182
ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Осы бағдарлама негізінде елімізде кешенді және
нақты жұмыстар атқарылды. Қазіргі таңда республика мектептерін жаңа компьютерлік
технологиялармен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып, енді ақпараттық технологияны
қолдану мен оны мектептерге енгізу саласында жұмыстар жүргізілуде. Ақпараттандырудың негізгі
міндеттерінің бірі – мектепте компьютерлерді оқыту құралы ретінде қолдану болып табылады. Бірақ,
кӛптеген отандық, ресейлік және шетелдік мамандар компьютерлерді және басқа да техникалық оқыту
құралдарын енгізу, қазіргі заманғы оқыту теориясының жетістіктерін ӛз
деңгейінде пайдаланбай,
эмпирикалық түрде жүргендігін, сол себепті де оқытуда компьютерлерді пайдалану ойдағыдай нәтиже
бермегендігін атап кӛрсетті. Оның себебін олар оқытуды компьютерлендірудің теориялық негіздерінің
жеткілікті мӛлшерде жасалмағандығы деп біледі. Ғылыми түрде негізделген және әдістемелік түрде
сауатты бағдарламалық құралдардың болмауынан, оқу-тәрбиелеу процесінде компьютерлер ӛз мәнінде
пайдаланылмайды. Сондықтан, бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер кӛмегімен оқыту нәтижелілігін
зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Оқу процесіне компьютерлік
технологияларды енгізу ісі математиканы оқытумен де тығыз байланысты.
Математикалық білім беруді
ақпараттандырудың негізгі мақсаты – оқу процесіне жаңа ақпараттық-қатынастық технологияларды енгізу
арқылы оқушыларда ойлаудың сапалы жаңа түрін қалыптастыру болып табылады. Компьютерлерді
математиканы оқыту процесінде пайдалануға арналған кӛптеген зерттеулер бар. Айталық,
Ю.С.Брановскийдің жұмысында дербес компьютерді мектеп курсындағы алгебра және анализ
бастамаларының белгілі бір бӛлімдерін оқытуға арналған құрал ретінде тиімді пайдалану үшін
бағдарламалық-әдістемелік жабдық жасалған. Онда компьютерлерді пайдалануға болатын математиканың
оқу материалдарын таңдау критериилері де анықталған. Компьютерлерді инструменттік құрал ретінде
пайдаланудың әдістемелік мәселелері мен оқытудағы компьютерлік модельдеу мәселелері де
қарастырылған. Л.И.Долинер оқушыларды компьютерлерді пайдаланып математикаға оқытудың
педагогикалық тиімділігінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеген және компьютерді қолдану
жағдайларындағы оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді әдістерін негіздеген.
Тӛменгі сынып оқушыларын компьютерді қолданып математикаға оқытуда оқу іс-әрекеттерін
қалыптастыру ерекшеліктері Ю.А.Иванованың жұмысында негізделген. Онда тӛменгі сынып оқушыларын
компьютерлерді пайдаланып
математикаға оқытудың, оқушының оқу іс-әрекетіндегі субъект ретінде
қалыптасуына бағытталған әдістемесінің негізі айқындалған. Оқушының білімін бақылау тиімділігін
арттыруға арналған автоматтандырылған оқу курстарының (АОК) құрастырылуының әдістемесі жасалған.
Дербес компьютерді математиканы оқыту процесінде оқушылардың білімін жүйелеу және жинақтауда оқу
құралы ретінде пайдаланудың әдістемесі А.В.Якубовтың жұмысында сипатталған. Ол 9-сыныптар үшін
математика пәні бойынша компьютерлік бағдарламалар жасаған. Л.Л.Якобсонның жұмысында
кӛпжақтардың графикалық бейнелерін жасау процесіне арналған психологиялық-педагогикалық
талаптары баяндалып, осы процестің әртүрлі кезеңдеріндегі оларды пайдалану нұсқаулары жасалып,
кӛпжақтардың графикалық бейнелерін жасау процесіндегі педагогикалық бағдарламалық құралдардың
рӛлі мен орны анықталған және олардың басқа оқыту құралдарымен байланысы кӛрсетілген.
Л.П.Миронованың жұмысында практикалық және дербес сабақтарда
оқушылардың қызметтерін
ажыратуға, сонымен бірге қолданбалы бағдарламаларды институттарда жоғары математикадан дербес
сабақтар ӛткізуге пайдалану туралы жаңа әдіс ұсынылған. Р.С.Шуақбаеваның жұмысы компьютердің
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына кӛпжақтарға берілген есептерді
шығаруды үйрету әдістемесін жасауға арналған. Жоғарыда қарастырылған жұмыстарда компьютерді
мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында математиканы оқыту процесінде қолдану
мәселелерінің жекелеген аспектілері,
атап айтқанда, бағдарламалау тілдерінің кӛмегімен жасалған
педагогикалық бағдарламалық құралдар қарастырылған. Бірақ, компьютерлерді математиканы оқытуда
қолдану жӛніндегі зерттеулерге талдау жасау кезінде 7-9-сыныптардың алгебра курсында ашық
компьютерлік бағдарламалық құралдарды қолдану әдістемесі іс жүзінде қарастырылмағанын кӛрсетіп
отыр. Сонымен қатар компьютерлік бағдарламаларды жасау процесі кӛп еңбекті қажет етеді және
бағдарлама құра алмайтын мұғалімдерге қиын тиеді. Бұл инструменталдық құралдарды пайдалана
отырып, бағдарлама құра алмайтын қолданушыға бағытталған педагогикалық компьютерлік
бағдарламалық құралдарды жасау проблемасын зерттеу және оны математиканы оқытуда қолдану
әдістемесін жасау қажеттілігін тудырады.
Қазіргі таңда математика пәні бойынша әртүрлі фирмалар және жеке қолданушылар ӛздерінің
шығарған ӛнімдерін ұсынып отырғанындығын кӛрсетті. Олар: Ресейде «Математика 5-11 классы.
Практикум» («1С»), «Все задачи школьной математики» («Просвещение-Медиа»), «Математика
абитуриенту» («Новый диск»), «Математика 5-11. Новые возможности для усвоения курса математики»
(«Дрофа»), «Интерактивная математика. 5-9 классы» («Дрофа»), «Курс математики базовый. Для
школьников и абитуриентов» («Медиа Хаус»), «Алгебра. 7-11 класс» («КУДИЦ», «Кордис & Медиа»),
Зеленоград мектебінің математика пәнінің оқытушысы Ю.М.Астратовтың бағдарламалары: «Теорема
183
Виета» (8-9 сыныптар үшін), «Решение линейных уравнений» (5-7 сыныптар үшін) «Решение
линейных
неравенств» (8-9 сыныптар үшін) т.с.с., Қазақстанда электрондық оқулықтарды шығарудағы кӛшбасшы –
Ұлттық ақпараттандыру орталығы болып табылады. «Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық
оқулықтары кӛптеп жасалып қолданыс табуда. Осындай бағдарламалардың кӛпшілігі: 1) оқыту, 2)
жаттығу, 3) бақылау деп аталатын алгоритм бойынша жасалған. Ӛздерінің қарапайымдылығына
қарамастан бұндай бағдарламалар мұғалім мен оқушыларға жақсы кӛмекші ретінде қызмет етуде.
Аталған бағдарламалық құралдардың артықшылықтарымен бірге кемшіліктері де бар. Сондықтан
нақты бір құралды таңдағанда оларды сабақтың мақсатына, міндеттеріне, формасына, сабақ түріне және
оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес ескеру қажет.
Әлдеқайда қызықты және мазмұны жағынан толық бағдарламалық құралдарға келесілерді жатқызуға
болады: «Математика 5-11 классы. Практикум», «Все задачи школьной математики», «Математика 5-11.
Новые возможности для усвоения курса математики», Ұлттық ақпараттандыру орталығының
«Математика» (1-10 сыныптар үшін) электрондық оқулықтары.
Қарастырылған бағдарламалық құралдарды алгебраны оқытуда пайдалану:
оқушылардың
мотивациялық негізін арттыруға; шығармашылық қабілетін дамытуға; математикалық ойлауын
қалыптастыруға; оқушыларды зерттеу жұмыстарына жұмылдыруға; ӛзін-ӛзі басқаруға; есте сақтау
қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді. Арнайы ӛңделген компьютерлік бағдарламалар
қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың жетістіктерін, атап айтқанда, жоғары сапалы графиканы,
анимацияны, дыбыстық қолдауды, бейнероликтерді және мультимедияның
басқа да құралдарын
пайдалануы тиіс. Оқытудың тиімді жүйелерін жасағанда компьютерлік жүйе мен оқушының ӛзара
қатынасындағы дидактикалық және психологиялық талаптар мен принциптерді ескеру керек. Ӛзін-ӛзі
оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалардың айрықша ерекшелігі мұғалім мен оқушы арасындағы
тікелей немесе қандай да бір техникалық құралдар бойынша сұхбаттық ӛзара әсердің болуында.
Сондықтан дербес және ӛзін-ӛзі оқытуға арналған бағдарламаларды жасағанда сұхбаттың жалпы
құрылымын ғана емес, оның тұжырымдарын, тапсырмалардың, мәселелердің толықтығы мен дәлдігін,
сұхбаттың басқа да элементтерін ӛте тиянақты түрде құрастыру керек. Сол сияқты,
басқа техникалық
оқыту құралдарына қарағанда компьютерлік оқыту бағдарламаларының интерактивтілігі, яғни оқушының
сұрақтары мен іс-әрекетіне дереу жауап беру мүмкіндігі бар екенін, оның үстіне мәселені анықтай түсуге,
мәліметтерді беруге, оқушыға ақпаратты ұсына алатындағын да ескеру керек. Егер оқушы мен компьютер
арасында тығыз қарым-қатынас байқалса, бұндай оқытуды интерактивті деп атайды. Әдетте, мұндай
қарым-қатынас оқушылар қандай да бір тапсырманың шешімін табуға тырысқан кезде байқалады.
Интерактивті оқытудың басты мақсаты – оқушыларды ӛз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету.
Оқушыларға дайын жауаптарды берген кезде олардың ақыл-ой белсенділігі ӛспей қалады. Ал әлдебір
мәселені ӛздері шешіп үйренген кезде ақыл-ой белсенділігі артады.
Достарыңызбен бөлісу: