Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет121/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   164
 
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – Алматы, 1997. 
2.Аренова А.Х. Научно-педагогические основы самостоятельной учебной деятельности младших 
школьников. Монография. - Алматы, 2001. 
3.Шалғынбаева Х.Қ. Қазақ этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру. Монография. – Алматы, 
Ғылым, 2000.
 
 
Аннотация. 
В этой статье рассматривается научно- педагогические основы формирования творческих 
способностей будущих специалистов. 
Annotation. 
This article discusses scientifically pedagogical bases of formation of the creative abilities of future 
professionals through research.
 


177 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА 
ӘОЖ 45.10
МҦҒАЛІМДЕРДІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҤДЕРІСІНДЕ ІЗГІЛІК
ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Еркебеков Д. 
№35 орта мектеп, Тараз қ. 
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси ӛзгерістердің адамзат баласының жеке 
тұлғалық сапалық қасиеттерінің қалыптасуына ықпалы бүгінгі таңдағы кӛкейкесті мәселелердің бірі 
болып отыр. Ол туралы «Адам құқығы конвенциясында», қоғамымыздағы демократиялық жаңғыруларға 
сай жалпы азаматтық ұлттық құндылықтарға, адамгершілік ойларға негізделген «Қазақстан 
Республикасындағы гуманитарлық білім беру» тұжырымдамасында» және Қазақстан Республикасының 
«Білім туралы» заңында қарастырылады. Білім берудің маңызды мақсаты – адамды әдеттегі үйреншікті 
сана-сезім шеңберінен алып шығып, мәдениеттің биік деңгейіне кӛтеру, ӛз гуманистік дүниетанымы мен 
адамзат табыстарына негізделген ӛзіндік сенім кӛзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке 
тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мәдениеті арқылы ӛркениетті кӛтеруін кӛздейді. 
Жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіру - бүгінгі заманның басты талабы. Гуманизмнің негізі және оның 
тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер туралы қазақ даласындағы ұлы ғұламалар әл-Фараби, 
Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Қ.А.Ясауи және т.б. ағартушылар Ы.Алтынсариннің, 
Ш.Уәлихановтың, А.Құнанбаевтың, қазақ зиялылары Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев т.б. 
болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сынды қасиеттерге тәрбиелеудегі халық 
даналығын жоғары бағалағандығы және соған талпынғаны да аңғарылады. 
Мектеп оқушыларына ізгілік тәрбие беру мәселесін зерттеуде Ш.Амонашвилидің ауқымды үлесін 
және жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оның психологиялық жағы Л.М.Божович және т.б. ғалымдардың 
еңбектерінде баяндалған. Оқу-тәрбие үдерісін гуманизациялау туралы кӛлемді зерттеу жұмыстарын 
жүргізіп, ӛздерінің зерттеулерінде ізгілік қасиеттердің, қарым-қатынастардың қалыптасуы мен дамуы, 
олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістерін қарастыру педагог-ғалымдардың назарынан тыс 
қалмады. Оқушыларда ізгілік қасиеттерді қалыптастыру мәселесіне қатысты А.А.Бейсенбаева мектеп 
білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, Ш.С.Ахимбекова мектеп ӛмірінде мектеп кеңесін 
ізгілендіру іс-әрекеттері, Г.Ерғалиева рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің ӛзін-ӛзі 
тәрбиелеудің педагогикалық шарттары бағытындағы ғылыми-зерттеулерде рухани-мәдени дамуымыздағы 
тәлім-тәрбиенің мәні ғылыми тұрғыда қарастырылған. Ӛсіп келе жатқан кейінгі ұрпақты мәдениетті
парасатты, білікті, кӛргенді, кӛрегенді етіп тәрбиелеу, олардың дүниетанымын жоғары деңгейге кӛтеру, 
қоғамды ілгерілету үдерісінде адами ізгілік қасиеттерін дамытуға үлкен мән беру, ұлттық намысы жоғары 
ұлтжанды ӛкілдерді тәрбиелеу ісі ұстаздарымыздың еншісінде екендігі айқын десек те, бұл міндеттердің 
ӛмірлік практикада толық мәнді жүзеге асырылмай жататыны да белгілі. Олай дейтініміздің бір себебі, 
мектеп мұғалімдері мәртебесінің ӛз дәрежесінде қоғамдық ортадан кӛрініс таппауы. 
Қазіргі кезде білімнің беделі тӛмендеп, мәдениеттің, рухани байлықтың мәртебесі құнсызданып 
отырған жағдайда А.А.Бейсенбаева бұл гуманитарлық мәселені шешудегі негізгі тұлға – мұғалімге үлкен 
мән береді және «Себебі білім беруді гуманитарландыруда педагог маманның мәртебесін кӛтеру елімізді 
ӛркениетті мемлекеттер деңгейіне жеткізудің басты шарты деп есептейміз» - деп біледі. Педагог-
ғалымның бұл пікірі құптарлық ой десек те, оның қамтама-сыз етілуі бірқатар зерттеулердің, 
жұмыстардың атқарылуын талап етеді.
 
Педагогикалық жүйеде педагогтың атқарар рӛлі, алатын орны ӛте жоғары екендігі белгілі. Ол 
жӛнінде қазақ ағартушылары және жазушы педагогтары Ы.Алтынсариннің, М.Жұмабаевтың, 
А.Байтұрсыновтың және басқалардың айтқан пікірлерінің мәні ӛте зор. Мұғалім туралы қазақтың аса 
кӛрнекті қайраткері, ақын, аудармашы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі 
білімді, әрі педагогика, әдістемеден хабардар, оқытып білетін мұғалім» деп баға бергені бүгінгі күнде де 
ӛз мәнін жойған жоқ.
 
Мұғалім және оның педагогикалық іс-әрекеті жӛнінде кезінде кӛптеген ғұламалар, педагог ғалымдар 
ӛздерінің пікірлерін жазып қалдырған. Атап айтар болсақ: Ян Амос Коменский, Ж.Ж.Руссо, 
И.Г.Песталоцци т.б. Кеңес дәуірінің ірі педагогі А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский балалармен 
күнделікті қарым-қатынаста болу адамға деген сүйіспеншілікті, сенімділікті арттыратындығын жазған. 


178 
Мұғалім мамандығын даярлау – қашан да педагогиканың кӛкейкесті мәселесінің бірі және солай 
қала береді де. Оның себебінің бірі ретінде ғылым мен техниканың, ел экономикасының дамуы мен 
әлеуметтік ӛмір сүру жағдайының жоғарылауына және т.б. байланысты білім мен тәрбие ісінің ӛзгеруін, 
соған сәйкес жаңа тұрпатты мұғалімді даярлау ұдайы ӛзгерісте болуын айтуға болады. 
Қазіргі кезде жоғары мектеп педагогикасы жоғары білімді мамандарды даярлауды жүзеге асырумен 
айналысуда. Жоғары білімді мамандарды даярлау негізгі нормативтік құжат - стандарт шеңберінде жүзеге 
асырылатыны белгілі. Зерттеу міндеттеріне тән болашақ педагог-психологтарды дайындауда нормативтік 
құжаттар басшылыққа алынады. 
Қазақ тілінің түсіндірме сӛздігінде: «Гуманизм адамға деген ізгі ниет, сүйіспеншілікпен қарайтын 
адамгершілік қасиет» ретінде қарастырылады. Ал, «Гуманитарлық» ұғымы «.. халықтың мәдениеті мен 
тарихын терең зерттеуге бейім қоғамдық ғылымға қатысты ғылым» болып табылады. 
Философиялық сӛздіктегі анықтамада: «Гуманизм – адамның қадір-қасиеті мен құқығын 
құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы 
қоғамдық ӛмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін кӛзқарастың жиынтығы», - деп 
тұжырымдалған.
Педагогика және психология қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сӛздігінде: 
«гуманизм (лат-gumanus – адамгершілік) – дүниетаным үдерісі. Оның негізінде адамның мүмкіншілігінің 
шексіздігіне ӛзін-ӛзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның 
бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті 
мақсаты мен мұраты жатады» - деп анықтама берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет