Жігітпен қалай танысамыз?


НЕГЕ СІЗ ПРИНЦИПТЕРІҢІЗГЕ ҚАРСЫ



Pdf көрінісі
бет28/57
Дата30.11.2022
өлшемі2,07 Mb.
#160609
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Байланысты:
2 5395557003516974070 220110 182834

НЕГЕ СІЗ
ПРИНЦИПТЕРІҢІЗГЕ ҚАРСЫ
ШЫҚПАУ КЕРЕКСІЗ?


Ал бұл сіз үшін принцип болмайды. Бұл біреу істе дегеннен
кейін ғана істейін деп жатқан нәрсеңіз. Күйеуіңіз сізге дөрекі
сөйлеген кезде, сіз де қарсы шығып, шекараңыз жайлы айтып
басқа нәрсе қозғап кетесіз. Бұл сіз үшін принцип бола
алмайды. Тек бір парақшадан оқып алған нәрсе. Менің істеп
жүргенім дұрыс емес нәрсе екен ғой деп ойлайсыз, бұл тек
посттың мағынасы ұмытылып кеткенше ғана сақталатын
болады, 1-2 аптадан соң қайтадан барлығы қайталанатын
болады.
Сондықтан қазірден бастап менің принциптерім қандай деп
өзіңізге сұрақ қойыңыз. Мысалы, сізде қазір "менде арақ
ішпейтін күйеу болуы керек" деген принцип. Сіз жігітіңізбен
жүріп жүрген кезде ол бәлкім ішпейді, темекі шекпейді. Ол
сіздің принципіңіз сондай екенін біледі. Жігітпен жүріп
жүрген кезде принциптеріңізді айтуды ұмытпаңыз. Қарым-
қатынас басталмай тұрып, оған барлығын айтуыңыз керек.
-Жаным, сен ішесің ба, ішіп көрдің ба, ішкің келеді ма?
Сондай сұрақтар қоясыз. Ол сізге: -жоқ, мен мүлдем
ішпеймін,- деп айтады. Бір жылдан кейін ол арақ ішіп бастайды
немесе сіз оның арақ ішетінін біліп қоясыз. Ол сізді алдап
жүрді немесе қазір алдағысы келіп жатыр. Сіз принципіңіз
бойынша оған айтасыз: 
-Жаным, білесің бе, мен саған айтқанмын, мен мұндай адамды
қабылдай алмаймын, мен намаз оқимын, менің отбасым оқиды,
ал менің күйеуім сондай болатын болса менде береке
болмайды, түсініп тұрсыз ғой?- деп айтасыз. 
Бірақ ол сіз үшін алкогольды тастамаса немесе осыған
байланысты мәселелер туындаса, сіз еркек үшін өз
принципіңізді сындырмау керексіз. Егер қазір сіз
принциптеріңізді сындырсаңыз, өмір бойы принциптеріңізді
сындырып жүретін боласыз. Сіз өзіңізді сындырып жүретін
боласыз. Қазір "жарайды, енді тек мерекелерде ғана ішеді ғой"
деп оны кешіріп, көзіңізді жұма қарасаңыз онда сіз
принципіңізді сындырдыңыз. 
Некеге дейін... 
83


Сосын жігітіңіз "мына қыз ішетін адаммен ешқашан
жүрмеймін деп айтып еді, өзі менімен жүріп жүр, демек басқа
да принциптерін мен үшін сындыра салады",- деп ойлайды.
Үйленгеннен кейін сіз жұмыс істеп жүрсеңіз, ол сізге айтады: 
-Жаным, жұмысыңды таста, мен сені қамтамасыз етемін,
жұмыстан шық.
Сіз жұмыста қалуды қаласаңыз да, өз-өзіңізді сындырасыз.
Отбасы болу өте қиын. Тойға дейін бұл жайлы сөйлеспесеңіз,
принциптеріңізді сындыру керек боласыз. Сондықтан бұл өте
маңызды.
Ешқашан да күйеу маникюр, педикюр, марафон, курстарға
апта сайын ақша беріп тұрмайды. Не үшін? Себебі, ол орташа
деңгейде айлық алатын, орташа жағдайда өмір сүреді. 200 мың
теңге айлық алса, оның жартысы коммуналдық төлемге,
пәтерақыға, енеңізге, балаларға кетеді. Ол ойлана бастайды:
"мен қазір оған шашын қию мен тырнағын бояуға 10 мың теңге
беретін болсам, ол келесі айда тағы да сұрайды, қазір мен оған
жоқ деп айтамын" дейді. Сосын сіз өзіңізді сындырасыз,
сындырдыңыз және әр ай сайын сындырып отыратын боласыз.
Сіз сұрайсыз, ол бермейді. Әр ай сайын сіз "бекер жұмыстан
шығып кеттім, бекер өз принципімді сындырдым" деп
ойлайтын боласыз.
Ал сіздің күйеуіңіз сізді басқа жерден де сындыра бастайды.
Ол енді ұзын ки, қысқа киме, орамал тақ, өзіңнің
туысқандарыңа барма, анаңмен күнде телефонмен сөйлеспе,
құрбыларыңмен кездеспе т.б жағдайлар бойынша сізге рұқсат
бермей, сізді сындырады. Сондықтан өзіңіз үшін не нәрсе
дұрыс, не нәрсе дұрыс емес екенін шешіп алыңыз. Ешқашан
сол принциптеріңізді өзгертпеңіз.
Некеге дейін... 
84


Ер адамды баурап алу үшін, оны өзіңе байлап қоятындай
қандай тілде сөйлесу керек? 
Оның өз техникалары бар. Жігіт - аңшы. Ол қыз балаға өзі
жеткісі келеді. Қызды өз өмірінде жүлделі жеңіс ретінде
көреді. Жеңісті алу үшін көп қиындықтардан өтеді. 
Ол қиындықтар: •Сіздің бос уақытыңызды күту
•Сіздің қашан кездесе алатыныңызды күту
•Сіздің иә деген жауабыңызды алу
•Сіздің сеніміңізге кіріп, бауыр басу
Міне, осының барлығы сізге жету үшін жасалынатын амалдар.
Ол тойға дейін де, тойдан кейін де сіз үшін тырысатын болады.
Жігітіңіз өмір бойы сізден көңілі суып кетпей, үнемі
қызығып жүруі үшін не істеу керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет