Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет108/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   164
gambling
— азартты ойын), 
немесе лудомания (лат.
ludus
— ойын и грек. 
mania
— құмарлық) –бұл психиатриалық термин, азартты 
ойындарға патологиялық құмарлық дегенді білдіреді. Гемблинг – адамның кәсіби және жеке ӛміріне қауіп 
тӛндіретін, азартты ойындарға үнемі қатысу. Бұл түсінік ӛткен ғасырдың 60-жылдарында АШ-та ойын 
автоматтарының шығуына байланысты болды. Сол кезде батыс психологтары мен әлеуметтанушылары 
гемблингтің қауіптілігі туралы айтып ӛткен. Белгілі философ Дж.Белл арнайы зерттеу жүргізіп, егер 
ойынқұмарлық ересектердің 10%-ын және жасӛспірімдердің 25%-ын құраса, онда ұлттың психикалық 
денсаулығы мен мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне қатер тӛніп тұр деген болатын. Алайда ақша үшін 
ойын ертеден келе жатқан ойын-сауықтың бір түрі болып табылады. Сонау Рим Империясының 
заманынан бері адамдар құлдар, мал-мүлік және үй үшін ойынға салатын. Бүгінгі таңда ойын-сауық кең 
қанат жайған бизнес түрі: ӛзінің қол жетімділігі мен кең таралуы таңқалдырады. Ойынқұмарлар кӛзімен 
қарағанда ақша үшін ойын неге алып келеді? Біріншіден, бұл құмарлық пен тәуекелдікке бой бұру; 
екіншіден, олардың пікірінше ол қомақты ақша кӛзіне қол жеткізетін бірден-бір жол; үшіншіден ұтылған 
жағдайда қайта ұтып алуға болатын мүмкіндік. Егер осы үш факторға назар салып қарайтын болсақ, онда 
біз олардың ӛзара тұтас тізбек құратынын байқаймыз. Құмар ойындар әлемі ӛзінің түрлілігіне қарамастан 
осы үш факторға негізделген. 
Гемблинг – бұл эмоционалды тәуелділіктің бірі, адамға және оның отбасының материалдық жағынан 
қауіп әкелетін аддикция. Адам ойын ойнаған сайын ойын адамды ӛзіне тарттып, уақытты жоғалтады, соны 
сезе тұра, есінде ештене қалмайды. Уақыт ӛте отбасы, абырой, қызмет сӛздерінің мағынасы болмайды, 
расымен де бұл жан ауруы. Тұлға ретінде адам рухани тозады, депрессиға ұшырап, материалдық 
шығыннан да жоғары физикалық денсаулығы құриды. Азартты ойынға тәуелділік бірнеше факторлармен 
анықталады: 
- адамдардың ӛзіне және қоршаған адамдарына деген материалдық қауіптілік дәрежесі; 
- ойынға қатысының тереңдігі және одан бас тарту қабілетітілігі: 
- ойынға құмарлығын ӛз бетінше шешуге қабілетсіздігі: 
- ӛзінің құмарлығын дұрыс бағаламауы. 
3.Асқа деген аддикция – биохимиялық механизмдерге әсер ететін кезеңдік аддикция. Оларға: 
- анорексия 
- булемия 
4.Нашақорлыққа деген тәуелділік. Нашақорлық мәселесін құбылыс ретінде қарастыруда оның 
бірнеше аспектісін атап ӛтуге болады. 
- Әлеуметтік аспект. Нашақорлық әлеуметтік «жұқпалы» ауру ретінде қарастырылады және ол 
әлеуметтік топ ішінде таралады. Сондықтан нашақор ортадан тыс ӛмір сүрмейді – яғни оның ықпалынан 


159 
есірткі қабылдайтын топ қалыптасады. Сонымен қатар есірткі нашақорларға ғана емес, оның 
жақындарына, қоғамға, қоршаған ортаға зиян келтіреді. 
- Психологиялық аспект. Нашақор кез келген жеке тұлға типінде кездеседі және сананың ӛзгеруіне 
қажеттілік бүкіл адамзатқа тән болып табылады. Зерттеушілер « нашақорлыққа дейінгі» жеке түлға типін 
қарастыруда бірінші орынға импульсивті мінез - құлықты қояды. Бүл кӛзқарас бойынша нашақорлық жеке 
тұлғаның тәртіпсіздігі және қоршаған ӛмірге бейімделе алмаушылық болып табылады. Нашақорлық 
мәселесін зерттеушілер «нашақорлыққа дейінгі» жеке тұлғаны қарастыруда жеке тұлға белгілерін атап 
кӛрсетті: эмоционалды кемлденбеу, садисттік және мазохисттік кӛріністер, агрессивтілік және 
шыдамсыздық, әлсіз бейімделу, тұлғааралық қарым - қатынасқа түсе алмау т.б. Нашақорлықтың 
қалыптасуында психологиялық аспект жетекші болып табылады. 
- Экономикалық аспект. Есірткінің заңсыз таралуы «кӛлеңкелі» ақша айналымына алып келеді. 
Сондай ақ мемлекет нашақорларды емдеу мәселесіне қаражат жұмсайда. Нашақорлықтың дамуының 
салдарынан еңбек мотивациясы мен іс-әрекеті бұзылады. 
- Демографиялық аспект. Кӛбіне психоактивті заттарды ер адамдар мен жеткіншектер қолданады. 
Нашақорлыққа тәуелді ерлер мен әйелдердің ара қатынасы 10:1 құрайды. Есірткіге тәуелділіктің 
қалыптасуынан жыныстық инстинктер жойылады. Осы құбылыстардың салдарынан туу деңгейі тӛмендеп, 
толық емес отбасылар кӛбеюде. 
- Моральдық аспект. Есірткі заттарын жүйелі қабылдағанның әсерінен жеке тұлға девальвацияға 
ұшырайды. Бірте- бірте нашақор мінез- құлқының моральдық негізі бұзылады және «нашақорлық» 
құндылықтар жүйесі қалыптасады. 
- Медициналық аспект. Дәстүрлі наркология нашақорлықты ауру ретінде қарастырады және оны 
ұзақ емдеу қажет. Нашақорлықты емдеу мен алдын алуда тек медициналық кӛмек нәтиже бермейді. 
5.Дәрілік тәуелділік медицинадан келесі рет бойынша келді:
- апиын – бұл топқа апиыннан ӛңделген заттар жатады: морфин, кодеин, промедол, просидол, 
фентанил, метадон, героин т.б. Бұл заттарға тәуелділік тез қалыптасады. Апиын тамырға егу немесе шегу 
арқылы қолданылады. Уланғанда эйфория, қозу басым болады. Ауыз қуысы құрғайды, ыстығы кӛтеріледі, 
басы ауырады және терлеу пайда болады. Тыныс алу және жүрек қан - тамыр жүйесі бұзылады. 
Абстиненция синдромы есірткі қабылдаған соң бірнеше сағаттан кейін пайда болады және 5-7 күнге 
созылады. Психикалық жағынан алаңдаушылық, ӛлімнен қорқу сезімі байқалады. Адамның ұйқысы 
бұзылады, қорқынышты түстер кӛреді. Сондай-ақ кӛңіл-күйі ӛзгермелі болады: ӛзін ӛзі жоғары бағалайды, 
кейде депрессия, тітіркену, агрессия және апатиялық жағдайда болады. Героин - апиындардың ішіндегі ең 
кең тараған түрі және есірткінің ең ауыр түріне жатады. 
- барбитураттар – ұйықтататын құрал ретінде қолданылады. Тамырға егу арқылы қабылдағанда 
басқа ұрады, кӛз қарауытады, заттар жүзіп жүргендей елестейді, кӛз қарашығы үлкейеді және тері 
қызарады. Бүл жағдай бірнеше секундқа созылады. Кейін тепе -теңдігі бұзылады, тез қимылдайды. 
Адамның қоршаған ортаға деген қатынасы ӛзгереді, адамдарға жағымды қатынас жасайды.Кӛтеріңкі кӛңіл 
күй 2-3 сағатқа созылады.Содан кейін терең үйқыға кетеді. Ұйқыдан тұрған соң ӛзін әлсіз сезінеді, зейіні 
бұзылады, интеллектуалды процестердің қарқындылығы тӛмендейді. 
- анальгетиктер; 
- психостимуляторлар - бұл топтағы есірткілерге тән белгі: ойлау қарқыны жылдамдайды (үстірт 
жеңіл тұжырымдар). Психостимулятор әсерінен қоршаған заттарды қабылдау нашарлайды. Түрлері: 
кокаин, эфедрин, первитин, амфетамин. Алғаш қабылдағанда шаттық сезімі пайда болады, кейін жағымды 
сезімдермен жалғасады, Есірткі әсерінен сананың қызметі белсенді жұмыс атқарады,адам кӛп 
қимылдайды, кӛп сӛйлейді, ӛз мүмкіндіктерін жоғары бағалайды.Психостимулятордың ерекшелігі 
психикалық тәуелділік тез қалыптасады. Есірткі қабылдау тілегі тәуелділік қалыптаспай жатып пайда 
болады. Сондай-ақ депрессия үзақ уақытқа созылады және абстиненция синдромында ӛзін ӛзі ӛлтіруге 
тырысады. 
- транквилизаторлар; 
- галюциногендер – миға қатты әсер етеді. Галлюциноген заттарына улану салдарынан жасанды 
психоз туындайды, олар бірнеше синапстар қызметіне араласып, оны толық бұзады. Бір рет 
қабылдағанның әсерінен нейрон мен синапстар қызметі 2-3 күнге дейін қалыпқа келмейді. Тіпті бұл 
заттарды мидан алып тастаған жағдайда да синапс жасушалары қалыпты қызмет атқармайды. Психикасы 
тұрақсыз адамдарға есірткі орны толмастай әсер етеді. Ӛзін-ӛзі сезінудің бұзылуы және галлюцинация 
қорқыныш пен алаңдаушылық сезімін тудырады. Бүгінде адамзат медицина мен ӛнерге қанша қаржы 
жұмсаса, психоактивті заттарға да сонша жұмсайды. [5] 
Аддиктивті мінез-құлықтың дамуына итермелейтін тұлғалық ерекшеліктер. Аддиктивті мінез-құлық 
психологиялық қиыншылықтарды тӛзе алушылық қасиеті тӛмен, ӛмірлік жағдайлардың ӛзгеруіне қиын 
бейімделетін, психофизиологиялық жайлылыққа оңай және тез жетуге тырысатын адамдарға тән. 


160 
Аддикция мұндай адамдарға шынайы ӛмірден қашудың бірден-бір құралы болып табылады. Осылайша, 
мінез-құлықтың аддиктивті формаларын атап кӛрсетуге болады: 
-
күнделікті ӛмірлік қиындықтарға тӛзе алмаушылық, кризистік жағдайларды кӛтере алмау; 
-
кӛпшілікке артықшылығын кӛрсеткенімен, іштей ӛз-ӛзіне кӛңіл толмаушылық мінінің болуы; 
-
сырттай әлеуметтік топта қарым-қатынасқа түскенімен, эмоционалды байланысқа түсуге деген 
қорқыныш; 
-
ӛтірік айтуға деген талпыныс; 
-
басқаларды кінәлауға деген талпыныс; 
-
қабылданған шешімдерден жауапкершілік алудан қашуға деген талпыныс; 
-
стереотиптілік, мінез-құлықтың қайталануы; 
-
қауіптілік сезімі 
Аддиктивті мінез-құлықты зерттеудің негізгі бағыттары: 
1. Персонологиялық бағыт бойынша кейбір тұлға типтері басқаларға қарағанда аддиктивті мінез-
құлыққа бейім. Мысалы, алкоголь тәуелділігін зерттей келе, спецификалық алкогольді тұлға типінің жоқ 
екені анықталды. 
2. Психодинамикалық бағыт тек тұлғаның ерекшеліктеріне ғана емес, оның ортасына және онымен 
әрекеттесу ерекшелігіне де байланысты кӛп себептерді атап кӛрсетеді. 
3. Мотивациялық бағыт аддиктивті мінез-құлықты зерттеуде реактивті қарсыласу теориясына 
сүйенеді. Яғни, мотивация индивидтің еркіндігіне қауіп тӛнгенде пайда болады. Реактивті қарсыласу 
теориясы келесі негізгі белгілерді бӛледі: еркіндікті алдын ала күту, еркіндікке қауіп күші, тұлға үшін 
еркіндіктің маңызы, ӛзінің еркіндігі мен қауіп арасындағы қатынас. 
4. Әлеуметтік үйрету теориясы психоактивті агенттердің қабылдауын шақыратын және күшейтетін 
факторларды талдау. 
5. Күтілген әрекет теориясы – аддикцияның моделіне когнитивті компонентті қосады. Аддикция 
мұнда альтернативті реакцияны жеңу түрінде түсіндіріледі. Есірткілерден жағымды әсерлерді күту 
мұндай түсінулердің мүмкін болуынан жоғарыланады. Сондай-ақ оларды пайдалану ӛз әрекеттеріне деген 
жауапкершілікті жояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет