Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет141/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   164
 
Күресу шаралары:
 
Картоп күйесі таралған жерлерде фозалон және гардон препараттарын бүрку 
тиімді деп есептеледі. Одан басқа 0,3 пайыздық севин және карбофос, хлорофос ерітінділерін қолданады. 
Картоп түйнектерін бромды метилмен түтіндендіруден ӛткізу керек. [4].
 
Жуалы ауданында картоп дақылының аумағы жылдан-жылға ӛсіп келеді, 2013 жылы 1800 гектарға 
егу жоспарланған. Картоп ӛсіруді қолға алған шаруашылықтар кӛп, олар Нұрлыкент, Қызыларық, Ақтӛбе, 
Кӛкбастау ауылдық округтердің диқандары және Түктібай ауылындағы «Зылиха» шаруа қожалығы.


200 
Бұл қожалық иелері Қарағанды облысындағы «Астра-Агро» ауыл шаруашылығы кәсіпорнынан 
картоп ӛсірудің инновациялық жобасын, ал Германиядан жаңа технологиямен картоп жинайтын 
техникасын алып келді. Соның себебінен, бұрын әр гектардан 120-170 центнер картоп жинаса, жаңа 
технологиямен оны 250-350 центнерге жеткізді. Картоп егілген жерге бір-екі жыл жоңышқа немесе бидай 
егіп, жерді тыңайтып отырады. 
«МТЗ-1221» трактор тіркемесіндегі кӛп функционалды германиялық GRIMME картоп 
орналастырғышпен картоптар егіледі. Картопты екі түрлі әдіспен шаршы ұялап және бір-бірлеп 
отырғызады. Ол екі әдіске байланысты отырғызғыштардың да жұмыс технологиясы әртүрлі болады. 
Қазіргі ӛндірістен шығатын картоптың қатар аралығын 60 - 70 және 90 см етіп отырғызылады. Кейбір 
картоп отырғызатын машиналар органикалық тыңайтқыштар себетін Ау-4 қондырғысымен 
жабдықталады. Ол картоп отырғызғыштықтың артына тіркеледі. Қазуға түскен картоп тікелей қоймаға 
тасымалданады.
2011 жылы Нидерланды мемлекетіндегі картоп тұқымын дайындайтын фирмамен келісім шартқа 
отырып, 50 тонна элиталық картоп сатып алды. Бұл ауылда голландиялық тәсілмен жасалған, «Сантэсін» 
картоп сақтайтын қойма бар. Ондағы желдеткіш, жылытқыш сияқты шетелдік құрылғылар картоп 
сақтауға қажетті температураны ұстап тұрады. Картопты сақтау тәртібі кӛп жағдайларға, оның ішінде 
түйнектердің сапасына, ауаның температурасы мен ылғалдығына және басқа факторларға байланысты. 
Картоп қоймаға сақталуға салынғаннан кейін алғашқы 15-18 күн ішінде ауаның температурасы +15-18
0
С, 
ылғалдылығы 95% болуы шарт. Тәулігіне 5-6 рет 30-35 минут бойы әрбір 1,5-2 сағаттан кейін картоп 
түйнегі желдетіліп тұруы керек.
«Зылиха» шаруа қожалығы 2013 жылы картопты ерте 12-13 сәуірде екті, себебі кӛктем ерте шығып, 
күн ыстық болды. Жалпы картоп егілген жердің аумағы - 3,5 гектар шамасында. Биылғы егілген сорттар – 
Латона, Амороза – ақ картошка, ал Красная зара, Алладин - қызыл картошка. 
Аудан шаруашылық қожалықтары 2013 жылы Қырғыз елімен бір келісімге келе алмаудың 
салдарынан Кӛксайдың суын тиімді пайдалана алмады. Картоп тиісті алты рет ішетін суының, тек үш 
суын ғана ішті. 
Картоптың ауруына қарсы Акробат, Рендамилголд дәрі-дәрмектері мен Целитра 
тыңайтқышы –пайдаланылды.
Өнімді тамыздың 29-шы жұлдызынан бастап жинай бастады. Жалпы 2013 жылдың өнімі 
шамамен 207 центнер болды, бір сеткада шамамен – 26-30 кг картоп шықты. Қызыл картошканың бір 
түбінде – 4-5 дана, ал жалпы массасы – 1кг 200 гр шамасындай болды. Ақ картошканың бір түбінде – 8-
9 дана, ал жалпы массасы – 700-800 гр болды.
Өнім жиналған кезде бір сетка картоптың бағасы – 1100-1300, ал 1 кг картоп – 40-45 теңге 
болды. Қазіргі таңда картоп бағасы қымбаттады. Яғни, бір сетка картоптың бағасы – 1700-1800, ал 1 
кг картоп – 80-85 теңге болатын болса онда түскен пайда екі есеге артады. 
Егер судан тапшылық 
кӛрмегенде бұл алқап гектарына 400-450 центнерден ӛнім берер еді. (Кесте-2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет