Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет81/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   164
 іn
(ішіне)
 novus 
(жаңа) сӛздерінен құралып «жаңарту», «ӛзерту», 
«жаңашылдық», «жаңалық» деген мағынаны білдіреді. Яғни педагогика ғылымында жаңа әдістерді, 
тәсілдерді, құралдарды, бағдарламаларды пайдалану. Бұл ұғымдар К.Ангеловский, В.Загвязинский, 
В.Ляудис, Л.Подымова, М.Поташник, А.Пригожина, В.Сластенин, Т.Шамова, Н.Юсуфбекова сияқты 
ғалымдардың еңбектерінде кеңінен ашылған. 
Қазақстанда «инновация» ұғымын пайдалануды қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор 
Н.Нұрахметов.Ғалым «инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің 
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бӛлек қызметі» деген анықтаманы 
ұсынады. Ал, Қ.Құдайбергенова «инновацияны» - нақты қойылған мақсатқа сай алынған жаңа нәтиже деп 
есептеп тӛменднгідей аудармалар жасаған «инновация» - жаңалық, «нововедение» - енген жаңалық, 
«новое» - жаңа, «новшество» - жаңалық, «инновационныйпроцесс» - жаңарту үдерісі. Алайда, инновация 
ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғалымдарға 
жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Ӛйткені, инновациялар кӛбіне агрономия, 
ӛнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу 
кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория жуырда ғана қолданысқа 
енгізілді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде. Кейбір ғалымдар 
инновациялардың анықтамасын берер кезде оның түрлеріне де ерекше тоқталып ӛтеді. Кейбіреулері білім 
берудің мақсаттары мен міндеттеріне негізделетін жаңалықтарды: материалдық және рухани, 
құрылымдық және технологиялық, негізгі, іргелі, стратегиялық жаңалықтар деп бӛлсе; ал біреулері білім 
беру саласы мен ұйымдарындағы жаңалықтарды: жаһандық, жекелеген, ұйымдық және спонтандық, ірі 
және ұсақ, сырттан әкелінген, ішкі және сыртқы жаңалықтар деп бірнеше түрлерге ажыратады.
Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды 
түрлерінің бірі екендігін ескерген жӛн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бӛлшектеуге болмайды. Білім 
берудің барлық құрамдас бӛліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, 
оларды құрамдас бӛлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан білім беру мазмұнындағы 
жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен ӛзара ықпалдасып 
отырады.
Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бӛледі: 
1)
Идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі мұны шартты түрде, іргелі де 
қолданбалы ғылыми зеттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды. 
2)
Ойлап табу кезеңі, яғни қандайда бір нысанға, материалдық немесе рухани ӛнім үлгіге айналған 
жаңалықты құру немесе ашу кезеңі. 
3)
Жаңалықты енгізу кезеңі,мұнда ойлап табылған жаңалық іс жүзінде қолданысқа еніп, қайта 
ӛңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады. 
Бұдан кейін жаңалық ӛз бетінше ӛмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген 
алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады. 


128 
Жаңалықты пайдалану кезінде мынандай кезеңдер орын алады: 
4)
Жаңалықты тарату кезеңі

мұнда жаңалық кеңіненқолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді. 
5)
Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі,мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық 
қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі 
қарастырылады. 
6)
Жаңалықтың қолдану аясын қысқарту кезеңі,мұнда жаңалық жаңа ӛніммен алмастырылады. 
Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, біздің пікірімізше, оның инновацияны бастау, 
жаңа ӛнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жӛніндегі 
мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитығынан кӛрінеді. 
Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау 
критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық 
қамтамасыз етілу деңгейі), инструменталдылығы (басқарылғыштығы), инновациялық деңгейі, 
гуманитарлығы, ӛңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде 
инновациялардың тӛмендегідей түрлерін бӛліп кӛрсетеді: білім беру мазмұнындағы инновациялар, оқыту 
технологиясындағы инновациялар, білім беру жүйесінің тәрбиелеу функциясы саласындағы 
инновациялар, педагогикалық құралдар жүйесіндегі инновациялар. Кӛп жылдар бойы білім беру 
жүйелерінің дамуы экзогенді (жүйеге сырттай қатысты) факторлармен анықталып келеді. Мұның ӛзі осы 
дамудың қажетті жағдайын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
ғылыми әлеуеті кӛптеген бағыттары бойынша әлемдік деңгейге сәйкес келеді. Сондықтан ол білім 
берудегі инновациялық саланы дамытуға негіз бола алады деп нақты айта аламыз.
«Білім беру»- оқыту нәтижесі. Тура мағынасында ол оқып-үйретілетін пән туралы түсініктің, 
ұғымның қалыптасуын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет