Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал


Танапты терең жырту; ауыспалы егісті пайдалану; тыңайтқыштар енгізу.  Картоптың зиянкестері



Pdf көрінісі
бет140/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   164
 
Танапты терең жырту; ауыспалы егісті пайдалану; тыңайтқыштар енгізу. 
Картоптың зиянкестері:
Колорадтық картоп қоңызы -қоңыздар отрядына жатады. Қоңыздың 
ұзындығы – 9-12 см. Қанаттары қызыл, қоңыр, үстінде 12-14 қара дағы бар. Дернәсілінің 3 жұп аяғы бар, 
ашық сары түсті, ұзындығы 15-16 мм. Қоңыз топырақта 20-60 см тереңдікте қыстайды. Топырақ 14-15ºС 
жылығанда топырақ бетіне шығады. Ұрғашы қоңыздар жапырақтың астыңғы бетіне 20-80 данаға дейін 
жұмыртқа салады. Жұмыртқасы 10-15 күнде құртқа айналады. Құрттары картоп жапырақтарымен 20-30 
күн қоректеніп, қуыршықтары топырақтың астына 10-15 см тереңдікке түсіп кетеді. Қуыршақтан 20-25 
күнде ересек қоңыз шығады. Бір жылда 3-4 ұрпақ береді. 
 
Күресу шаралары: Картоп ішінде колородтық қоңыз табылса, бромды метилмен түтіндеу қажет;
және мына препараттарды қолдануға болады -валатон 50 % к.э.(1,0-1,5 л/га м дилор 80 % с.ұ.-1,7-2,3 
кг/га).
Картоп күйесі.
 
Кӛбелек құртының ұзындығы - 10-13мм, сарғыш-қызғылт немесе сарғыш-жасыл 
реңді болып келеді. Дене ортасын бойлаған ақ жолақ бар. Басы күңгірт қоңыр немесе қара, кӛкірегіндегі 
сақина қара, ортасында ақ жолақ болады. Кӛкірек аяқтары қара. Картоп күйесінің кӛбелегі қанатының 
ӛрісі 12-15 мм дейін болады. Еркектері ұрғашыларына қарағанда 2,0-2,5 мм-ге кіші. Алдыңғы қанаттары 
сұр, ортасында ұзыннан орналасқан қара жолақ бар, соны бойлаған қанаттар шеттеріне жақын ірі күңгірт 
нүктелер болады. Алдыңғы қанаттардың шеттері ашық сұр. Артқы қанаттары сұр түсті, шеттері сарғыш 
реңді. Жұмыртқасы сопақ, ұзындығы - 0,3 мм, ені - 0,35-0,56 мм ақшыл, жұмыртқаның бір шеті кейде 
ісіңкірек болады. Ересек құрты немесе қуыршағы топырақта қыстап шығады. Ерте кӛктемдегі кӛбелек 
ұшып шығады. Кӛбелегі, әсіресе түнде, таңертең жақсы ұшады. Кӛбелек жапырақтарының астыңғы бетіне 
150-200 жұмыртқа салады. Бір жазда 10-13 ұрпақ береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет