199
байқалатын ақ түсті ӛңез түзіледі. Сабақтары мен жапырақ сағақтарында ұзынша қоңыр дақтар, ал
түйнектерінде ойық, анық шектелген, қоңыр түсті, қатты дақтар пайда болады. Түйнекті бӛлгенде тат
түстес пішіні тілге ұқсаған, түйнектің ішкі бӛлігіне кіре орналасқан бүлінген бӛліктерін кӛруге
болады.Түйнектер негізінен жапырақтардан жаңбырмен немесе шықпен шайылып түсетін және
топырақтың жоғарғы қабатында болатын саңырауқұлақ спораларымен зақымданады. Түйнектерге
саңырауқұлақ споралары жинаған кезде ауру сабақтардан жұғады. Аурудың қоздырғыштары түйнектерде
мицелий, ал ӛсімдік қалдықтары мен топырақта споралар түрінде сақталады. Ауру түйнектерден жердің
бетіне сұр түсті ӛскіндер шығады, олар кӛбіне дамымай ӛліп қалады. Осы жерлерден ауру жаңбырмен
және желмен кӛрші ӛсімдіктерге таралады. Кӛктемде ауру түйнектерді еккен кезде аурудың
қоздырғыштары топыраққа таралады да, сау түйнектерден шыққан ӛскіндерді зақымдайды.
Күресу шаралары:
Жинаудан 1,5-2 апта бұрын картоптың сабақтарын шауып тастайды; іріктелген
түйнектермен отырғызады; қатар аралықтарды уақытымен ӛңдейді; картопты құрғақтай жинайды; сақтау
қоймаларына аурудан таза картопты салады; тұқымдық картопты жарықпен шынықтырады (түйнектерде
жарықтан пайда болатын соланин, оларды шіруден сақтайды). Қоздыратын ауруға қарсы күресу үшін
түйнектерді отырғызар алдында беномил, фундазол немесе фенорам препараттарының бірімен бүріккен
дұрыс (2-1,5 тоннаға – 2 л препарат жұмсалады). Вегетация кезінде -фитофтороз, макроспориоз, т.б.
аурулардың дамуын тежеу үшін егістікті 1 – 2 дүркін ридомол, ридомол голд, даконил фунгицидтерінің
бірімен (1гектарға 2 – 2,5 л) бүрку қажет.
Темір дақ,
немесе түйнек таты- жұқпалы ауруларға жатпайды. Егер түйнекті кессек әр түрлі
пішіндегі және мӛлшердегі тат дақтарды кӛруге болады. Түйнек таты темір мен алюминий кӛп жиналып
кальций жетіспесе, немесе тотықтырғыш ферменттердің әсері күшейіп фосфор жетіспегенде пайда болуы
мүмкін. Топырақтың қатты қызуы ауруды асқындырып күшейтеді.
Күресу шаралары
:
Аурудың себептеріне байланысты фосфорлық, азоттық тыңайтқыштарды тиімді
мӛлшерде беру, қышқыл топырақтарды әктеу, ылғалдылықтың тиімді мӛлшері аурудың алдын алуға
кӛмектеседі.
Картоптың макроспориозы
-
қоздырғышы: Macrosporium solani - жапырақтар мен сабақтарда гүлдеу
кезеңінен бұрын құрғақ, қоңыр түсті, аумақтық дақтар түрінде білінеді. Жапырақтардағы дақтардың
астында дӛңгелек пішінді қара түсті ӛңез пайда болады. Зақымданған жапырақтар біртіндеп сарғаяды
және қурап қалады. Сабақтардағы дақтардың айырмашылығы түсі қара-қоңыр болады. Ауру ӛсімдік
қалдықтарында мицелий түрінде сақталады. Ауру жаз ыстық болғанда және ӛткінші жаңбырлар мен түнгі
шық мол болғанда қатты дамиды.
Күресу шаралары:
40>10>20000>10>
Достарыңызбен бөлісу: