Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет76/164
Дата30.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#160527
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   164
Пайдаланған әдебиеттер: 
1.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. //Егемен 
Қазақстан 2011 ж.
 
2.«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы. Астана.- 2010 ж.
 
3.К.Метербаева Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сӛйлеу тілін дамыту. Алматы.-2011 
Аннотация.
В данной статье воспитанники детского садика знают базовые данные своего родного языка, 
сформировалась легкое разговорное речь русского и английского языка. 
Annotation.
This article kindergarten students know the basic details of your native language, formed a slight 
Speaking Russian and English. 
 
К32 
373(574) 
ДАМЫТУ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУ 
Керімбаева Р.Қ., Қҧрманалиева Б. 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ. 
 
Баланы мектепалды дайындау үздіксіз білім беру жүйесіндегі педагогика ғылымдарымен 
практикасының ең басты ӛзекті мәселелерінің бірі болып саналады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында барлық саланың жаңаруы туралы мәселелер, оның ішінде 
білім беру саласы барысындағы жағдайлар атап кӛрсетілген. 
Мектепалды дайындық, баланың оқу мәселесінің жақсы жағдайда болуына байланысты. Бүгінгі 
мектеп жасына дейінгі балалардан Қазақстанның келешегі байқалады. Жаңа ұлттық білім үлгісі, мектепке 
дейінгі жастағы баланың, жеке басын тәрбиелеуде, тәрбиенің мазмұны, ізгілендіру, жекелендіру және 
жаңа педагогикалық дамудың әлеуметтік бағытының түбегейлі ӛзгеруін талап етеді. 
Баланың жеке басының рухани – бай мүмкіндіктерін, отандық және дүниежүзілік мәдениет арқылы, 
қазақ халқының дәстүрімен, оның қол ӛнерімен және әдеп – ғұрыптарымен таныстыруда баланың еліне, 
Отанына деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Мектепке оқуға дайындауда бала бойындағы негізгі 
психологиялық ӛріс еркіндік, батылдық, адамгершілік, ақыл–ой, кедергісіз жеңіл түрде мектепке дейінгі 
мекемеден мектепке ӛтеді. 
Ертеден қарым – қатынас құралы міндетін атқарып келе жатқан тіліміздің даму, қалыптасу 
заңдылықтарын, ерекшеліктерін бүгінгі ұрпаққа меңгертіп отыру – оларды жеке тұлға ретінде 
қалыптастыруда шешуші орын алатыны сӛзсіз. Ойлау, сӛйлеу әрқашан да бір – бірімен тығыз байланысты, 
яғни біртұтас психологиялық үрдіс, сондықтан балаға айналадағы ӛмір тіршілігін танытып, бағдарлай
қабылдай білуге үйрету арқылы ғана баланың сӛздік қорын молайтуға болады. Үйренген заттық 
ұғымдарының қалай аталатынын есту, тыңдау, ұғыну, түсіну арқылы сӛздік қоры дамиды. Сонымен қатар 
педагогтың балалармен ӛткізілетін арнайы дамыту ойындары арқылы, олар сұрақтарды мұқият тыңдап, 
түсіну, жауап беруге сӛйлеуге үйретеді.
Баланың мектепалды дайындығының ең маңыздысы болып есептелетін мәселе оның сӛйлеу, ұсақ 
моторикасының жеңіл қозғалуын, кӛруін үйлестіріп, сондай-ақ талдау, салыстыру, жіктеу, қорыту т.б. 
оқыту барысында ұйымдастырудың үлкен мәні бар. 
Дамыту ойындары арқылы баланы сұраққа жауап бере білуге, ойлауға қызықты мәліметтерді білуге 
ынталы, қызығушылығын, ӛзін таным білуін, құрбыларымен, үлкендермен ойын бӛлісе білуін дамыту 
қажет.


121 
Бала ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім кӛлемін ғана емес, танымдық іс – әрекет амалдары 
мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің 
дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің мәні зор. Бұлардың бәрі 
қоршаған орта және ӛзі туралы білімді меңгеруі, мінез – құлық нормаларын игеруі білім, білік, 
дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілеттерімен тығыз байланысты. Сӛз бен сӛйлеу 
әрекеті ойлау құралы болып табылады. Ӛйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғымы қалыптасады. 
Бес жасында бала кӛрнекі – әрекеттік ойлаудан кӛрнекі – бейнелі ойлауға ауысады. Алты жасқа 
қарай ауызша – логикалық ойлауға үйренуі керек. Баланың кӛрнекі – әрекеттік ойлауы заттармен нақты 
әрекеті арқылы жүзеге асады. Ол түрлі заттарды пайдалану, қоршаған ортамен, адамдармен қарым – 
қатынас жасау барысында білім және тәжірибе жинақтайды. Кӛрнекі – бейнелі ойлау мен оған ықпал 
ететін кӛрнекі – схемалық ойлаудың мәні одан туындаған жағдайларды шешу үшін бала заттардың ӛзіне 
емес, олардың бейнесіне сүйенуі арқылы бейнелейді. 
Дамыту ойынында балалар құбылыстар мен заттардың тек жеке қасиеттерін ғана емес неғұрлым 
маңызды байланыстарды, олардың арасындағы қатынастарды анықтап, схема бойынша жұмыс жасай 
біледі, заттарды әр түрлі кеңістікте елестете алады, оларды ойша орындарынан ауыстыра алады. 
5-6 жасында бала логикалық ұғымдық ойлауды ауызша пайдаланады. Қоршаған орта, ондағы 
адамдар мен орны туралы түсінігі неғұрлым кеңейе түседі. Дамыту ойындардағы тапсырмалар мазмұны 
қоршаған орта, қоғамдық ӛмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы байланыстар мен қатынастар, 
адамның әлемдегі орны, табиғат пен оның құбылыстары, ӛсімдіктер мен жануарлар туралы білімдерін 
қамтиды. Оларды орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін айқындауды
кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп – салдарды, кеңістік, кӛлем, ӛлшем 
туралы түсініктерді игереді.
Дамыту ойындарын ойнай отырып, сӛздерді еркін қолдануды ӛз пікірін айтуды, оны негіздеуді
қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды 
үйренеді. Сӛздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет