Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет71/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   164
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауы». //Егемен Қазақстан 2006 ж. 
2.ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.- Астана 2009ж. 
3.Шарипбаева М.С. Изучаем английский язык. Для детей 5-6 лет. Методическое пособие.- Алматы. 2011. 
4.Учим английский язык. Новый образовательный проект. –М: «Махаон»,- 2000.195 с.
Аннотация.
В статье рассматривается характеристика детей с высшой ответсвенностью, с новыми 
знаниями, быстрые и шустрые, с считая закономерностью пространства, и усваевающие обычаи-традиции 
и литературы своего народа, и знанием своего родного языка, свободно-здаровомыслишие дети. 
Annotation.
The article discusses characteristics of children with higher liability companies, with new 
knowledge, quick and nimble, with regularity considering space and usvaevayuschie customs-traditions and 
literature of his people, and the knowledge of their mother tongue freely-zdarovomyslishie children.
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДАМУЫ 
 
Жакипова М.Қ. 
№51 мектебі, Тараз қ. 
 
Баланы мектепалды дайындау үздіксіз білім беру жүйесіндегі мектепке дейінгі педагогика 
ғылымының ең негізгі ӛзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
 
Қазақстан Республикасының 
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты»» атты жолдауында барлық саланың жаңаруы туралы мәселелер, оның ішінде білім саласы 
барысындағы жағдайлар атап кӛрсетілген.
 
Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне кӛшу арқылы шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны 
қалыптастыруда жаңа ұлттық үлгіні жасауда, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиені жетілдіру мәселесі 
ерекше маңызға ие болмақ. Бүгінгі таңдағы заманауи ӛзгерістер ағымы балалар психологиясының
дамуына ықпал етуде, әсіресе бұл құбылыстың нәтижелі жүзеге асуы 4-6 жас аралығында қатынастың 


109 
басты мотиві - ӛзара түсіністік пен әсерлену болып табылады. Бұл кезеңде баланың айналаны танып-
білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы ӛзін қызықтырған сан алуан 
сұрақтар қоя алады. Егер 4-5 жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат 
құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар мінез-құлық мәдениеті 
ережелері, ӛзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді.
Жетекші мотив тұлғалық мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы күші, нақты 
атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады Бес-алты жастағы бала ӛзін барлық жағынан 
«жарылыс» (бұл, әсіресе, балабақшаға баратын балаларға тән) түрінде кӛрсете алады. Құрдастар 
ересектерден асып ӛтіп, бала ӛмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны 
іскерлік ынтымақтастық пен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. 
Балалардың қарым-қатынасы, әсіресе, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті, ойын қарекеті үстінде 
айқын кӛрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды ӛзінше бағалайды 
және үлкендердің бағалауын ӛзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне 
бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол ӛз мүмкіншіліктері мен жетістігіне 
мақтанып, ӛзін басқадан биік ұстайды, ӛзгені қызғанады, оны ӛзіне бәсекелес санайды.
Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда 
болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым ӛзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында 
басқа балаларды ӛзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста үлкендердің де, құрдастарының да оның 
пікірімен санасқанын, ӛзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, ӛзара қарым-қатынасында 
түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қарым-қатынас 
құзіреттілігі қалыптасады. 
5-6 жаста сюжетті-рӛлдік ойындар ӛзінің кемеліне жетіп, толысады. Балалардың сомдауы арқылы 
жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан 
құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рӛлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан 
басқа кейіпкерлермен сӛйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сӛйлеу тілі қалыптасады, рӛлдік қарым-
қатынастардың 
мәні 
ашылады. 
Қойылымдағы 
қимыл-әрекеттер 
ықшамдалып, 
баланы 
жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы 
керек. Осы жастағы балаларға не жайлы ойнағандықтарын білуге ұмтылу тән. Ертегі, кино, 
мультфильмдерден кӛріністер, ең бастысы, қоғамдық сюжеттер ойында басты орын алады. Осы кезеңнің 
маңызды жаңалығы - мінез-құлық еркіндігі. Барлық психикалық процестер (қарапайымнан күрделіге 
дейін), қатынас жасай білу мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті - ойында дамиды. Мысалы, 
ойында рӛл атқара отырып, бала ойын міндетіне барлық ӛзінің тезаралық, импульсивті әрекеттерін 
бағындырады.
Ойын барысында бала, ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гӛрі, зейіндерін 
жылдамырақ шоғырландырады, кӛбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың талап-
тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады және оны іске асырады. Басқа сӛзбен 
айтқанда, қатынас жасай білуге үйренеді. 
Ауыстырғыш заттармен ойнай отырып, шартты кеңістікті кӛз алдына ойша елестетеді. Кӛз алдына 
елестетін кеңістіктегі әрекет практикасы шығармашыл қиялды дамытуға мүмкіндік жасайды. Ӛнімді іс-
әрекет түрлері - сурет салу, құрастыру ойынмен бір тұтасқан. Бала сурет сала отырып, қандай да бір 
сюжетті ойнайды, текшелерден құрастыра отырып, оны ойынға енгізеді. Мектепке дейінгі ересек жаста 
ӛнімді іс-әрекет нәтижесі дербес мәнге ие болады, сӛйтіп ол ойыннан біртіндеп арылады. Бұл кезеңде 
мінез-құлықтың жаңа маңызды еркін түрі пайда болады.
 
Бала бұрын ӛзінің эмоционалдық кӛңіл-күйін кез 
келген ортада еркін кӛрсетсе, енді ӛзінің іс-әрекетінде тәртіп нормалары мен қағидаларын сақтайды. 
Дегенмен де бұл кезеңде ӛзін-ӛзі ұстай білу дағдысы қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет «ӛзін қалай 
ұстау керек?» деген сұрақ туады. Бала санасында ӛз әрекетін реттеп отыратын ӛзін-ӛзі ұстау тәртібінің 
үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала ӛз әрекетін реттеп отырады. Ӛз мүмкіншіліктерін, нені істей 
алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, ӛзгелермен қарым-қатынаста ӛз орнын біледі, ӛз әрекетін 
ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу, т.б.) де сезінеді, үлкендердің 
талаптарын түсініп, ӛз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтардың пайымдауынша, 
бес жастан кейін олармен «келісуге», тапсырмалар беруге, жаңа іспен қызықтыруға болады. 
Дәл осы кезеңде ӛзін-ӛзі ұстаудағы еркіндік бала психикасының дамуы мен жан дүниесінің 
қалыптасуының кӛзі болып табылады. Бала нені қаласа, соған жетуге тырысады. Оның ӛзін-ӛзі ұстауы 
айналасындағы жағдайға байланысты емес, ӛз шешіміне қарай болады. Осы құбылыстар бала дамуының 
барлық саласында кӛрініс табады және бекітіледі. 
5-6 ересек жас кезеңінде балалардың дамуын кӛптеген психологтар «мектепке дайындық» немесе 
«мектептегі оқуға жетілу» деп қарастырады.
Баланың жеке басының рухани – бай мүмкіндіктерін, отандық және дүниежүзілік мәдениет арқылы, 
қазақ халқының дәстүрімен, оның қол ӛнерімен және әдеп – ғұрыптарымен таныстыруда баланың еліне, 


110 
Отанына деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Мектепке оқуға дайындауда бала бойындағы негізгі 
психологиялық ӛріс еркіндік, батылдық, адамгершілік, ақыл – ой, кедергісіз жеңіл түрде мектепке дейінгі 
мекемеден мектепке ӛтеді. 
Ертеден қарым – қатынас құралы міндетін атқарып келе жатқан тіліміздің даму, қалыптасу 
заңдылықтарын, ерекшеліктерін бүгінгі ұрпаққа меңгертіп отыру – оларды жеке тұлға ретінде 
қалыптастыруда шешуші орын алатыны сӛзсіз. Ойлау, сӛйлеу әрқашан да бір – бірімен тығыз байланысты, 
яғни біртұтас психологиялық үрдіс, сондықтан балаға айналадағы ӛмір тіршілігін танытып, бағдарлай, 
қабылдай білуге үйрету арқылы ғана баланың сӛздік қорын молайтуға болады. Үйренген заттық 
ұғымдарының қалай аталатынын есту, тыңдау, ұғыну, түсіну арқылы сӛздік қоры дамиды. Сонымен қатар 
педагогтың жетекшілігімен ӛткізілетін арнайы ойын – жаттығулар кезіндегі қолданылатын сұрақтарды 
мұқият тыңдап, түсіну, жауап беруге сӛйлеуге үйретеді.
Баланың мектепалды дайындығының ең маңыздысы болып есептелетін мәселе оның сӛйлеуі, ұсақ 
мотарикасының дамуы, жеңіл қозғалуы, кӛруі, қабылдауы, сондай – ақ талдау, салыстыру, жіктеу, қорыту 
т.б. оқыту барысында ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Баланы сұраққа жауап бере білуге, ойлауға 
қызықты мәліметтерді білуге ынталы, қызығушылығын, ӛзін танып, білуін, құрбыларымен, үлкендермен 
ойын бӛлісе білуін дамыту қажет.
Бала ақыл–ойының дамуы тек белгілі бір білім кӛлемін ғана емес, танымдық іс–әрекет амалдары мен 
тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын 
тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні зор. Бұлардың бәрі қоршаған 
орта және ӛзі туралы білімді меңгеруі, мінез – құлық нормаларын игеруі білім, білік, дағдысының 
қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сӛз бен сӛйлеу әрекеті ойлау 
құралы болып табылады. Ӛйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғымы қалыптасады. 
5 жасында бала кӛрнекі– әрекеттік ойлаудан кӛрнекі– бейнелі ойлауға ауысады. 6 жасқа қарай 
ауызша – логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың кӛрнекі – әрекеттік ойлауы заттармен нақты әрекеті 
арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым – қатынас 
жасау барысында білім және тәжірибе жинақтайды.
Кӛрнекі – бейнелі ойлау мен оған ықпал ететін кӛрнекі – схемалық ойлаудың мәні одан туындаған 
жағдайларды шешу үшін бала заттардың ӛзіне емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы бейнелейді. Ол 
құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес неғұрлым маңызды байланыстарды, олардың 
арасындағы қатынастарды анықтап, кесте бойынша жұмыс жасай біледі, заттарды әр түрлі кеңістікте 
елестете алады, оларды ойша орындарынан ауыстыра алады. 
5-6 жасында бала логикалық ұғымдық ойлауды ауызша пайдаланады. Қоршаған орта, ондағы 
адамдардың орны туралы түсінігі неғұрлым кеңейе түседі. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралдағы 
тапсырмалар мазмұны қоршаған орта, қоғамдық ӛмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар 
мен қатынастар, адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары, ӛсімдіктер мен жануарлар 
туралы білімдерін қамтиды.
Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды, кейбір 
дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп – салдарды, кеңістік, кӛлем, ӛлшем туралы 
түсініктерді игереді. Ол сӛздерді еркін қолдануды ӛз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым 
заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді. Сӛздік 
қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды. 
Ересек жастағы балалардың логикалық ойлауының бастауын қалыптастыру, жалпы интеллектуалды 
дамуына мүмкіндік туғызу, танымдық және психикалық процесстерін дамыту, логикалық операциялар, 
проблемалық жағдаяттарды шешуге, тиімді әрекеттер ұйымдастыру, мектепте табысты оқуға дайындықты 
қамтамасыз ету қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет