Дәрілік ӛсімдіктермен емдеу жолдары.
Дәрілік зоря
– биіктігі 2 метрге дейін жететін, кӛп жылдық, шӛп тектес ӛсімдік. Тамыры ірі, жуан,
сырт жағынан қарағанда сары, іш жағынан қарағанда ақ түсті. Тамырын жылдам кесіп қараса, сары түсті
сӛлдің бӛлінетіндігін байқауға болады. Сабағы жұмыр, іші қуыс, жоғарғы жағында жайыла ӛседі.
Жапырақтары теріс қаратып қойған жұмыртқа тәрізді, қалың жасыл түсті. Қауырсын тәрізденіп екі
жерінен тілімделген, жоғарғылары да қауырсынтәрізді, шеттері ірі. Ұстап қарағанда жапырақтары қолға
салқындау болып сезіледі. Ол жапырақтары құрамындағы эфир майларына байланысты. Гүлдері ашық
сары түсті, күрделі, шатыр тәрізденіп тұрады. Маусым-шілде айларында гүлдейді.
Дәрі үшін оның тамырын жинайды. Құрамында эфир майлары, смолалы заттар, қант, крахмал, илік
заттар бар. Зоря ішек құрттарын, сорғыш құрттарды түсіру үшін қолданылады. Ӛсімдіктің грамм
тамырын стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады, 1 ас қасықтан 3 рет беру керек.
Түймешетен
(Tanacetum) –күрделі гүлділер тұқымдасына жататын кӛп жылдық шӛптесін ӛсімдіктер.
Қазақстанның барлық ӛңірінде тараған 15 түрі бар. Орманды, далалы, кейде сортаң топырақты жерлерде,
тастақты тӛбешік баурайларында ӛседі. Оның биіктігі 30 – 150 см. Сабағы тік, кӛп болады. Жапырақтары
қауырсын тәрізді тілімделген, кезектесіп орналасады. Сары түсті ұсақ гүлдері бір-бірден орналасып, себет
гүлшоғырын құрайды, олар сабақтың ұшында жетіледі. Шілде – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс
салады. Жемісі – дәнек.Түймешетен гүлінің құрамында танацет, галлус, т.б. органикалық қышқылдар,
илік және
бояғышзаттар, шайыр, эфир майы
мен
май
болады.
Улы ӛсімдік.Медицинадаішекқұртынтүсіретін,
бауыр және ӛт жолдарынем
дейтін
дәрі
ретінде
қолданылады. 1 сағат бұрын 1 л суға 5гр салып 15-20 мин қайнатып, оның марля арқылы сүзіп алып, 5-6
күн тұнбасын күніне 3 рет қорек алдында 200мл-нан береміз.
Кермек Жусан
–күрделігүлділер тұқымдасына жататын кӛп жылдық. Қазақстанның барлық жерінде
– шӛл-шӛлейтті далада, таулы жерлерде ӛсетін 81 түрі бар.
Қазақстанда ғана ӛсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шӛп ретінде ерекше мәні бар. Дәрілік мақсат
үшін оның жер үстіндегі бӛлігінің жоғарғы жағын гүлденген кезінде орып жинап алады, дәмі ащы болып
келеді. Құрамында эфир майлары, гликозидтер, абсинтин, анабсинтин, С витамині, смолалар, крахмал бар.
Халық медицинасында жусан мұнымен қатар микробтарды жоятын, қабынуға қарсы әсер ететін, ішек
құрттары мен сорғыштарды түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Тұнба 10 грамм ӛсімдікті 1 стакан қайнап
тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 2 шай қасықтан күніне 3 рет қорегін беру алдында жарты сағат
бұрын ішеді. Кермек жусаннан жасалған дәрілерді үздіксіз ұзық уақыт қабылдау уландыруға әкеліп
соғатындықтан, емдеу аралықтарында 1 айдан үзіліс жасап отырған жӛн.
Құлмақ
–
қос үйлі, кӛп жылдық, шӛп тектес ӛсімдік. Халық медицинасында құлмақты паразит
құрттарды түсіру үшін осы ӛсімдіктердің тұнбасын дәрі ретінде пайдаланылады.Ӛсімдіктің аналық гүл
шоғырының 10 грамын қайнап тұрған 1 стакан суға салып 30 минут тұндырады да, күніне 1 ас қасықтан
жануарлардың қорегіне салып 3 рет беріледі.
Дермене
– биіктігі жарты метрге жететін, кӛп жылдық, жартылай бұталы ӛсімдік.
Ӛсімдік улы деп есептеледі. Дәрі үшін ӛсімдіктің жерге түскен бӛлігінің жоғарғы жағын және гүл
корзинкаларын толық ашылып кетпей тұрған кезінде жинап алады. Құрамында сантонин, майлар, ащы
заттар, эфир майлары бар. Дермене құрамындағы сантонин организмдегі жұмыр құрттар, сорғыш
құрттарды түсіреді. Дермене шӛбін 1 л суға 100гр салып 15 мин қайнатып, оның марля арқылы сүзіп алып,
жануарға 7-10 күн тұнбасын күніне 3 рет 200мл-нан қорегіне салып береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |