Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет103/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   164
піштірдік
деген сӛзді жастар ғана емес
үлкендердің аузынан да естіп жататынымыз ӛтірік емес. О заман, да бұ заман қазақ малдың еркегін 
піштіретін еді, адамды піштірген деген не сұмдық. Піштіру - еркек малдың ұмасының ішіндегі 
жұмыртқасын алып тастау деген ұғымды беретін сӛз.
Осы күні қазақтың ата сақалы ауызына түскен қарияларына дейін ӛрендерінің ұлдан тарағанын да, 
қыздан тарағанын да немере деп атай береді. Пәленбай немере, түгенбай шӛберем бар деп жатады 
қарттарымыз. Егер осынымыз жӛн болса, онда неліктен жеті атаның құрамына қыздан тарайтын ұрпақ 
кірмейді. Негізі қазақ әу астан қыздан тарайтын ұрпақты жиен деп атайды. Сондықтан міндетті түрде 
жиен немере, жиен келін, жиен қарындас, жиен іні, жиеншар деп әрнәрсе ӛз атауымен дұрыс айтылуы 
керек. Әр нәрсені ӛз атауымен шатастырмай атай білудің ӛзі де мәдениеттіліктің, білімділіктің, рухани 
деңгейіміздің кӛрінісі. Ежелден аталы сӛзге тоқтам қылып, сӛз құдыретін терең сезініп, бағалай білген 
ұлтымыздың «Жақсы сӛз жарым ырыс», «Жӛн сӛз жұғымды», «Аз сӛз алтын, кӛп сӛз кӛмір», «Тапқыр 
тауып сӛйлейді, надан шалыс сӛйлейді» деген ұйғарымының ӛзі осы халықтық педагогикадағы тіл 
мәдениетінің жайын, оның тәрбиелік мәнін дұрыс пайымдай білгендігін аңғартса керек.
Кӛне қытай мәдениетінің Фен Шуй философиясы біздің елімізде де қанатын кеңге жайып келеді. 
Қазір кӛпшілік жұрт соған қатты қызығушылық танытып жатады. Ол ілімнің толып жатқан қағидаларына 
жан иманымен үйіріліп, таңдай қағысып, бір жаңалық кӛретіндер аз емес. Шындығында егер біздің тарихи 
танымдық ой санамызды шел қаптамаса, айдаладағы қытайлықтардың «кӛрегендігіне» дәл осылай 
табынбас едік. Сол қазынаның барлығы ӛзіміздің қарапайым ғана салт-дәстүр, ырым-тиымдарымызда 
тұнып тұрған жоқ па. Мысалы, Фен Шуй ілімі бойынша ағын судың, сарқыраманың суретін бӛлменің 
тӛргі қабырғасына ілуге болмайды. Себебі, ол ағын су үйге кіретін ырыздық несібені шайып әкетеді деген 
түсінік бар екен. Ал осы мәселе қазақтың қарапайым ғана «Қара суды сапырмайды» деген тиымымен 
үндесіп жатқандығын біле бермейміз. Сорпаны, қымызды, сүтті сапыруға болады, себебі ондай майлы 
жүздіні неғұрлым сапырған сайын, отбасының ырыздық несібесі еселене түседі деген қазақы ұғым біздің 
ұлттық дүниетанымымызда ежелден ақ орнықты болып келген. Ал шайды, қара суды қазақ сапырмайды, 
ӛйткені ол сылдыраған қара су. Суды сапыру кедейшілік шақырады деп түсінеді бізде. Міне осындай 
қарапайым ғана мысалдар біздің ұлттық дүниетанымымыздың бүгінгі деңгейін дәлелдесе керек.
Міне, осы айтылған жәйттің барлығы да ырым, тиымдар, ескіліктен келе жатқан салт сана, әдет 
ғұрыптарымыз бен тілдік ерекшеліктердің барлығы халықтық педагогикаға тән құндылықтар. Күнделікті 
сабақ барысында халықтық педагогика элементтерін жіті қамти отырып, ұлттық сананы айшықтай түсу 
отаншыл ұрпақ тәрбиесінің ең тиімді әдісі. 
Халықтық педагогика аумағына қазақтың жыраулар поэзиясы үлгілері де жататындығы туралы 
жоғарыда айтып ӛткенбіз. Енді сол құндылықтарды қазақ тілі сабағында қолданысқа ендіру жайына 
атбасын бұра кетудің артығы жоқ. Мәселен,
Алты қанат ақ орда
Ардақтаған аяулың 
Күнінде ертең біреуге 
Тегіннен тегін біреуге олжа болмасқа (Бұқар жырау) - деген тармақтағы 
орда 
және 
олжа 
сӛздерінің 
шығу тарихы мен қолданылу аясына назар аударған жӛн. Осындағы орда сӛзі ертедегі ескерткіштерден 
бастау алады. Бірақ нақ осы жердегі мағынасы – ең алғашқы, бастапқы мәні – кемірушілер мен басқа да 
хайуандардың іні, солар мекендейтін үңгірдің атауы. Біздің тіліміздегі жыланның ордасы, ордалы жылан 
тіркестері сол бастапқы мәнді білдіреді. Ал енді Алтын Орда, Ақ Орда, Бӛкей Ордасы дегенде ел 
билеушілердің мекені деген ұғымды береді. 


153 
Бүгінде олжа сӛзі – күтпеген жерден болған табыс деген ұғымды беретіні белгілі. Ал кӛне түркілік 
таным кӛзқарас тұрғысынан тексеріп кӛрсек, бұл олци – соғыста қолға түскен тұтқын деген мағынадағы 
сӛз болған. Сонда бұл сӛздің тӛтеннен келген пайда мәніне кейін ие болғандығын байқаймыз. Бұқар 
жырауосы екі сӛздің алғашқысын ӛз отаныңң-туған үйің, соңғысын бастапқы тұтқын мағынасында 
қолданған. Қазіргі таңда бұл мәні кӛмескіленіп, тек соңғы, туынды мағынасында жұмсалады.
Жыраулық поэзиядағы осындай тағы бір элементті алып қарасақ: 
Он бармағы қыналы, 
Омырауы жұпарлы - дегендегі қынама бел, белін қынай буу тіркестері ауыз әдебиеті үлгілерінде де 
жиі ұшырасады. Сұлу қыздың сыртқы тұлғасына байланысты қолданылатын бұл сӛздің түбірі – қын, яғни 
пышақтың немесе қанжардың қыны дегеннен шыққан. Негізі қына екі түрлі мағынада қолданылады, 
алғашқысы бұрын қазақтар қызыл және сары түсті бояуға пайдаланған ӛсімдік түрі, екіншісі, салалы, 
жіңішке мәнінде. Ал қынап-қап (қынабынан қанжарын суырып алды) мағынасында жұмсалады. Сонда 
қыналы саусақтары сүйріктей, салалы жіңішке, нәзік сұлу деген мағынаны беріп тұр. 
Туысқан қырғыз тілінің оңтүстік говорында қына сӛзі аттың құйрығына таққан әшекей деген 
мағынаны білдіреді екен. ал ертегілердегі «қыналы бармақ» тіркесі жіп жіңішке, тартқан сымдай деген 
мағынада жұмсалады. 
Міне, халқымыздың байтақ тарихымен, толағай тұрмыс салтымен егіз ӛрілген осындай ерекшелік 
белгілерді тілдік тұрғыдан зерделеу елжанды ұрпақ тәрбиесінің бірден бір тиімді әдісі болып табылмағы 
анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет