Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет82/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   164
Білім беру 
деп табиғат пен қоғам жайындағы ғылымда жинақталған 
білім, білік, дағды жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны ӛмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. 
Технологиядеп әдетте алдын ала берілген қасиеттерге ие материал алу мақсатында бастапқы материалды 
қайта ӛңдеу үрдісін айтады. Кӛптеген ғалым-педагогтар кез-келген әрекет технология болады, не болмаса 
ӛнер болады деп атап ӛтеді. Ӛнер интуицияаға негізделсе, ал технологияғылымға негізделеді. Технология 
деген сӛздің ӛзі грек тілінен туындап, «tache» - ӛнер, шеберлік, «logos» - ғылым,заң дегенді білдіреді. 
Сонымен біз «инновация», «білім беру», «технология» ұғымдарының мәнін ашып кӛрсете отырып, ӛз 
тұрғымыздан осы үш ұғымның бірлігінде «инновациялық білім беру технологияларына білім, білік, дағды 
жүйесін жеке тұлғаның меңгеруін және оны ӛмірде тиімді етіп қолдана білуін қамтамасыз ететін арнайы 
жобаланған, әзірленген жаңа енгізілімдерді оқу үрдісінде іске асыру біліктерінің жүйелі жиынтығы» деген 
анықтама бердік. Сондай-ақ «инновация» ұғымын анықтайтын нақтылы анықтама әлі де толық 
жасалмағандықтан, біз ӛз зерттеу жұмысымызда Ш. Таубаева және Қ. Құдайбергенова берген 
анықтамаға сүйенгенді жӛн кӛрдік, яғни «инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа ойға алынған жаңа 
нәтиже. Нақты мақсат дегеніміз не? Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің кӛмегімен жетуге болады? 
Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог ӛз 
еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет 
бұрудың кілті. 
Инновациялық үдерістің негізі – жаңалықтарды қалптастыру, қолданылу, жүзеге асырудың
тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір 
тәрбиеші үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық болса басқа тәрбиеші үшін ӛтілген материал тәрізді. 
Инновациялық мәселелермен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған 
анықтамаларынқарастырып, талдай келе бізбұл ұғымның түп-тӛркінін белгілі уақыт арасында жаңашыл 
идеяны қайта қарау, жаңалау деп айтқанды жӛн кӛрдік. Сәл ертерек кездің ӛзінде белгілі қолданылып 
жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның ӛзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала 
отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «ӛзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық 
үдерісіті «жаңа әідістеме құралы» деп ұғатын боламыз. 
Кез-келген технология адамның психикалық дамуын анықтайтын деректер, алғашқы себептер 
туралы түсініктерден пайда болады. Дамудың жетекші факторына байланысты технологияларды 
тӛменднгінше бӛлуге болады. 
-
психиканың дамуы биологиялық тұқым қуалау арқылы анықталады деп қарастыратын – биогендік 
технологиялар; 
-
жеке тұлғаның қалыптасуы адамның әлеуметтік тәжірибесіне, оқып үйрену нәтижесіне 
байланысты деп қарастыратын – социогендік технологиялар; 
-
даму нәтижесі адамның ӛзіне, тәжірибесіне, ӛзін-ӛзі психологиялық жағынан жетілдіруіне 
байланысты анықталады дегенді жақтайтын - психогендік технологиялар; 
-
жеке тұлға және оның қасиеттерін материя емес деп ұғындыратын - идеалистік технология; 
Жаңа технологияны оқып үйренудегі әрекет түрлерінің психологиялық аспектілері: 
-
Заттық (материалданған әрекет) 


129 
-
Дауыстап сӛйлеу 
-
Іштей сӛйлеу 
-
Үйреншікті әрекет кезеңі
Инновация білім деңгейінің кӛтерлуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңдегі ғалымдар ӛз 
зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Н. Апатова, М. 
Поташкин, В.Я. Ляудис т.б. ғалымдар тәрбиешінің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше кӛңіл бӛлді. 
Авторлардың кӛбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, 
жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы – мектепке дейінгі мекеме жұмысын дамытудың аймағын 
қарастыру керек. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын кӛре білу, түсіне білу және оның басқа 
әдістемелермен қандай байланыста екенін білу керек. Сонымен, тәрбиешінің инновациялық әрекетке 
кӛшуі бірден-бір кӛкейкесті мәселе деп есептейміз. Білімнің ағартушылық жүйесінде педагог суъект 
динамикалық үдерісі тәрбиешіден шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап 
етушілікте, тәрбиешінің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектепке дейінгі мекеме, қоғам қажет ететін 
шығармашыл, жаңашыл - тәрбиеші педагог арасында қарама-қайшылық туындайды. Қазіргі кездегі 
педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады. Мемлекеттік білім 
стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді 
міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын білгір 
мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет