Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет223/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

 
ТАРАУ 4 ЖҰМСАҚ ДӘРІЛІК ТҮРЛЕР
 
4.1 Жағар (жақпа) майлар. Unguenta
 
Жағар (жақпа)
 
майлар - өзінің маңыздылығын қазіргі замандағы медицинада 
да жоғалтпаған ежелгі дәрілік түрлердің біріне жатады. 
Жағар майлардың негізгі тобы - дерматологияда ауруды және зақымдалған 
теріні емдейтін, сонымен бірге отоларингологияда, проктологияда қолданылатын 
емдік жағар майлар. Жағар майлар теріні сыртқы жағымсыз (органикалық 
тітіркендіргіштердің, 
қышқылдардың, 
сілтілердің 
және 
басқа 
тітіркендіргіштертердің) 
әсерлерінен 
қорғайтын 
құрал 
ретінде 
және 
косметикалық мақсатпен (пигменттік дақтарды кетіруге, терінің қоректендіруін 
жақсартуға) қолданылады. Кейінгі кездерде жағар майларды бөлек ішкі 
органдарды және толық ағзаны емдеу, профилактика және диагностика мақсаты 
(ЖМҚ) мен қолдану көзделіп отыр. 
Жағар (жақпа)
 
майлардың емдік әсері негізінен олардың құрамына кіретін 
дәрілік заттармен анықталады. Қазіргі кезде жағар май түрінде барлық 
фармакологиялық (антисептиктер, жергілікті антибиотиктер, гормондар, 
витаминдер, грибке қарсы құралдар, антибиотиктер және т.б.) топтарға кіретін 
дәрілік заттар босатылады. Олар бір-бірінен физика-химиялық қасиеттеріне 
байланысты ерекшелінеді. 
Жағар (жақпа)
 
майлар - сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер, олар терінің 
бетінде немесе кілегей қабатта тегіс, жылжымайтын қабат түзуге қабілетті 
тұтқырлығы жоғары болғандықтан түрін сақтайды, ал жоғары температурада оны 
жоғалтып, қою сұйықтыққа айналады. Жағар (жақпа)
 
майлар официналдық 
дәрілік түрлер, ҚР МФ І басылымына жалпы топтық «Жергілікті қолданылытын 
жұмсақ дәрі-дәрмектер» мақаласы енгізілген. Фармакопея анықтамасы бойынша, 
жағар майлар - теріге, жараға, кілегей қабатқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік 
түрлер. Жалпы мақаладан басқа КСРО МФ ІХ, Х басылымдарына - кейбір жағар 
майларға жеке мақалалар енгізілген. Физико-химиялық, агрегаттық күйіне 


292 
байланысты жағар майлар сұйық және қатты дәрілік түрлер аралығынан орын 
алады. Дисперсологиялық жіктелу бойынша жағар майлар еркін, тұтқыр-
пластикалық дисперсті ортасы бар жүйеге жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет