Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАДАН



Pdf көрінісі
бет70/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   164
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ БАЛАБАҚШАДАН 
АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРТУГЕ БАУЛУ 
Досымбекова А.Т. 
№35 «Ер Тӛстік» балабақшасы, Тараз қ. 
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беружүйесінде үш тілдің –
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға 
үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті тұлға даярлау міндетін атап 
кӛрсетті. Бұл міндет білім беру жүйесінде жүзеге асатындықтан балабақшадан бастап, жоғары оқу 
орындарына дейінгі салаларда кӛптілді меңгерту мәселесі енгізілді. 
Балабақшадан бастап балаларға ана тілінің құндылықтарын меңгерту арқылы балалардың тілдік-
коммуникативтік құзіреттіліктерін меңгерту міндеті арнайы білім беру стандартына енгізілді. 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі оқыту мен 
тәрбиелеудің 2009 жылдың жаңа стандартына балалардың құзыреттілігін қалыптастыруға нақты талаптар 
қойылды. Яғни құзыретті тұлғаны тәрбиелеу отбасы және мектепке дейінгі мекемеден басталуы тиіс. 
Стандартта мектеп жасына дейінгі балалар балабақшадан негізгі бес құзыреттілікті меңгеруі тиіс деп 
кӛрсетілген. Олар: 
1.Денсаулық сақтау құзыреттілігі;
2.Танымдық құзыреттілік; 
3.Әлеуметтік құзыреттілік; 
4.Тілдік-коммуникативтік құзыреттілік; 
5.Шығармашылық құзыреттілік. 
«Қатынас» білім беру саласындабайланыстырып сӛйлеуді дамыту, мектеп жасына дейінгі 
балалардың сӛйлеу әрекетіне деген жеке қабілеттерін, мазмұнды монолог пен диалог құра білу іскерлігін, 
сауат ашуды меңгеруге дайындық жасау мақсатында тілдік шығармашылықты кӛрсету жұмыстарының 
мазмұндары мен міндеттері енгізілді. 
Жаңа стандарттың талабына сай балабақшадан бастап үш тілді меңгерту арқылы тілі дамыған,
шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға болатынды белгілі. Осы мақсатта 2013 жылдың қыркүйек айынан 
бастап, Тараз қаласының №35 «Ер Тӛстік» балабақшасына «үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру 
аясында эксперимент жүргізу жұмысы жүргізілуде. Экспериментік жұмыстың тақырыбы «Балабақша 
жағдайында кӛптілдікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық аспектілері». Негізгі мақсаты

педагогикалық эксперимент арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды кӛптілде тәрбиелеудің тиімді 
жолдарын анықтау. 
Балабақша жағдайында эксперименттің мақсат-міндеттерін жүзеге асыру мен балаларға үш тілде 
сапалы білім беруде заман талабына сай интерактивті тақта, лингофонды бӛлме, аудио-видео таспалар, 


107 
сӛйлейтін әліппе, сӛйлейтін қалам, кӛрнекі құралдар, дидактикалық материалдар т.б. жаңа 
технологиялармен жабдықталған. 
Балабақшада орыс, қазақ, ағылшын тілдері ойын түрінде техникалық құралдармен ӛткізіледі,
балаларға интерактивті тақтамен әр түрлі тапсырмалар беріледі, бейне сюжеттер кӛрсетіледі, кӛрнекі 
құралдармен жұмыс жасау, үш тілде ертегілерді сахналау, диалог құру жұмыстары жүргізіледі. Ағылшын, 
орыс, қазақ тілінен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін әр топта ӛткізгенде балаларды екі топшаларға 
бӛлу арқылы жүргіземіз.Балабақшадағыэксперименттік2-сәбилер, ортаңғы, ересектер топтарында
ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады, балалар «қызыл телпек», «бауырсақ», «тӛрт түлік сайысы» атты 
ертегілерін ағылшын тілінде сахналап, ӛзге тілді үйренуге деген қызығушылығының мол екенін 
кӛрсетуде. 
Бала ӛмірінің алғашқы жылдарында, жоғарыда атап ӛткендей, тіл мен танымдық процестерді игеруге 
деген құлшыныс ерекше байқалады. Дамудың дәл осы кезеңінде балалар бойында тілдік құбылыстарды 
сезіну, ӛзіне тән жалпы лингвистикалық қабілеттер пайда болады. 
Балалық шақта тіл негізінен екі бағытта дамиды: оның біреуінде сӛздік қор қарқынды түрде 
жинақталып, айналадағы адамдар сӛйлейтін тілдің морфологиялық жүйесі меңгеріледі; екіншісінде тілдің 
әсерінен танымдық процестер (зейін, қабылдау, ес, елестету және ойлау) жаңаша бір ӛзгерістерге 
ұшырайды. Бұл ретте сӛздік қордың артуы, тілдің грамматикалық құрылысы мен танымдық процестердің 
дамуы тұрмыс пен тәрбие жағдайына тікелей байланысты. Бұл мәселеде, әсіресе, тілдің дамуында әр түрлі 
ӛзіндік ерекшеліктер болатынын ескерудің мәні зор.
Мектеп жасына дейінгі балаларға ӛзге тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды 
психологиялық ақуал, мейірімді орта, қазақша, орысша және ағылшынша тілдесуге қуану сияқты 
жағдайлар тудыру. Қазақ, орыс, және ағылшын тілдерін үйретуде балалардың сӛздік қорларын байыту, 
жетілдіру, күнделікті ӛмірде қолдана білуіне бағыт беру, әр тілге тән дыбыстарды дұрыс айтуға 
жаттықтырып, тіл мәдениетін дамытудың маңызы зор.
Балалардың үш тілде сӛйлеуін, сӛздік қорын дамытуда сӛздің мағынасын дұрыс түсініп, оны ӛз 
сӛзінде дұрыс қолдануға үйретуде инновациялық әдіс-тәсілдерді ойын технологиясы арқылы меңгертуді 
кӛздейміз.
Тіл үйретудегі негізгі-мақсат балаларға жалаң сӛз жаттату емес әрбір ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде үйренген сӛздерді ауызекі айтуға, сӛйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету.
Ағылшын тілін меңгертуде біз тіл білімінің салалары лексиканы, фонетиканы, грамматиканы
балаларға меңгертеміз. Лексика (грек. лексикос -сӛздік) тілдегі сӛздердің жиынтығы, сӛздік құрамын 
зерттейтін тіл білімінің бір саласы, фонетика (гректің фоне - дыбыс деген мағынаны білдіретін сӛзінен 
алынған) тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен 
тіркесу зандылықтарын қарастырады, грамматика (гр. 'grammatіke, γράμμα' - әріп, жазу)  тіл білімінің сӛз 
таптарын, сӛздердің ӛзгеруі мен сӛйлем құрылысын зерттейтін салалары. 
Ағылшын тілін үйретуде ең бірінші әріптердің дыбысталуына үлкен мән беріледі, себебі ағылшын 
тілінде 26 әріп болса, 44 дыбыс бар. Балаларға әріпті біз кӛреміз және жазамыз, ал дыбысты естиміз және 
айтамыз деп үйретеміз. Дыбысталуы дұрыс болған жағдайда ғана сіздің ойыңызды екінші адам дұрыс 
түсінеді. Оқытудың басты ұстанымдарының бірі – жайлылық ұстанымы, ал оның іс жүзіндегі кӛрінісі – 
ӛзінің ағылшын тілінде жақсы сӛйлей алатынына баланың кӛзін жеткізу. 
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету, баланың 
қателіктерін түзетуден бас тартып, фонетикалық ойындармен, ертегілермен алмастыру жағдайында іске 
асырамыз. Дыбыстарды қабылдау мен есту балаларда ӛте жақсы дамыған, олар дыбысталудың қыр-
сырын тез қабылдайды. Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде «Mr.Tonque» «Кӛңілді тіл» атты 
кейіпкері бар қызықты да, тартымды сюжетті ойындар жүргіземіз. 
Бұл фонетикалық естуді қалыптастыру (дыбыстарды тыңдау, оларды анықтау және айту). Балалар
ертегілерді айту барысында, дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикуляциясына айрықша кӛңіл 
бӛлеміз тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін кӛрсетіп түсіндіріп, баланың тілі мен ернінің 
қимылын бақылаймыз ертегі біткеннен соң екпіндерді, ырғақты және интонацияларды хормен және ӛз 
бетімен қайталаймыз. Балалардың ӛз құрбы-құрдастарының сӛзін түсінуге үйретуде аудиожазбалардан 
естіген сӛздерді кӛру және қозғалыс кӛрнекіліктері, паралингвистикалық амалдар арқылы түсіну (ым-
ишара, бет әлпеті, интонация, эмоциналдық қолдау) әдісін жиі қолданамыз. 
Лексиканы үйрету барысында балалардың сӛздік қорын молайтуға кӛңіл бӛлінеді. Бір тақырыпқа 
байланысты 5-6 сӛзді еңгізу арқылы тақырыпты ашамыз. Енгізілген сӛздердің арасында бір- бірімен
тығыз байланыста болатын бірнеше жұп сӛздер болуы қажет. 
Егер семантикалық топтың ішіне бір сӛйлем мүшелеріндегі сӛздер кірсе, сӛз тіркестерін (зат - зат, 
зат - сын, зат - қимыл) құрастыру мүмкін болу үшін, оларды үйрету басқа сӛйлем мүшелеріне қатысты 
сӛздерді қайталаумен тығыз байланыста болуы керек. 


108 
Балаларға еш уақытта сӛздерді «жаттап ал» деген тапсырма берілмейді. Жаңа сӛз жаттығулардың 
кӛмегімен баланың есінде біртіндеп сақталады. Балаларға жыл бойы: Туған ел, Ұлыбритания және Ресей 
елдері туралы білім, жыл мезгілдері мен табиғат құбылыстары, заттардың қасиеттері мен сапалары, азық –
түлік түрлері, жеке тұрмыстық заттар, қоғамдық ӛмір құбылыстары, салауатты ӛмір салтын қалыптастыру, 
спорт, денсаулық туралы білімді қалыптастырамыз. 
Ортаңғы топта лексикалық қордың кӛлемі оқу жылының соңында 5-ке дейінгі санауды қосқанда, 
100-150 лексикалық бірлікке тең болуы тиіс. Грамматиканы үйрету барысында олардың қызығушылығын 
оята отырып, ауызша сӛйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз: 
-Жай хабарлы сӛйлем құруды үйрету; 
-Зат есімдерді кӛпше түрде қолдану; 
-Сұрақтарға қысқа жауап қайтару; 
-Жалпы сұрақтар қою. 
Ұсынылып отырған әдіс бойынша балаларыныңағылшын тілін меңгерумен бірге қазақ, орыс 
тіліндегі білімдерін бекітіп, тілін жаттықтыруға мүмкіндік жасайды.
Оқу жылының соңына қарай балалардың бастапқы тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктері 
қалыптасады. Балалар ауызша түрде ағылшын тілін қолдануды үйренеді және ауызша естіген сӛздерді 
түсінеді,
Балалардың қызығушылығын арттыру үшін педагог балалардың психологиясын, жас және жеке дара 
ерекшелігіне байланысты, қабілеттеріне мән беруі тиіс.Яғни, балабақшада балалар кез келген ақпаратты 
ойын түрінде, кӛзбен кӛріп, сипап-сезу, есту арқылы жақсы қабылдайтынын ескеру қажет. Баланы 
ынталандыру үшін ескі үрдістен гӛрі заманға сай тапсырмалар беріп, ойындар ойнату арқылы балаға тілді 
меңгертуге болады. Мысалы, іс- әрекетке балалардың қызығушылығын арттыру үшін тақырыпқа 
байланысты видео – роликтер, қимыл – қозғалыс жаттығулары немесе әдемі кӛңіл кӛтеретін әуенмен 
бастауына болады. Сол кезде баланың кӛңіл күйі кӛтеріңкі болып, топта жағымды ахуал қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды заман талабынан қалдырмауға, әлеуметтік ортаның тыныс-
тіршілігін ұлттық болмыспен қабылдауға бейімдей отырып, олардың санасын «үш тілді меңгерген жаңа 
дәуір балалары» моделіне бағыттай білу қажет. 
Модель мазмұны жауапкершілігі жоғары, жаңаша ойлайтын, зерек те елгезек, кеңістік 
заңдылықтарымен қоса, салт-дәстүр мен ауыз әдебиетінің озық үлгілерін меңгерген ұлтжанды, ана тілінің 
нәрімен барынша сусындаған, еркін, дені сау балаларды сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет