Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет117/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   164
«мұғалім-оқушы»
жүйесінде ақпаратты беруді, ӛңдеуді және қайталауды жаңаша 
ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім ақпараттық оқыту 
технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды түрде 
болуы тиіс, себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін ақпараттық технологияны оқыту процесінде пайдалану әр 
түрлі сипатқа ие. Сонымен қатар, кӛптеген зерттеулер мен эксперименттердің нәтижесіне сүйенсек, 
ақпараттық технологиялар оқу процесінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатады деп танылғанымен, оны 
жекелеген пәндерде пайдаланудың нақты әдістемелері, компьютердің оқушыға тигізетін психологиялық 
әсері туралы нақты теория жоқ. Сондықтан да ақпараттық технологиясын жалпы білім беретін мектепте 
пайдалану бірқатар әлеуметтік-экономикалық, философиялық, ғылыми-техникалық мәселелерді шешуді 
қажет етеді. Жоғарыда айтылғандай, қазіргі кезде ақпараттық технологияны оқу процесінде пайдаланудың 
тиімді түрлерін іздестіруде педагог, бағдарламашы, психологтердің ортақ негізделген кӛзқарасы жоққа 
тән. Осыған байланысты оқытуды ақпараттандырудың концептуалды аспектісін жасау – басты 
міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағытта дұрыс шешім қабылдау үшін нақты стратегиялық 
бағдарлама қажет. Жаңа ақпараттық технология құралдарын оқыту үрдісінде білім беру және оқыту, 
қоршаған ортаны тану, оқыту экспериментінің нәтижесін ӛңдеу, оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру және 
педагогикалық технологияларды таратуда тиімді құралы болып табылады. Кӛптеген зерттеушілердің 
бойынша, бұл оқу орнының техникалық жабдықталуымен, мұғалім кадрларының ізденімпаздығымен 
байланысты күрделі әрі ұзақ процесс. Мұнда негізінен үш кезеңді бӛліп қарстыруға болады:
1-кезеңде ақпараттық технология құралдарын игеру және оның педагогикалық қолданылуын 
анықтау.
2 – кезеңде ақпараттық технология құралдарын игеріп және оқытуды ұйымдастырудың жаңа 
түрлері мен әдістері негізінде барлық дәстүрлі пәндерге кеңінен енгізу. Қазіргі кезде кӛптеген 
педагогикалық бағдарламалық құралдар жасалған. Бірақ, дүниежүзілік тәжірибе кӛрсеткендей, олардың 
барлығы оқыту үрдісін толық қанағатттандырмайды. 
3 – кезеңде ақпараттық технология құралдарын пайдалану негізінде оқытудың әдістемелік негізі 
ӛзгеріп, оқыту пройесін автоматтандыру жүзеге асуы қажет.
1-кесте. Бастауыш мектепте ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет