Литературы:
1.Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.- Москва. «Народное образование» 1998.
2.Бабинский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса. – М.: Просвещение, 1982.
3.Беспалько В.П. Слагаемые педагогические технологии. – М.: Педагогика, 1989.
4.Монахов В.М. Технологические основы проектирования и конструирования учебного процесса. –
Волгоград: Перемена, 1995.
Аннотация.
Қызметтің басты кӛрінісі мектепке дейінгі ойын түрлері, сол сияқты кіші жастан бастап,
мектепке дейінгі мекемелерде әр түрлі ойындар мен творчествалық проект жоспарлануда, бұл жоба
мектепке дейінгі ӛзгешеліктің біріне жатады.
Annotation.
As a leading preschool activity is a game, starting with toddlers in preschool planned and
implemented Role-playing and creative projects, underscoring the specificity of the project activities with
preschoolers.
ӘОЖ 509.14
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ
ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Темирханова Л.
Біліктілік арттырудың ҧлттық орталығы «Ӛрлеу» АҚ ЖО бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз қ,
Қоғамның бүгіні басты бағыттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда
ақпараттандыру үрдісі адамзат ӛркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде
қарастырылып отыр. Білімді ақпарааттандыру, әсіресе оның алғашқы баспалдағы мектепте енгізу -қоғамда
ақпараттандырудың негізгі шарты. Себебі, мектепте жаңа ақпараттандырылған қоғам жағдайында жұмыс
істеп, ӛмір сүре алатын болашақ ұрпақтың дайындығы жүзеге асады. Осы үрдістің дамуын болжауға
бағытталған белгілі беталыс педагогика ғылымында ӛз орнын алуда. Білімді ақпараттандыру жағдайында
білім парадигмасының ӛзгеруі (А.П.Ершов, С.А.Жданов, т.б.) қазіргі жалпы білім беретін мектептің
дамуының негізі ретінде ақпараттық технологиялары (Г.А.Абумова, Н.Ермеков, С.Құнанбаева)
мәселелері ретінде зерттелуде.
Оқытуды модельдеудің практикасы мен теориясы (Ю.Овакимян), компьютерлік оқытудың
ақпараттық және ұйымдастырылған модельдері (В.Ю.Боранов) біртұтас білім кеңістігін құрудағы ақпарат
технологияларының рӛлі (В.И.Жог, М.А.Лейбовский, М.Н.Панкина, А.Б.Медешова). Компьютерлік
диагностика білімі мен дағдылары кӛмегімен оқыту әдістемесін жетілдіру (Г.БАхметова, О.И.Беляков)
экономикалық (Л.В.Глухова) валеологиялық (А.С.Иманғалиев) білімді ақпараттандыру мәселелері;
ақпараттық технологияның адам санасы мен денсаулығына әсері; (Б.Б.Буресбаев, Р.М.Дузбаева,
М.А.Пиварова) «компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету» кӛзделген мектептегі информатиканың
«қолданбалы» бағыты елеулі ӛзгерді деп, тұжырымдауға болады. Ол қазіргі информатика пәндерінде
кӛрініс тапты. ХХІ ғасырдың 90-жылдары басынан экономика,.саясат, әлеумет салаларында болып жатқан
күрделі ӛзгерістер де ӛз әсерін білімге де тигізіп отырғаны анық. Білім – адам қоғамының дамытушы
факторы екені белгілі. Білім беру арқылы бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ӛз бетімен шешім қабылдап,
қажетті ақпарат жинап, ӛңдеп, орынды жұмсаушы маман ретінде қалыптасады. Білім алу арқылы адамзат
ұрпағы ӛзінің алдыңғы ұрпақ легінен биік деңгейлерге даму жолын таба алады, тани алады. Бүгінгі білім
саласында аоға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі – білімді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын
қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету. Ол мүмкіншіліктер
қатарында ақпараттанған қоғамның білім жүйесін ашық жүйе ретінде құрап, оңтайландырып, орталықтан
алшақтандырылған ӛркениетті құралдар негізінде жасау міндеті де бар. Бұл жүйенің қозғаушы күші
индивидтің психикалық, танымдық қабілеті мен мүмкіншілігі қырынан тиімді, психологиялық жағынан
171
толық тексерілген дидактикалық жүйелер мен ақпараттық оқыту технологиялары болып табылады. Соңғы
жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғаның барлық салаларына қарқынды түрде енгізілуі
баланың жеке тұлға ретінде дамып-жетілуіне елеулі іздерін қалдырды. Ақпараттың үлкен ағымы,
жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының,
электрондық ойыншықтардың және автоматтандырылған техниканың кӛбеюі бала тәрбиесіне, оны
қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді. Бастауыш мектептің оқушысы қазіргі заман талабына сай
технологиямен жабдықталған сыныптарды оқуды аңсайды. Бала компьютерде ойын ойнауды ғана емес,
қызықты сурет салуды, жұмыс жасауды, сӛздік ( ағылшын,орыс, қазақ тілі ) қорын молайтуды,
электрондық оқулықпен жұмыс жасауды үйренгісі келеді, онымен етене жақындасуға, достасуға
тырысады. Бастауыш мектепте компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыру керек. А.В.Горячев,
А.Л.Семенов, К.ЗХалықоват.б. бастауыш мектептің оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны
пайдалану туралы құнды зерттеулер жүргізген. Бүгінгі мемлекеттің білім беру саласындағы саясаттың
тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың
әдістерін және мазмұнын жетілдері, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады. Қазіргі білім беру
саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман болу
мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани
азаматтық және басқа да кӛптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, ӛзін-ӛзі дамытып оқу-
тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына кӛмектеседі. «Технологиялық білім » термині ХХ ғасырдың 40-
50 жылдары пайда болды. Бұл термин тұрмыстық құрал – жабдықтарға (үнтаспа, телевизор т.б.) сол
сияқты оқу процесінде техникалық құрал – жабдықтарға байланысты қолданылып келген болатын. 50 –
60 жылдары « Технологиялық білім » термині бағдарлама оқыту идеясын тарату мақсатында
педагогикалық процесте әдіс – тәсіл жиынтығы ретінде қолданылған. Технологиялық оқыту, білім
берудің, жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың жаңа ізденістерін талап етеді. Баланың білім алу, даму т.б.
іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу, оған басшылық ету, білімді ӛз белсенділіктерімен
алуларына түрткі жасау технологияның басты белгілері болып табылады.
Қазақстан Республикасының « Білім беру туралы » Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты
міндеттері атап кӛрсетілген. Соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа ақпараттық
технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу. Білім беруді тез қарқынмен
ақпараттандыру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі:
1. Оқушыны қазіргі қоғам сұранымына сай ӛзінің ӛмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің
құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан- жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.
2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен
коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.
3. Оқушының шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін дамыту.
4. Оқу – тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату
мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.
Білім беру процесін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты болғандықтан,
В.Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялар» ақпаратты ӛңдеумен байланысты процестер
болып табылады. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде
оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды. А.Горячевтің тұжырымдауынша,
«Ақпараттық технология»- мәтінідік редактор,электрондық кесте, мәліметтер базасы, графиктік редактор,
мультимедия және коммуникациялық технологиямен сипатталады. Р.Әбдірәсілова болса, «Ақпараттық
технологияны» оқыту құралдары жүйесінің элементі деп қарастырады. Н.Апатова «Ақпараттық
технология» ұғымына екі анықтама береді: - « Ақпараттық технология » - қажетті техникалық және
бағдарламалық жабдығы бар компьютер».
- «Ақпараттық технология» - бұл ақпаратты ӛңдеу кӛмегімен жүзеге асырылатын әдістер және
тәсілдер жинағы». В.Грищенко мен Б.Паньшин «Ақпараттық технологияны» әлеуметтік ортаның
заңдылықтарына сәйкес және мейілінше аз шығынмен ақпаратты жасап, сақтап, таратуды қамтамасыз
ететін құралдар мен әдістердің жиынтығы дейді. Анықтамалық сӛздік бойынша, «Ақпараттық
технология - компьютер құралдарын оқытуда пайдалану әдістері туралы білімдер жиыны». И.Роберттің
айтуынша, «Ақпараттық технология» - есептеуіш техника негізінде қызмет ететін бағдарламалық
құрылғылар, сонымен бірге ақпаратты таратуды, ӛңдеуді, сақтауды, жинақтауды қамтамасыз ететін
құралдар мен ақпарат айырбастау жүйелері болып табылады». В.Извозчиковтың анықтауынша, білім
берудегі « Ақпараттық технология - оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен компьютерді
оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы».М.Жалдак бұл терминнің неғұрлым
кеңірек анықтамасын береді:
«Ақпараттық технология» - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік
процестерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, ӛңдеу, тасымалдау
және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы. Сондықтан біз « Ақпараттық
172
технологияны » білім беруді ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып, жоспарлы және саналы
түрде білім беру процесін, білімді игеруді зерттеумен айналысатын дидактиканың саласы ретінде
қарастырамыз.
Білім беруді ақпараттандыру және оқытуды компьютерлендіру ұғымдарын ажырата білу керек.
Соңғысы компьютерді тек оқытуда пайдалану аумағын қамтиды. Бұл жағдайда компьютердің
мүмкіндіктері ӛте кең; электронды оқулықтардың кӛмегімен жаңа білім, жаттықтыру тапсырмаларын
беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әр түрлі ойындар, т.б. оқыту үрдісінде компьютер оқыту
нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни оқытуда компьютердің екі бағыты болады. Біріншісі бойынша
компьютердің мүмкіндіктерін сезініп және оны әр түрлі жағдайларда пайдалана білуге қажетті білім,
дағды іскерліктерімен қаруландырса, екінші бағыт бойынша компьютер оқытудың тиімділігін
жоғарылатып,сапасын кӛтеретін күшті құрал болып есептеледі.
Қазіргі кезде дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан
қызықты әрі жаңаша ӛтуі үшін ӛзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге
жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік- бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы
мұғалімге
Достарыңызбен бөлісу: |