Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет87/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   164
Мектеп педагог-психологы
: жалпы, орта және кәсіптік білім беретін мектептердің жұмыстарын 
кӛрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында 
арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, 
зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, 
дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, 
мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті [10].
Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізі баланың рухани ӛсуіне, оның 
жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық 
қабілетін ашу болып табылады. 
Педагогикалық үрдіс кезінде туындайтын қиындықтар мен олардың психологиялық себептерін 
анықтау, оңтайлы қарым-қатынас ұстанымдарын қалыптастыру, ата-ана, мұғалім, басқа да қызметкерлерге 
психологиялық қызмет кӛрсету, оқушылардың мамандыққа қабілеттілігін анықтау, т.б. – мектеп 
психологының тікелей міндеттері. 
Психолог оқушылардың жан-жақты және үйлесімді дамуын мақсат етіп, ӛзінің іс-әрекетін 
педагогикалық ұжыммен, дәрігерлік қызметпен, социологтар, дефектологтар, сондай-ақ қоғам ӛкілдерімен 
тығыз байланыста ұйымдастырады. Психологтың жұмыс тртібі осы ереже негізінде қабылданған 
психологиялық қызмет бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, оқу мекемесінің жалпы 
жұмыс тәртібіне сәйкес анықталады және оқу мекемелерінің директоры бекітеді. Оқу мекемелері 
мамандардың кәсіптік іс-әрекеттерін кешенді психоллогиялық-педагогикалық сараптауға, білім басқару 
орындарының немесе жеке оқу мекемелерінің ұсыныстары арқылы жүргізілетін оқу бағдарламалары мен 
жобаларды, оқу-әдістемелік құралдарды құрастыру немесе жазуға қатысады [11]. Отандық және шетелдік 
психологиядағы жетістіктерді оқу мекемелеріне тарату және енгізуге, педагогикалық қызметкерлердің іс-
әрекетін психология саласындағы ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етуге ат салысады. 
Педагогикалық-психологиялық білім. Бұл тәрбиеленушілердің мәдени-құқықтық орнын және 
біліктілігін ұғынып түсіну, тәрбиелік адамгершілік деңгейін анықтау, қайта тәрбиелену, не тәрбиелену 
мүмкіндік терін кӛре білу, ӛз жұмыс практикасына қатысты тарихи-педагогикалық тәжірибелерді 
меңгеруі; теориялық білімін іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі, әр түрлі категориядағы адамдармен қарым-
қатынас орнату технологиясының инновациялық тәсілдерінен хабардар болуы; тәрбиелеу мен оқытудың 
әдіс-тәсілдерін модернизациялау жолдарын меңгеру және т.б. Біз құрып отырған қоғамда педагог-
психолог маманы ӛте маңызды орынға ие. Қоғам болғандықтан ол бірнеше компоненттерден құралады: 
ұжым, топ, ұйым және т.б. Аталған компоненттердің мүшесімен және мүшесіне мәдени, шығармашылық-
рухани дүниесі, коммуникативтілігі, әлеуметтік міндетін, этикалық және эстетикалық талғамдардың 
болуын қазіргі заманға сай қалыптасуына ықпалын тигізеді. Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның 
биологиялық және әлеуметтік дамуына кӛңіл бӛледі. Биологиялық тұрғыдан морфологиялық, 
физиологиялық, биохимиялық жетілуі болса, әлеуметтік дамуына психикалық, рухани, интеллектуалдық 
жағдайлары жатады. Демек, педагог-психолог маманын адам баласы ӛмірге келгеннен оң мен солды, ақ 
пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат және тұлға болып, оның әрі қарай 
жетілуіне әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет