141
Қазіргі кезеңде балабақшаларда тәрбие үдерісі негізінен жеті бағытта жүргізіледі, атап айтқанда:
адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене, экономикалық, құқықтық, экологиялық, тәрбие бағыттары бойынша
жүргізіледі.
Ал тәрбиенің негізі ретінде адамгершілік тәрбиесі қазіргі таңда халықтық педагогика «Атаның сӛзі,
ақылдың кӛзі», «Әжемнің әңгімесі», «Зерек бала», «Тапқырлар мекені», «Қазақ халық ертегілері»
этнопедагогикалық материалдар арқылы тәрбиелеу элементтері балабақша ӛміріне ерекше енгізілуде.
Оқу-тәрбие жұмыстарында қазақ халық ертегілері арқылы адамгершілік бағытындағы тәрбие
жұмыстарына назар аударсақ рухани-адамгершілік құндылыктарды қалыптастыруға ерекше мән беріледі.
Ол дегеніміз балалардың әдепті, мәдениетті, білімді, мейірманды, қайырымды болып ӛсуі арқылы
адамгершілік құндылықтары жетілдіріледі. Бұл бағытта алдымен балалардың рухани -адамгершілік
тәрбиесін қалыптастырудың моделін жасау қажеттігін тудырады.
Адамгершілікке тәрбиелеуде ертегілер мен қатар табиғат құбылыстары, олардың ӛзара байланысы,
заңдылықтары, ӛсімдіктердің, жәндіктердің, жануарлардың дамуын танып-білу, бақылау және түсінігіне
жеңіл тиетін қоғамдық құбылыстарымен, оқиғаларымен, адамдардың еңбегімен, мерекелермен, Қазақстан
Республикасының астанасы Астана қаласы т.б. таныстыру арқылы балалардың дүние, табиғат, қоғам,
Отан туралы алғашқы түсініктері қалыптасады, Астана туралы аңыз әңгіме, ертегі айтуға болады.
Демек, балалардың қандай да бір нәрсеге қызығушылығы да сатылап қалыптасады, мұны жоғарыда
аталған зерттеулер нәтижесі дәлелдейді. Егер зерттеу проблемасымен байланыстыра қарастырсақ, балада
алдымен қазақ халық ертегісіне жағымды эмоциялық кӛзқарас (әуестік), содан кейін мазмұнды эмоциялық
кӛзқарас (әуестену), соңында танымдық қызығушылық пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: