше білім алу ғана емес,оны іс-тәжірибе жүзінде қолдана білу талап етіледі.
 
Студенттің ӛзіндік жұмысы ойлау дағдысын қалыптастырып нақты ғылым саласының материалын 
терең және саналы түрде меңгеруге жағдай жасайды. 
СӚЖ қарастырып отырған мәселеге білімгерлердің қызығушылығын туғызып,одан әрі тереңірек 
зерттеп,әдебиеттермен де жұмыс істеуге бағыттап, әртүрлі пікірлерді салыстыра отырып, ӛз кӛзқарасын 
айқындауда бағдар береді.Ӛзіндік жұмыс жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін тигізеді. СӚЖ 
білімгерлердің жұмыс уақыты мен бос уақытын дұрыс ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырып,еңбек 
тәртібіне үйретеді. 
Студенттердің ӛзіндік жұмысы оқытудың білім беру,тәрбиелік және дамыту мақсаттарын жүзеге 
асыруға бағытталған.Студенттердің ӛзіндік жұмысын дұрыс ұйымдастыру мен бақылау студенттердің 
ойдағыдай білім алуының маңызды шарттарының бірі болып табылады. 
Оқыту тәжірибесінде студенттердің ӛзіндік жұмысын ұйымдастырудың тӛмендегідей түрлері 
қолданылады: 
- проблемалы мәселелер бойынша рефераттар,курстық және диплом жұмыстарын дайындау; 
- оқу құралдарын арнаулы және басқа әдебиеттерді рефераттау және аннотация жасау; 
- кәсіптік бағдарлы іскерлік ойындардың сценарийін жасау; 
- аннотация жазу,рецензия, эссе, глоссарий, талдау жұмыстарын жасау; 
- жұмыс бағдарламасына сәйкес үйге берілген жұмыстарды орындау; 
- білімгерлердің ғылыми конференцияларына қатысу. 
Ӛзіндік жұмысты ұйымдастыруда дәрісханалық сабақтардың орны үлкен. Мәселен студенттерге 
берілетін сұрақтар ӛз мамандығына байланысты құрастырылады.Сонда студенттің кемінде екеуіне 
баяндама-реферат жасау тапсырылса,олар берілген тақырып бойынша әртүрлі кітаптардан ақпарат жинап, 
оларды салыстыру бағытында ӛткізу оларды қызықтыратындығы байқалады. Олар кейбір кітаптардың
терминологиясына сынау жасап, ӛз ойларын ортаға салуға тырысады. 
Ӛзіндік жұмыстың жалпы оқу үрдісіндегі маңыздылығы мынадай ерекшеліктері бойынша 
сипатталады:
-ӛзіндік жұмыс білімгер ойларын жазбаша түрде кӛрсете білумен қатар шығармашылық ойланудың 
және зерттеу жұмыстарының негізін бекітуін қамтамасыз етеді; 
- дәрістен алған білімдерін кеңейтіп,тереңдетумен қатар теориялық, түпнұсқалық материялдарды 
талдау дағдысын қалыптастырады; 
- оқу бағдарламасына сәйкес білімгердің қаншалықты белсенділік, шығармашылық бағытта ӛсуін 
бақылауға мүмкіндік береді. 


116 
Бастауыш сыныптарда «Қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» пәнінен жүргізілетін
студенттердің ӛзіндік жұмыстарының жоспары тӛмендегідей: (1,2-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет