188
Сезім мүшелері
құрттардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты ӛте нашар дамыған[4].
Жыныс жүйесі
гермафродитті, жақсы дамыған.
Көбеюі және дамуы.
Олардың салған жұмыртқалары ӛт жолы арқылы ішекке түсіп, иесінің ішегінен
нәжіспен араласып сыртқа шығарылады.Дикроцелияның жұмыртқасының мӛлшері (0,038-0,045 х 0,022 –
0,030мм) қара –қоңырқай түсті бір жақты қақпақшалы, қарапайым ассиметриялы болып келеді. Ары қарай
даму үшін жұмыртқа суға түсуі керек. Су ішінде жұмыртқадан денесі толқынды эпителимен жабылған
личинка-мирацидий шығады. Мирацидий тұмсықшасы арқылы ұлу денесіне еніп, оның ішкі мүшесіне
енеді. Мирацидий кірпікшелерін тастап, формасыз, қозғалмайтын қапшық тәрізді спороцистаға айналады.
Бұл кӛбею қабілеті бар, жыныстық жүйесі жетілген сатысы. Спороцистаның денесіндегі
партеногенетикалық жұмыртқалары әрбіреуі бӛлініп, келесі – редия деп аталатын ұрпаққа айналады.
Спороцисталар сияқты редияның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары бӛлініп, редияның
ішінде жаңа ұрпақ – церкариялар пайда болады. Ары қарай дамуы үшін церкариялар екінші аралық иесіне
– құмырсқалардың (Formica туысынан) ішегіне түсуі тиіс. Құмырсқаларда церкария соңғы метацеркария
сатысына айналады.
Дикроцелияның иесі.
Дикроцелиоз паразиттік тіршілік етуіне байланысты дамуы үш иеде жүреді -
дефинитивті (нағыз), аралық және қосымша.
Дефинитивті (нағыз) ие.
Нағыз иеге түрлі сүтқоректілер (ірі қара малдар, тіпті адамдар да бола
алады), дикроцелияның толық пісіп жетілуі нағыз иеде жүреді.
Аралық ие.
Былқылдақ денелілер моллюскалар, ұлулар бола алады. Ӛйткені олардың ағзаларында
партогенетикалық жолмен дамыған паразиттердің церкариялары қалыптасады. Былқылдақ денелілердің
негізінен 25 мың түрі бар оларға тәжірибе жасау барысында 90 түрден паразит табылған. Сондықтан
дикроцелияның дамуына моллюскалар ӛте ыңғайлы.
Қосымша ие.
Бұны кӛбінесе құмырсқалар атқарады. Олардың организмдерінде трематодтың бесінші
дернәсілдік сатысы метацеркария дамиды. Нағыз иеде метацеркария ауруды тудыруға ӛте қабілетті болып
келеді.
Нағыз және аралық иедегі басқа құрттармен дикроцелияның қарым қатынасы.
Дикроцелия жануарлар организмінде тікелей және жанама түрде басқа гельминттер мен
микроорганизмдердің түрлерімен байланысқа түседі. Негізгі иенің организмінде дикроцелия фасциоламен
және бауырдағы және ӛт жолында паразит тіршілік етіп жатқан паразиттермен байланыста болады.
Дикроцелия бауырда тіршілік етуіне байланысты ішектің микрофлорасының құрамын ӛзгертуге әсер
етеді. Иеде болатын түрлі паразиттерге әсер етеді.
Дикроцелия жұмыртқалары мен дернәсілдерінің сыртқы орта жағдайларына төзімділігі.
Жұмыртқаларының тӛзімділігі. Дикроцелияның жұмыртқаларының ӛзіндік ерекше құрылысы бар.
Ол топырақтың жағдайларына бейімделуі ұзақ уақытты қажет етеді. Карбол қышқылы, концентрациясы
5% формалин ерітіндісі, тіпті 96% этил спирті де дикроцелия жұмыртқаларының тіршілігін жояды.
Дикроцелияның жұмыртқалары құрғақшылыққа тӛзімді 18-20° бір апта бойы құрғатса да тіршілігін
жоймайды. Тоңазытқышта сақталған бауырда дикроцелиоз - 235 күн, ал мұздатқышта - 40 күн, тұзды
ерітіндіде - 3 күнге дейін тіршілігін жоймайды. Дикроцелияның жұмыртқалары тӛменгі
температуралардың ауытқуларына тӛзімді. Құрғақшылыққа да, ыстық климатқа да дикроцелияның
жұмыртқалары кемі 3,5-12 айға дейін тіршілігін жоймайды.
Достарыңызбен бөлісу: