Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет105/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   164
 
кешеуілдеп,
 
психологиялық қызмет кӛрсету жағынан 
мәселе туындауда. Сондықтан отбасында орын алған қиындықтарды шешуге кӛмек кӛрсету жолдарын 
жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Отбасы
 
- адамның эмоциясы, уайымы, кӛзқарасы мен 
қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның 
құрылымының, тарихи уақыт талабына сай ӛзгеруінің және бір отбасының ӛмірлік ың логикалық 
түсіндірілуі. С.И.Голод (1998) пікірінше отбасы феноменінде құрылымдық ӛріс ерлі-зайыптылар және ата 
– ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы –неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын 
топ, олар ӛзара кӛмек кӛрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады 
(Эйдемиллер, Э.Г.Юстицкий В.В., 1990). Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық ӛмірге жетелейді. 
Отбасының тәрбие институтты ретіндегі мәні онда бала ӛз ӛмірінің маңызды бӛліктерін ӛткізеді және
тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етудің ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді 
деп кӛрсетті Шужебева А.И. ӛз зерттеу жұмысында. 
Терең тұлға аралық қатынастарды реттеу механизмдеріне арналған жұмыстарды талдауда шетелдік 
ғалым Э.Фромм және ресейлік ғалым М.И Лисин, ӛзіміздің қазақстандық ірі ғалымдардың бірі 
С.М.Жақыпов қойылған мәселені толығымен шешуге мүмкіндік берді. Біріншіден, отбасы жағдайында 
бірлескен іс-әрекетті орындау барысында жеткіншектердің құндылықты-мағыналық құрылымдардың 
қалыптасу жағдайларын нақтылауына мүмкіндік берілді.Екіншіден, жеткіншектердің тұлғалық дамуында 
ауытқулардың пайда болуының отбасы ішіндегі алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеудің 
методологиялық бағытына қарай жеткіншектерге отбасы ішілік құндылықтарды беру процесі, отбасы 
мүшелері арасындағы бірлескен әрекет пен эмоцияның ӛзара байланыстардың үйлесімділік механизмдерін 
қолдануға негізделеді. 
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. 
Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, 
тәрбиелеу, шаруашылық және ӛзара кӛмек кӛрсету қызметтерін айтса, Э.К.Васильева (1981) ӛз 
зерттеулерінде отбасы қызметінің үш тобын қарастырады: шаруашылық-экономикалық, генеративті 


155 
тәрбиелік, мәдени- репродукциялық. С.Д.Лаптеноктың пікірінше (1967) отбасының маңызды қызметтеріне 
шаруашылық–тұрмыстық, халықтың кӛбеюі, ӛз мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, тәрбиелік жатады. 
Ал, әйел адамның кәсіби іс-әрекетімен отбасы жағдайындағы міндеттерін үйлестіре білу сипаты және ол 
отбасы ӛміріне қалай ықпал етеді деген тақырыптарда С.Голод, З.Янкова зерттеу жүргізді. З.И.Файнбург 
отбасындағы эмоциялық жағдайлар, олардың отбасы ішілік қатынастың тұрақтылығына ықпалы жӛнінде, 
отбасының тұрақтылық жағдайы туралы Ю.Г.Юркевич, отбасы мүшелері арасында қысымның болу 
себептерін А.М.Уматинов зерттеді.70-шы жылдардың аяғына қарай отбасы психологиясында неке 
жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп анықтаған Ю.Е.Алешина, «қалалық 
отбасыларда некелік рольдерді бӛліп беруді» З.И.Янкова қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-
қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасап зерттегендер А.А.Бодалев, 
Н.Н.Обозов және т.б. 
Осы қарым-қатынастағы маңызды обьект бала. Бала қай жас ерекшелік кезеңінде болмасын, ол 
әрдайым отбасының, ата-ананың қамқорлығын қажет етеді.Соның бірі- бала ӛміріндегі толқымалы шақ 
жеткіншектік кезең. Қазіргі зерттеулер жеткіншектік кезеңнің әртүрлі аспектілерін қамтиды: тұлға 
дамуының негізгі кӛздері мен механизмдері туралы ғалымдар Фельдштейн Д.Л, Кондратьев А.И., 
тұлғалық жаңа құрылымдардың ерекшеліктері туралы ғалымдар Кон И.С. Дубровина И.В., жас ерекшелік 
дағдарысының құрылымын Гаврилова Г.П., Драгунова Т.В., ал танымдық эмоциялық–еріктік және мінез-
құлықтың ерекшеліктерін Кучинский Е.К., жеткіншектегі ӛзіндік сананың құрылымы мен қызметі туралы 
Баруалкина В.В., тұлғаның аномальды даму механизмдері туралы Дозорцева Е.Г. сияқты ғалымдар 
зерттеді. Жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты қазақстандық жұмыстар зерттеудің 
теориялық негізі мен мәнділігін құрады (С.М.Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев т.б). 
Ал, басқа да қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне үңілсек, Елубаева С.Б. қазіргі қазақ 
жеткіншектердің ӛзіндік бағалаулары мен этностық сәйкестіктің психологиялық ерекшеліктерін зерттеген. 
Бұл зерттеу нәтижесінде қазіргі замандағы жеткіншектердің ӛзіндік бағалау құрылымын ересек алдыңғы 
толқын жасӛспірімдердің ӛзіндік бағалауымен салыстырғанда, этностық сәйкестіктің компоненттері мәнді 
түрде азаяатыны анықталды, ӛзіндік бағалаудың жалпы құрылымында «ӛзін білу» және «ұйымдасқандық» 
сияқты сапалар бірінші орынға шықты. 
Айдарбеков Қ.А. (Развитие диалогической структуры самосознания у подростков во 
внутрисемейных взаймодествиях) зерттеу жұмысын жеткіншек жастағы тұлғалық жекелік-вариациялық 
даму механизмдерін анықтауға бағыттаған. Осы мақсатта жеткіншектің ӛмірлік әрекетін неғұрлым 
байланыстырып отыратын жаңа тұлғалық құрылымдардың кезекті психологиялық талдауы жүргізілген. 
Осы байланыстағы негізгі мақсат жеткіншек жастағы тұлғалық жаңа құрылымдардың психологиялық 
мазмұнын іздестіру мен үлгісін жасау болып табылады, ол жеткіншектердегі жаңа әлеуметтік 
қатынастардың жаңа деңгейге ӛтуін қамтамасыз етеді. Олардың пікірінше жеткіншектерде осы тұлғалық 
жаңа құрылымдардың даму жағдайлары мен механизмдерінің тиімді жолы индивид енген отбасылық 
жүйенің қызмет атқару ерекшеліктері назарға алынып отыратын бағыт болып табылады. 
Шужебаева А.И. «Отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынасындағы қиындықтарын 
психологиялық-педагогикалық зерттеу» атты жұмысында балаларды тәрбиелеу жүйесіндегі ең түйінді 
мәселелердің бірі қарым-қатынас проблемасы екендігін, тұлға аралық қарым-қатынас сферасындағы 
сәйкессіздіктер психологиялық-педагогикалық бағытта болатындығын, ондай балалар тобын 
проблемалары бар балалар деп анықтауға болатындығын дәлелдеген. Зерттеу жұмысында отбасы тәрбиесі 
жағдайында балалардың ересектермен ӛзара қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық 
негіздері, бала мен ата-ана қарым-қатынасының құрылымы зерделенген, бала мінезіндегі қиындықтарды 
жеңу механизмдері жасалынып, балалар мен ересектердің қарым-қатынасының дербес, мәдени және 
сәйкес қалыптасуының әдістері мен тәсілдері анықталған. Ғылыми жұмыста толық емес отбасы 
жағдайындағы балалардың қарым-қатынастары зерттелген. 
Айдарбеков Қ.А. «Отбасындағы ішкі қарым-қатынас жүйесінде жасӛспірімдердің ӛзіндік санасының 
диалогиялық құрылымдарының дамуы» атты ғылыми жұмысын жасӛспірімдік кезеңдегі ӛзіндік сана 
дамуының ерекшеліктерін және бүкіл тұлға дамуының ауытқу ӛзгешеліктерін тудыратын факторларды 
зерттеуге арнаған. Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша жасӛспірімдердің дамуы кезіндегі 
орталық тұлғалық жаңа құрылымы ӛзіндік санасының диалогиялық құрылымдары екені туралы болжам 
ӛзін растаған. Жасӛспірімдердің дамуы кезіндегі тұлғалық жаңа құралымының талдауы осы жастағы 
тапсырмаларды ӛнімді атқаруға қамтамасыз ететін функционалды механизмдерінің деңгейіне жеткізілген. 
Ішкі жанұя құндылықтары ӛсіп келе жатқан буынға берілуіне, дамуына және сақтандыруға бағытталған
және отбасында белгіленген, оның мүшелерінің арасындағы коммуникативтік пен эмоционалдық қарым-
қатынастардың үлгілері бойынша үйлестірілетін, отбасындағы жүргізетін бірлескен іс-әрекет 
жасӛспірімдерде ӛзіндік санасының диалогиялық құрылымдар дамуының негізгі кӛзі болып келеді [5,24] .
 
Отбасы әлеуметтенудің алғашқы сатысы, мұнда пікірлер, кӛзқарастар, құндылықтар мен мінез-
құлықарды меңгере бастайды. Дәстүрлі отбасылар сияқты кеңейтілген отбасылар да әлеуметтік жүйе 


156 
болып табылады, онда әрбір отбасы мүшесі басқа мүшелеріне тікелей және жанама түрде ықпал ете 
алады. Отбасы жағымды ата-аналар бірлестігін, бір-бірін қолдаушы ата-аналар күшін құрай алатын болса, 
балалар неғұрлым жақсы тұрады. Отбасы сонымен қатар дамушы әлеуметтік жүйе болып табылады. 
Қоғамдық және мәдени ортаға енетіндіктен, барлық болып жатқан жағдайлар отбасының қызмет 
атқаруына ықпал етіп отырады. Отбасына әсер ететін әлеуметтік ӛзгерістерге байланысты жалғызбасты 
ересектердің кӛпшілігі, неғұрлым кеш некеге тұру; туылудың азаюы; әйел адамдардың жұмысқа араласуы; 
толымсыз отбасылар, аралас отбасылар және кедейлік жағдайда ӛмір сүріп жатқан отбасылар баршылық. 
Отбасы-нақты ӛмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен ӛзара қатынаста бағыттар бірлігін 
білдіретін адамдардың мәдени бірлестігі. Дәл осы қызметтердің сипаты некенің мазмұнын, формаларын 
және тұрақтылық критерийлерін болжайды. Отбасы психологиялық ерекшеліктерден тұратын шағын топ 
ретінде әлеуметік психологияның зерттеу нысаны болып табылады. Шындықтың бейнеленуінің 
әлеуметтік психологиялық заңдылықтары адам мінез-құлқына ғылыми негізделген жаңа мүмкіндіктерді 
қоғам алдында аша алады. Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеу тұлғаның әлеуметтену процесінің 
негізінде жатқан отбасылық бірлестіктің мүшелеріне күшті әсер ететін заңдылықтарды білуге мүмкіндік 
береді. 
Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас – 
адамзат ӛмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлға аралық байланыс 
орнығып, ӛзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас - ӛзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп 
ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-
қатынас барысында екі немесе бірнеше психологиялық жүйе, рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, 
мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, не ӛзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, 
талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы келісім үрдісі іске асады. Отбасы қарым-қатынасында 
олардың ішінде келісім, ӛзара түсіністік, бірінің екіншісіне бойұсынуы, бірін бірі құптауы, сенімділік 
танытуы, әр тұлғаның (бала, ересек) мағлұмат байлығы (информационное богатство), ӛзара қарым-
қатынас ӛте тығыз орнығуы ықтимал. Ӛзара мағлұмат алмасу отбасы мүшелерінің рухани кемелденуіне 
алып келсе, мұндай отбасының болашағы бар. Отбасы мүшелерін қарым-қатынас арқылы біріктіретін, 
ӛзара туысқандық байланыстарын нығайта түсетін аса маңызды сфераның мақсаты – ол отбасын 
материалдық қамсыздандыру үшін бірлесіп еңбек ету, нәтижесінде ортақтасу, бӛлісу. Мұндай қарым-
қатынас алдымен, отбасы иелері әке мен шеше ортасында түсіністікпен орнаса, соның ӛзі балаларға ӛнеге 
болатыны ӛмірден белгілі. Бұдан басқа әке мен ұл, анасы мен қызы, бір туғандардың бірлесіп, бір 
мақсатта еңбектенуі ӛзара түсіністікті нығайтатын ас маңызды қарым-қатынас екені педагог, психолог 
ғалымдар тарапынан дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет