Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет112/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   164
 
 
 
ӘОЖ 53.14:27
 
 ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Сулейменова Т. 
Біліктілік арттырудың ҧлттық орталығы «Ӛрлеу» АҚ ЖО бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Тараз қ. 
 
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой–тұжырымдардағы гуманизм идеялары, еркін білім 
беру, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа 
технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау 
қажеттілігі туындайды. Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық - оқушы және оның 
жеке тұлғасы. Педагогика ғылымының докторы Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне 
сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Ӛйткені қазіргі экономикалық 
жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика 
саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып 
табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс 
жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен 
оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғаммыздың маңызды бӛлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі 
таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың, жаңа оқу әдістерін, 
жаңа мазмұнды қажет етеді.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік 
тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. Оқушыларды деңгейге бӛліп оқытуға бола ма, оның қандай 
тиімді жолдары бар, деңгейге бӛліп оқытудың ӛзіндік ерекшелігі қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде 
қандай кӛмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ, деңгейге бӛліп оқытудың кезінде оқушылардың 
тәжірибелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін әлеуметтік-психологиялық 
танымал, сұранымын ескеру талап етеді. Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен 
деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.
Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің тӛменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында 
оқушыға тақпақ жаттатып, ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны 
талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес. Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты 
жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған 
материалдың ішкі дүниесін түсінді ме, міне, негізгі мәселе осында жатыр.
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің кӛрсеткішін тӛмендегідей бағалауға болады: 1 деңгей 
(тӛмен)–эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға кӛшіру мұғалім кӛмегімен жүзеге асырылады; 2 деңгей –
түсініктерді жүйелеу деңгейі. 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; 3 деңгей (жоғары) 
бастапқы ғылыми ұғымға ӛту (ауысу) деңгейі деп белгілейді. Мектеп оқушыларына берілетін 
тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді, тапсырманы орындау үшін бала жауапты ӛзі іздестіреді, 
оны шешуде ақыл –ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей 


165 
тапсырмалары жаттап алуға лайықты, алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін ӛңін ӛзгетпей қайталап, 
пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге 
берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық – іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды 
жұмыстары. 
Деңгейлік тапсырмалар ауқымы ӛте кең. Оқулықтағы жаттығулар - ӛтілген ережелер бойынша 
қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік 
тапсырмалар құрамында мәтіндер, сӛзжұмбақтар, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар
мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, 
әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, оқулыққа қосымша 
пайдалануға беріледі. Оқушыны деңгейге бӛліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға 
деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге 
асыралатыны тексеріледі. Ӛз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында 
деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен 
іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. Бірінші 
деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама 
мӛлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты 
лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын 
орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сӛздік 
минимумдарды меңгереді. Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, сынып бағдарламасына сай барлық 
бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы ӛз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді 
қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының сӛйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба 
жұмыстарын орындау кӛрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. Бірінші деңгейден 
бастау алған сӛйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын кӛрінуімен 
логикалық ойлау дәрежесінен жоғары болумен, ӛз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай 
білуімен, білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада 
диалог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. 
Танымдық - «іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп ӛз бетімен орындайды. Тӛртінші деңгей 
дарынды, іздемпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын 
ғана береді, оқушының ӛз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын 
орындайды.
Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттарының кӛлемінің 
ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болады. Деңгейлеп оқыту – оқылатын 
ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге 
асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы ӛзінің даму деңгейінің оқу 
материалын меңгеруін қамтамасыз ету. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет