Дипломдық жобаларды дайындау, рәсімдеу және қорғау 3 беттің беті мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата30.11.2022
өлшемі1,22 Mb.
#160649
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
26.09.2022-dilpom-erezhe-zgergen-kopija

5 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
5.1 Дипломдық жобаларды орындау және қорғау кезінде бітірушілер мыналарды 
көрсетуі керек: 
-
білім деңгейі (жалпы эрудиция, жалпы кәсіптік білім, мамандығы бойынша және 
арнайы білім); 
-
кәсіби құзыреттілік (мамандық бойынша қолданбалы мәселелерді өз бетінше шешу 
үшін алған білімдерін қолдана білу); 
-
топта жұмыс істеу және жобалық топ ішінде де, одан тыс жерде де ортақ тіл табу 
мүмкіндігі; 
-
өз ойын дәйекті және негізді жеткізе білу, өз идеялары мен ұсыныстарын баяндау 
және қорғау. 
5.2 Жобалық топтар құрамында 3-тен 5 білімгерге дейін (ең кемі 2 білімгер) 
болады, жоба ғылыми жетекшілердің басшылығымен орындалады және жобаның 
паспорты болуы тиіс (700 белгіден артық емес).
5.3 Диплом жобасының паспортында келесі мәліметтер келтіріледі: 
-
жоба тақырыбының атауы; 
-
жобаның мақсаты мен міндеттері; 
-
жобаның сипаттамасы; 
-
түйінді сөздер; 
-
жобаны орындау мерзімі
-
жобаның ғылыми жетекші(лері)сі туралы мәліметтер; 
-
жобаны орындаушылар туралы мәліметтер. 
5.4
 
Дипломдық жобада келтірілген барлық деректердің дәлдігі мен объективтілігі 
үшін дипломдық жобаның авторы ретінде жобалық топ жауап береді.
Жобаның толықтығы мен сапасы, сондай-ақ қабылданған шешімдер үшін 
білімгерлермен қатар жобалардың ғылыми жетекшілері де жауап береді. 


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
УЕ-ХҚТУ-048 -2021 
 
Сапа менеджментінің жүйесі 
Университет ережесі 
Дипломдық жобаларды дайындау, рәсімдеу және қорғау 
 13 беттің 5 - беті
 
5.5
 
Дипломдық жобаны дайындау барысында басқа адамдардың ойларын дұрыс 
қабылдамауға, плагиатқа, жинақтауға, басқа сөздермен толықтыруға қатаң тыйым 
салынады. Барлық жобалар алдымен плагиатты анықтау және алдын алу жөніндегі 
бекітілген ережелерге сәйкес плагиатты тексеру процедурасынан өтуі керек. 
5.6 Тақырыптарға және серіктестерге (тапсырыс берушілерге) байланысты 
жобалар пәнаралық (2 немесе одан да көп ББ қамтитын) немесе бір білім беру 
бағдарламасына бағытталған болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет