Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет96/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   164
Ертегіні білуге әуестік
– қызығушылықтың алғашқы сатысы
, яғни бала ертегіге жағымды 
кӛзқараста болады. Бұл сатыда бала ертегіні танып-білуде белсенділік кӛрсетпейді, ертегі ұнағанымен, 
ӛздігімен дербес оқып білуге талпынбайды.
Ӛйткені аталмыш сатыда ертегі тілін, оның мазмұнын эмоционалды тұрғыда қабылдау дағдысы 
бәсең дамыған сондықтан баланы ертегідегі кейбір кӛріністер ғана елітеді. Әйтсе де бұл сатыда бала 
ертегіге танымдық тұрғыда назар аудармағанымен, қызығушылық танытудың ӛзі оны әрі қарай дамытуға 
мүмкіндік бар екендігіне меңзейді. Демек, білуге әуестік бала санасы мен іс-әрекетінің бастапқы 
бағытталу сатысы болады. 
Баланың 
ертегіні білуге әуестіктен біртіндеп онымен әуестенуге кӛшуі – қызығушылықтың 
екінші сатысы
. Бұл сатыда баланың ертегіге деген қызығушылығы ойлау, қабылдау, есте сақтау, қиялдау, 
сияқты әртүрлі психикалық процестермен айқындалады.
Қызығушылық балалардың танымдық іс-әрекетін белсендендіреді, ертегілерді талдауға, әңгімелеуге, 
салыстырмалы суреттеме беруге дағдыландырады. Баланың да білуге деген құштарлығы артады. Алайда 
жұмыстың бәрі тәрбиешінің тікелей жетекшілігінде жүзеге асады. Бұл сатыда қызығушылықты 
қалыптастырудың терең де, мағыналы негізінің қалануына мүмкіндік туады. Сӛйтіп, баланың ертегімен 
әуестенуі танымдық қызығушылыққа ауысады. 
Баланың ертегіге танымдық қызығушылығының қалыптасу сатысы оның халық ертегілерін 
эмоционалдық тұрғыда қабылдап, танып-білуге талпынысымен, ертегідегі жағымды персонаждарға 
еліктеуімен, ертегілерді таңдап оқуға әуестенуімен сипатталады. 
Ертегіні оқып-білуге қажеттіліктің болуы, оған деген сүйіспеншіліктің артуы қалыптасқан танымдық 
қызығушылықтың айшықты кӛрінісі десе болады. 
Ертегімен әуестену – бала табиғатына тән қасиет, ол баланың кӛргендерін танып-білуге, оған терең 
бойлауына кӛмектеседі. Баланың мұндай әуестігі ертегідегі болған оқиғаны түсінуге, білуге, кӛруге деген 
қызығушылығынан байқалады. 
Балалардың ертегіні есту барысында «қайдан?», «неге?», «бұл не?», «неліктен?» және тағы басқа 
сұрақтар қоюын оларда танымдық қызығушылықтың пайда болуымен байланыстыруға болады. Әрине, 
кішкентай баланың қойған мұндай сұрақтары белгілі дәрежеде, ертегі мазмұнына деген танымдық 
кӛзқарасты, білуге деген әуестікті кӛрсетеді. Дәлірек айтқанда, мұны танымдық қызығушылықтың 
бастауы деп есептеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет