184
ӘОЖ 681.3.06
ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНІҢ БІР - БІРІНЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Туганбаева Г.Т, Еркебек Ж.Б.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Программалау тілі - мәліметті (деректі, ақпаратты) және олардың алгоритмін ЭЕМ-де ӛңдеуге
арналған формальды тіл. Программалау тілінің негізін алгоритмдік тіл құрайды. Алғашқы
программалау тілі ішкі машиналық тіл болып есептеледі.
Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы
программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең
таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл
болды. Паскаль тiлi ӛзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды.
Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған
программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай. Бұл тілде жазылған
программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тiлiне аударылады),
объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде
программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi
- объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы
аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы
ӛңделеді. Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу
тіліне айналды
Программа құрылымы
Программа – белгілі бір программалау тілінің синтаксистік ережелеріне сәйкес жазылған нұсқаулар
тізбегі. Демек, Паскаль тілінде программа жазу үшін программалаушы оның жазылу ережесін жақсы білу
қажет. Паскаль тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:
Программа тақырыбы;
Сипаттау бӛлімі;
Begin
Орындалатын бӛлім;
End.
Программа тақырыбы program қызметші сӛзінен басталады. Ол программа атынан және
параметрлерден тұрады. Мысалы:
Program esep1 (input, output);
Мұндағы esep1- программаға берілген атау. Программалаушы программа атын ӛз қалауынша бере
алады. Программа атауы оларды екінші бір программадан ажыратуға қажетті кӛрсеткіш.
input, output – стандартты енгізу, шығару файлы.
Сипаттау бӛлімінде программада кездесетін барлық берілгендердің атауы, типі, мүмкін болатын
мәндері, т.б. хабарланады.
Орындалатын бӛлімде вegin және еnd қызметші сӛздері арасында операторлар тізбегі жазылады.
Сол себепті, вegin (ашылатын) және еnd (жабылатын) қызметші сӛздердің операторлар жақшасы деп атаса
да болады.
Достарыңызбен бөлісу: