147
әдістері оқушының танымдық әрекеттерін жандандыратын эффективті тәсілдердің бірі, себебі, оқушылар
«қайраткерлерге», «ойшылдарға» айналып, іс-әрекетке қатысушылар болып табылады. Ойлау – диалогтік
құбылыс, ӛйткені ол топта, пікірталаста, айтыста қаралыды.
Оқушының мотивтерімен жұмысы бұл- ой басқа ойдан емес, біздің санамыздың мотивациялық
ӛрісінен туындайды,себебі- оқушының ойлау әрекетін ұйымдастырғанда оқу мотивациясы сырттан
болмау керек: мәжбүрлеу, күштеу кӛптеген оқушыларға кері әсер етеді ӛйткені баланың ішкі
мотивациясы болғаны жӛн: ӛз себептері, орындаған әрекеттеріне қанағаттану, ӛзін-ӛзі сыйлау арқылы
қажеттіліктер және мүмкіншіліктер – белсенділік кӛзі болғандықтан оқушының құзырлы адам болуға
талпынысын дамыту керек. Мұғалімнің кері байланысы бақылау және бағалау түрінде емес, нақты және
хабарлы түрде болғаны жӛн.
Жеке тұлғаға білім беру технология арқылы емес, кімге білім беріп тұрғаныңды түсіну арқылы
болады, сондықтан педагогтың ӛзінің түсінісудің тұлғааралық «механизмдерімен» жұмыс істеуінің
маңызы ерекше- бұл оның мынадай қабілеттерімен ерекшеленеді:
-
Децентрация бұл - ӛзін оқушының орнына қойып, әлемге баланың кӛзімен қарай білу, яғни
оқушының пікірін қабылдау, оның пікірі мен тәртібіне теріс әсер болдырмау,оны пікірімен санасу.
-
рефлексия - әртүрлі кӛзқарастар айтылған диалог кезінде, бірге талқылау, бірге шешім қабылдау
кезінде мұғалім сырт кӛзге қалай кӛрінетінін түсіне білу,ӛзара қарым-қатынас.
-
эмпатия – оқушының жан дүниесін, ойлары мен сезімдерін түсіне білу, бұл мұғалімнің оқушыға
жақындығынан, оң кӛзқарасынан,пікірін түсіну мен ерекшеленеді.
Оқушылардың сұрақтары пәннің тақырыбы туралы емес, «мен үшін оның қандай маңызы бар?»,
яғни «маған сәйкес келе ме?» деген сӛзімен,сабақтың, тақырыптың, әдістің бала қажеттілігі мен
мүмкіншілігіне сәйкестігі оның кӛңіл-күйінен кӛрінеді себебі; егер жағдай балаға сәйкес келмесе, теріс
кӛңіл –күй пайда болса, онда фрустрация (ренжу, қорқу, түңілу), агрессия, ойлау туындайды сондықтан,
сабақтың проблемалы жағдайында бала кӛзқарасы, бағытына қайшылық пайда болғанда, теріс кӛңіл-күй
пайда болады. Бұл жағдайда эмоция баланың ӛзіне, мұғалімге немесе ӛзінің әңгімесіне бағытталуы
мүмкін. Бірінші жағдайда – фрустрация, екіншіде – агрессия, үшіншіде – ойлау пайда болады. Бірінші
және екінші жағдайда мұғалімнің кері байланысы бақылау түрінде болып, оқушыны ойлауға, сезінуге, бір
нақты үлгі бойынша ӛзін ұстауға мәжбүрлеп тұр, яғни оқытудың сыртқы мотивациясы туындады, ал
үшінші жағдайда кері әсер хабар түрінде беріліп, таңдау бостандығы сақталып, ішкі мотивация пайда
болады. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», - деген Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұлықты сӛзі – оны іске асырушы мамандарға бағдарламалық
сілтеме. Еліміздегі мектептерде жаңа ӛзгерістер әлемдік білім беру жүйесін, тәжірибесін пайдалана
отырып, баланың жеке-дара күйінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық технологияларды
іздестіруге және оларды қолдануға бағытталып отыр.
Қазақстан Республикасы Білім беру стандартында қоғамның қазіргі даму кезеңінен туындап отырған
әлеуметтік сұранысқа орай, баланың тұлға ретінде қалыптасуына, ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық
және ерік пен сезім белсенділігін қалыптастыруға септігін тигізетін жаңа тарихи білім мазмұнын жасау
және онымен үйлесімді оқытуды ұйымдастыру түрлерін анықтау қажеттілігі жан-жақты айқындалған.
Достарыңызбен бөлісу: