Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет84/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   164
 
міндеті 
– 
екі топтың жасаған тізімдерін тыңдап, бағалайды.
Осылай алдынан шыққан проблеманы шешу мақсатында, оқушы ӛзінің жинақтаған біліміне, азды-
кӛпті тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа әдіс-тәсілдерді іздеу арқылы шығармашылық әрекет 
қалыптасады. Ал топпен жұмыс істеудің маңыздылығы мынады: 
1.Топ жеке адамның пікірімен санасады; 
2.Іс-әрекетке қатысатын әр оқушы сол топтың беделін, намысын қорғауға тырысады; 
3.Оқушы бойында болжау жасау, қиял, шығармашылық дамиды. 
4.Бір-бірімен ізгілікті қарым-қатынас жасайды, достық тілек, ӛзгенің пікірімен санаса білу, ойларын 
айта білу дағдылары қалыптасады; 
5.Бойларындағы жасқаншақтық, жалтақтық, ұяндық сияқты психологиялық мінез кеселдерін жоя 
отырып, мінез күштерін қалыптастырады. 
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына тӛмендегі шарттар орындалуы шарт: 
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; 
2.Оқушыларға ойланып-толғанып, ойын айтуға рұқсат беру; 
3.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 
4.Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану; 
5.Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау; 
6.Оқушылардың бір-бірінің жауабына, жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету; 
1.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. 
Ал оқушылардан осыған байланысты: 
-сенімділікпен жұмыс жасау; 
- бар ынтасымен оқуға берілу; 
- пікірлерді тыңдау, құрметтеу; 
- ӛз пікірін анық білдіруді талап ету қажет. 
Жоба 80-ге жуық стратегиялардан тұрады. Бұдан ары қарай солардың кейбірімен таныстыра кетеміз. 
Венн диаграммасы.
 
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін 
обьектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екуіне ортақ сипаттамалар тізіледі. 
Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға топтастырады, яғни 
күрделі ойлау ӛнерін меңгереді. 
Ойын технологиясы.
 
Мазмұны бойынша барлық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін 
қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақыраптары 
бойынша алған білімдерін терендете түсуді, әрі пысықтауды кӛздейді. Бұл ойындар балардың сабақ 
үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, зерде үрдістерін дамытады. 
Ӛмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесің демалдырады. Міне, сондықтан ойын оқу-
әрекетінде жетекші роль атқарады. 
Ойын технологиясын дүниетану сабағының барлық бӛлімдерінде қолдануға болады. Әсіресе 
«Табиғат» бӛлімін ӛткен кезде жануарлар мен ӛсімдіктерге байланысты ойынның түрлері ӛте кӛп. 
Мысалыға: 
1.
Ӛсімдіктердің кӛп түрлігі мен маңызына арналған «Тест» ойыны, 
2.
«Кім немен қоректенді» ойыны; 
3.
«Табиғат бірлестігі» ойыны. 
2-сыныпта «Әр құсқа ӛз тұмсығы қажет» тақырыбын ӛткенде «Құстардың мекені», «Қай құстың 
тұмсығы» ойындарын ойнатуға болады.


132 
Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі: 
1.Айналадағы әлемді танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: табиғат, құстар, жан-жануарлар 
жӛніндегі жұмбақ-ойындар, «Бақытты сәт», «Иесін тап», «Дыбысына қарай ажырат», «Бұл қай аң?», «Кім 
тез таңдайды», «Сыр сандық» т.б. 
2.Тазалық пен күн тәртібін сақтауға байланысты дидактикалық ойындар: 
«Күн режим», «Тап-таза», «Күн мен түн», «Бір минут» т.б 
3.Адам сұлулығын танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: «Кім күшті?», «Қуыршақты 
киіндіру», «Спорт», «Ӛнер кӛрсет» т.б. 
4.Жыл мезгілдерінің құбылыстарына байланысты ойындар: «Бұл қай кезде болады?», «Жыл 
мезгілдері», «Салыстыр, тап», «Ерекшелігіне қарай ажырат», «сиқырлы қоржын» т.б. 
5. Табиғатты қорғауға және экологиялық білім беруге арналған дидактикалық ойындар: «Құстар, 
достар», «Құстар шағымы», «Экология», «Табиғатты қорғайық», «Санитар құстар», «Табиғат сақшысы» 
т.б. 
Дүниетану сабақтарында жұмбақ-ойындар кӛбірек пайдалану ӛте тиімді,
олар баланың ой-ӛрісін кеңейтуге, ӛз бітімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына, 
баламасына қарай олардың атын табуға үлкен септігін тигізеді.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны ерекше. Тиімді қолданған ойын түрлері 
мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне 
кӛмектеседі. Ӛйткені бастауыш сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гӛрі ойынға ауыңқырап 
тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын 
болады.
Тӛменгі сынып оқушылары үшін әртүрлі жұмбақтар, ребустар, сӛзжұмбақ шешу, карта бойынша 
саяхат ойындары қолайлы. Мұндай ойындар аз еңбекті талап етеді және оларды жүйелі түрде пайдалануға 
болады. Бастауыш мектепте ойынды қолдану оқыту үрдісін түрлендіріп, балаларды белсенді әрекетке 
итермелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет