Сабақтың тақырыбы: Ертегі айтып үйренейік
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті шығармасының түрі - ертегімен таныстыру, оқушыларды арам-пиғылдан, зұлым, мейрімсіз, қатыгез, іштарлықтан бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу;
2) Дамытушылық:Халық шығармасының бұл түрлерін сүйіп оқу, мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуін және оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту;
3) Тәрбиелік:Ертегілер мазмұны арқылы оқушыларды адамгершілікке, жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ертегі кітаптарынан көрме, суреттер, ойыншықтар (ертегілердің кейіпкерлері) сөзжұмбақ, кластер "Ертегілер", кестелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу;
ә) сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіру;
б) сабақты бастамас бұрын оқушыларды ұйымдастырып, психологиялық дайындық жұргізіп, көңілдендіру.
Ата, үйге ерте қайт,
Бізге қызық ертегі айт.
Шаршап қайтсан жұмыстан,
Бүгін ойлап, ертең айт, -деп үш рет айтып көңіл-күйлерін көтеру.
2. Жаңа сабақ.
а) Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын жазу.
- Оны шешу үшін берілген сөздерді қазақша аударасыңдар.
- Қандай сөз шықты?
- Иә дұрыс, ертегі.
- Олай болса бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: "Ертегі айтып үйренейік".
- Сонымен, халық ауыз әдебиетінің ең көп тараған түрі - ертегілер.
Ертегілер адамдардың еңбегі мен тұрмыс тіршілігіне байланысты туған. Ертедегі адамдар жақсы өмір сүруді армандаған. Ауыр еңбекті жеңілдетсек деген. Халық қашанда әлсіздерді оларды күшті етіп көрсеткісі келген. Халықтың осы арманы ертегілерде көрініс тапқан. Сөйтіп, қиял жүзінде олар әділеттік орнатқан. Армандарын іске асырған.
Қазақ ертегілері үш топқа бөлінеді:
1. Қиял-ғажайып ертегілер;
2. Хайуанаттар туралы ертегілер;
3. Тұрмыс салт ертегілері.
а) Сурет арқылы ертегінің тақырыбын тапқызу.
Сахналық көрініс:
"Кел, балалар, тұрмаңдар,
Бізде қызық думан бар.
Атамыздын алуан
Ертегісің тыңдаңдар".
1. "Қияр мен қырыққабат"
2.Түлкі мен тырна"
3. "Озбыр кірпі"
4. "Түлкі ен ешкі"
б) Суретпен жұмыс
"Бұл қай ертегі" - ойыны.
в) Кластер "Ертегілер" бойынша жұмыс.
г) Тест
1. Халық ауыз әдебиетін таратушылар кімдер?
а) ақын
ә) халық
б) жазушы
2. "Ерте, ерте ертеде..." деп не басталады?
а) жұмбақ
ә) ертегі
б) әңгіме
3. Қай аң ең қу?
а) түлкі
ә) жолбарыс
б) қоян
4. Аңдардың патшасы деп қай аңды айтады?
а) аюды
ә) арыстанды
б) қасқырды
5. Қай аң ең қорқақ?
а) елік
ә) қоян
б) аю
6. Ертегілер қалай тараған?
а) жазбаша
ә) ауызша
7. Ертегілер неше топқа бөлінеді?
8. Түлкіге сипаттама беріңдер.
а) аңқау
ә)сенгіш
б) қу
д) Сабақты қорытындылау:
Сонымен, балалар, бойымызға қандай қасиеттерді жинаумыз керек?
- (Шыншыл, алдамауымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек).
Бір сөзбен айтқанда А.П.Чеховтың даналық сөзінен нәр алып, қорытынды шығаруымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: |