134
ұйымдастыруына кӛмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты педагог-психологты
қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты –
«оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне
толық, тиімді араластыру» болып табылады.
Жаңа тұрпатты педагог-психологтың ақпараттық технологияны меңгеруі жоғары оқу орнында
қалыптасатын болғандықтан, оқытушылардың ақпараттық сауаттылығы, олардың кәсіби деңгейінің
заманауи талаптарға лайық болуы, студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қамтамасыз ету, олардың
барлық оқу формалары бойынша іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру қажеттігі туындайды.
Жаңа тұрпатты педагог-психологтың білім парадигмасының «ӛмір бойы білім алу», «педагог–
оқулық–компьютер–білім алушы» болып ӛзгеруіне байланысты ең алдымен ақпараттық құзыреттілікке ие
болуы тиіс деп есептейміз. Мектептегі психологиялық қызметке дұрыс әлеуметтік сұранысты
қалыптастыру мақсатындағы міндет – педагогикалық ұжымды, оқушыларды және ата-аналарды
психологиялық ағарту арқылы, сұраныс иелерін психолог жұмысының түрлерімен, бағыттарымен
құқықтары және міндеттерімен таныстыру арқылы, бүкіл педагогикалық ұжымды психологиялық
қызметтің жұмыс стратегияларын жасауға қатыстыру [9].
Достарыңызбен бөлісу: