154
отбасына ӛзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Қазіргі заманда отбасының
құрылымы ӛзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени
экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің
арасындағы қарым-қатынас сипатына да ӛз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың кӛпшілігі жұмыс
жасайтын болғандықтан бала уақытының кӛбін пассивті тәрбиешілермен ӛткізеді. Бала тәрбиесі қалалық
отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың кӛбісі күннен күнге
ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз ӛседі; теледидар, жеке бӛлме т.с.с.
ӛркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін
қиындатады.
Қарым-қатынастың адамзат ӛмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде
тұлғааралық байланыс орнығып, ӛзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның
қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында ӛзара пікір алмасу, сезім
әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең
ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе, бірнеше рухани әлем және ой-пікір,
сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, ӛзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-
тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы келісім үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ.
Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ) [1, 8-9]
Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-
қатынас мәселерін талдау кӛптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе
жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды
қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және ӛзара кӛмек кӛрсету түрлерін жатқызған.
Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы ӛз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса
некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған .
Д.Горборино отбасын «адамзаттық тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады. Т.М
Шалгинбаевтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел
адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады. Ол отбасылық кеңістік
аймағы үй, пәтерге кӛңіл аударады және ата-аналар мен балалардың жалпы отбасылық іс-әрекетін
болжайды.
Ӛзара дұрыс қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчев бойынша
– «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі,
оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен ӛзара
адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен
сипатталады» делінген.
Қазіргі кезде отбасы проблемаларының ішінде ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік
жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі
Достарыңызбен бөлісу: