Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет88/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   164
Педагог-психолог 
– отбасында ана, мектепте мұғалім, балабақшада тәрбиеші, жоғары оқу орнында 
оқытушы, жұмыста қызметкер, ӛз ісіне жауапты маман. Педагог-психолог тұлғасын тӛмендегі 1-ші 
суреттен кӛруге болады [12]. 


135 
Сурет 1 – Педагог-психологтың тұлғасы 
Ұстаздық жолды ұстанған тұлға үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып 
саналады. Ӛйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу – 
екінші жағынан, оқытып тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оларды қолдана білу. 
Психология адамдардың ӛзін-ӛзі тәрбиелеуіне жл сілтейді, оның ӛз ерекшеліктерін ажырата білуге 
жәрдемдеседі. Қай елдің болсын, ӛсіп-ӛркендеуі ӛркениетті дүниеде ӛз орнын алуы оны ұлттық білім беру 
жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Педагог-психолог адамдардың рухани-моральдық нормаларын бала бойына сіңіре біледі. 
Педагог бала бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыра білетін іс-әрекеті: 
-
баланың шығармашылық қабілетін немесе ӛз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту; 
-
пәнге терең қызығушылығын арттыру; 
-
оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру;
-
оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра 
оқыту; 
-
жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту; 
-
білім базасын арттыру; 
-
пәндердің ғылыми негізінде оқушылардың білім сапаларының деңгейін жоғарылата дамыта 
оқыта отырып, интеллектуалдық жаңашылдыққа, әдептілікке, жеке тұлғалардың эстетикалық 
мәдениетінің жоғары дамуына ықпал жасауда білімді мықты құрал ретінде қолдану; 
- педагог, психолог, тәрбиеші, ақылшы, қамқоршы, жетекші, мейірімді жан. 
Ал педагог-психологтың бойында әділдік, тапқырлық, қамқорлық, шыдамдылық, адамшылық, 
кеңпейілдік қасиеттері басым болуы қажет. 
Педагогтың оқушылармен, олардың ата-аналарымен қарым-қатынас сипатына негізінен 
педагогикалық ұжымда қалыптасқан моральді-психологиялық хал-ахуалы әсер етеді. Мұғалімнің ӛз 
әріптестерімен мектеп әкімшілігімен іскерлік, тату байланыстары бүкіл мұғалімдер ұжымының ӛз 
оқушылары мен олардың ата-аналарымен қарым-қатынас жасауында тәрбиелік ықпалының біртіндеп 
және бірыңғай бағыт алушылығын қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Кӛрнекті психолог, профессор С.М.Жақыповтың еңбегінде оқу процесінің педагогикалық-
психологиялық модельдеудің қызметтік деңгейінің бірінші сатысы оқытушы мен оқушылардың ішкі 
жүйелік қарым-қатынасы ретінде білімнің мазмұндық жанамалығы, оқытудың әдіс-құралдары 
кӛрсетілген. Оқу процесі жүйесінің құрылымдық бағдарын анықтай отырып, білімнің объективті және 
субъективті мазмұндылығын айыру қажеттілігі туындайды [13]. 
Моральді-психологиялық хал-ахуал негізінде ұжымда басымырақ кӛрінген ӛнегелі күй танылады. 
Бұл кейде адамдардың тіршілік әрекеті үшін басты деп саналған жан құбылысы мен толқыны адамдар 
әрекетінің реттелуі, олардың бір-біріне, жұмысына, әлемдегі болып жатқан оқиғаларына деген қатынасы 
ӛз бастауын алады.
Педагог-психолог пен оқушы қарым-қатынасы ӛз алдына бір-бірімен байланысқан және ӛзара 
шартты тізбек болып, түрлі формалар мен жағдайларда жүзеге асады. Бұл тізбектік мұғалім ерекше рӛл 
атқарады.
Педагог-психологтар тек мектепте ғана емес, қоғамдағы түрлі мекемелерде де жетекші қызметтер 
атқарады.
В.А.Сластениннің пікірі бойынша, педагог-психолог профессиограммасы мыналарды қамтиды: 
1) қоғамның саяси сапалары;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет