Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет101/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164
 «Екi таңбалы сандарды қосу және азайту»
тақырыбын «Ертегi сабағын» ӛткiзу арқылы 
түсiндiрдiк. 
Сабақтың тақырыбы:
«Екi таңбалы сандарды қосу және азайту». 
Сабақтың мақсаты:
Екi таңбалы сандарды қосу және азайту дағдысын қалыптастыру. 
Оқушылардың есептеу техникасын жетiлдiру. ұқыптылыққа, бiлiмдi табандылықпен игеруге 
дағдыландыру. Келтiрiлген есептер арқылы оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекiлiгi:
түрлi- түстi суреттер. 
Сабақтың түрi:
ертегi сабақ. 
Сабақтың барысы:
.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру. 
Бұрын ӛтiлген материалдарды пысықтап, екi таңбалы сандарды қосу және азайту дағдысын 
қалыптастыру мақсатында тӛмендегi ертегi сабағын ұйымдастырдық. 
Есептердi шығарту үшiн сынып оқушыларын екi топқа бӛлiп ұйымдастырамыз. 
Сабақ барысында мынадай ертегi айтылады: «Ерте- ерте ертеде бiр ханның Жалайыр және Сүлеймен 
деген екi ұлы және ӛзi сұлу, ӛзi ақылды Айша деген қызы болыпты. Күндердiң бiр күнiнде бойжетiп 
отырған ханның Айша қызын бiр түнде ұйықтап жатқан жерiнен бiр Дәу ұрлап әкетедi. Жалайыр батыр 
мен Сүлеймен батыр екi жасақ қол жинап, қарындастарын iздеуге шығ ады. Олар жасақтарымен келе 
жатып бiр дарияға кездеседi. (Дарияның суретi iлiнедi) Дарияның жағасындағы қара таста мынадай жазу 
тұрады: 

Кiмде-кiм осы дариядан ӛтемiн десе, мына есептi шығарсын: 
Есеп 1.
 
Кӛктемнiң үш айында Талас ӛзенiнiң деңгейi шамамен 18 см биiктiкке кӛтерiледi. Наурыз 
айының ӛзiнде осы үш айдағы судың кӛтерiлген деңгейiнен 10 см-ге аз кӛтерiлген. Ал сәуiр айында үш 
айдағыдан 12 см-ге аз кӛтерiлсе, онда мамыр айында Талас ӛзенiнiң деңгейi қанша см-ге кӛтерiлетiн 
болғаны? 

Жасақтар есептi шығаруға кiрiседi. (әр топтан екi оқушыдан шығады да осы есептi шығарады). 
Есептi бiрiншi шығарған жасақ батырлары ары қарай аттанады. Ертегi әрі қарай жалғасады.
Дария қақ жарылады да батырларға жол ашылады. Келе жатып олар жүз жастағы қарияның үйiне кез 
болады. Қариядан жӛн сұрайды. Ол: «Егер үйiмнiң шатырындағы есептi шығарсаңдар, Айшаға апаратын 
жолды айтамын»,- дейдi. 
Үйдiң суретi iлiнедi. Оның шатырында мынадай есеп кӛрсетiлген: 
Есеп 2
.
Қазақстанның қызыл кiтабына сүтқоректiлердiң 31 түрi, құстардың түрi сүт қоректiлердiң 
түрiнен 12-ге артық. Бауырымен жорғалаушыларды түрi құстардың түрiнен 35-ке кем түрi енген. Сонда 
қызыл кiтапқа қанша сүтқоректiлердiң, қанша бауырымен жорғалаушылардың түрi енген? 
Екi топ жарыса есептi шығарады. Есеп шыққан соң ертегi ары қарай жалғасады. Қария жол 
кӛрсетедi. Бiрақ Дәу Жалайыр мен Сүлеймен батырлардың келе жатқандарын бiлiп қойып, қапылыста 
жасақтарымен олға түсiрiп, зынданға тастайды. Алайда зынданнан шығудың бiр-ақ жолы бар, ол 
зынданның қабырғасына жазылған есептi дұрыс шығаруда ғана екен. (Есеп жазылған зынданның суретi 
iлiнедi) 
Есеп 3.
Соңғы жылдары Семей облысында 14 бұлақтың кӛзi бiтелсе, Қарағанды облысында одан 66-
ға артық бұлақ кӛзi бiтелiптi. Ал Жамбыл облысында Қарағанды облысына қарағанда 24-ке кем бiтелiптi. 
Сонда Қарағанды, Жамбыл облыстарында қанша бұлақ кӛздерi бiтелген? 
Есептi шығарып зынданнан шығып кетедi. Зынданнан шыққан батырлар Айша қамалған қорғанды 
тауып алып, оның қақпасын бұзып кiру үшiн тағы бiр есептi шығаруға тура келедi. (Қамалдың суретi 
iлiнедi). 
Есеп 4
.
1995 жылғы зерттеу нәтижесi бойынша Кӛкшетау облысында 88 кӛл құрғап кеткен. Ал 
Ақмола облысында бұдан 78-ге кем кӛл құрғапты. Сонда екi облыста барлығы қанша кӛл құрғаған? 
Есептi шығарып болған соң екi топтың жарысының қорытындысы шығарылады. 
Мұғалiм әр есептiң шартына қайтып оралып, есеп мазмұндарына байланысты табиғаттың қорларын 
қорғауға тоқталып ӛтедi. Оқушылардан ӛзен-кӛлдердiң, бұлақтардың адам ӛмiрiндегi маңызын сұрайды. 

Есептердiң мазмұнынан ӛзен-кӛлдердiң қазiргi кездегi жағдайының қандай күйде екенiн бiлдiк?

- деген 
сұраққа жауап алдық. 
Оқушылар: Ӛзендер мен кӛлдер - бұлар сұлулықтың кӛзi, адамдардың ӛмiр сүруi үшiн керек. 
Егiндiктi суғаруға, жануарлардың iшуi үшiн қажет. Бұлақтардың кӛздерi бiтелiп жатыр. Ӛзендердiң, 
кӛлдердiң құрғап, бұлақтардың кӛзiнiң бiтелiп жатқанына адамдар кiнәлi. 
Мұғалiм: Су- жер бетiндегi ӛмiр негiзi. Сусыз тiршiлiк болуы мүмкiн емес. Су кездеспейтiн жер жоқ. 
Адам баласына күнiне екi жарым литр су керек. Адам суды тек iшуге және тағам дайындауға ғана 


150 
пайдаланып қоймайды. Глобусқа зейiн салып қарасақ, бiздiң ғаламшарымыздың басым кӛпшiлiгiн су алып 
жатқанын кӛремiз. Оны ғылыми тiлде гидросфера деп атайды. Гидро- су, сфера- қабық. Суды 
пайдаланбай, ешбiр халық шаруашылығындағы, ӛнеркәсiптегi үрдiс iске асуы мүмкiн емес. Сол себептi де 
халық суды ӛмiр нәрi, ӛмiрдi алға жылжытатын қозғаушы күш, денсаулық кепiлi, кӛркемдiк кӛзi ретiнде 
атайды. Осы қасиеттiң барлығы тек таза суда ғана болады. Ал суды улап, былғайтын адамның ӛзi ғана. 
Кейбiр табиғат құбылыстарының әсерiнен су табиғи жолмен де ластанады, бiрақ бұндай жолмен ластанған 
су кӛздерiн табиғаттың ӛзi-ақ тазалап алады. Ал адамның улауынан ол ӛзi тазара алмайды. Суды кейбiр 
адамдар тегiн дүние деп есептейдi. Қазақ халқы ӛмiр тәжiрибесiнен дұрыс қорытынды шығарған: «Ей, 
шырағым, байқа, ағып жатқан суды тегiн деме, судың да сұрауы бар» деген нақыл сӛз қалдырыпты. 
Үйге тапсырма: үйге берiлетiн есеп те сабақта қарастырылған есептермен мазмұндас болды. 
ЕСЕП:
1993 жылы Ақмола облысында бұлақ, жылғалардың 9-ы, Жамбыл облысында 56-ы, 
Қызылорда облысында 2-i, Қостанай облысында 11-iнiң кӛздерi бiтелiптi. Сонда 4 облыстың қанша бұлақ, 
жылғаларының кӛзi бiтелген? 
Сабақ соңында қазiргi кезде табиғат қорғау жалпы халықтық iс болып отырғаны, табиғатты қорғауда 
мектеп оқушылары да кӛптеген игi жұмыстар атқара алатыны айтылып, мысалдар келтiрiледi. 
Бастауыш сынып оқушыларының табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру мақсатында
әрбір оқушының, әр сыныптың ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеру, оқытудың барынша жеңіл
әдістері мен тәсілдерін қолдану, сабақ арқылы экологиялық білім беру ісін сабақтан тыс
жұмыстарымен тығыз байланыстыру, мектепте ӛтілетін сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды
табиғат қорғау бағытында жүргізу, сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың тиімділігін арттыру,
оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу ісінің тәрбиенің басқа түрімен ӛзара бірлікте және бірін – 
бірі толықтыру бағытында жүргізілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет